Сабақ тақырыбы Жиындар тақырыбында мәтіндік есептерді шығару



Дата07.01.2022
өлшемі457 Kb.
#19300
түріСабақ




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.3С бөлім: Жиындар

Мектеп: 200


Күні: 15.03.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Қуанышбаев Қ


Сынып: 5


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Жиындар тақырыбында мәтіндік есептерді шығару







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.7 Эйлера-Венн диаграммасын пайдаланып есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

Эйлер-Венн диаграммасын жиындар мен жиындар элементтер санын сипаттауда қолданады

Бағалау критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетті, егер:

  • Эйлер-Венн диаграммасының көмегімен мәтіндік есептерді сипаттайды

  • жиындардың қиылысуын бейнелейтін Эйлер-Венн диаграммасының әр түрлі бөліктерін арнайы белгілеулер көмегімен ғана бейнелейді

  • Жиындардың қиылысуы мен бірігуіне байланысты есептер шығарады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар тілдік мақсатты жүзеге асырады:

Эйлера-Венн диаграммасын қолданып, есептің шығару жолын талдауда;

- жиындар арасындағы қатынастарды сипаттауда;

- , , , , , ,  белгілеулерін қолдануын түсіндіру кезінде.



Пәнге қатысты лексика мен терминология

- жиын, ішкі жиын;

- жиынның элементі;

- тиісті, тиісті емес;

- бос жиын;

- жиындардың қиылысуы, бірігуі;

- Эйлер-Венн дөңгелектері;

- oртақ элемент;

- тең жиындар;

- шектеулі жиындар;

- шектеусіз жиындар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а элементі А жиынына тиісті

(а А);

- а элементі А жиынына тиісті емес (аА);

- А және В жиындарының қиылысуы деп (АВ) …;

- А және В жиындарының бірігуі деп

 В)…;

- ... А және В жиындарының ортақ элементі болып табылады;

- В жиыны А жиынының ішікі жиыны болады (А);



- А жиыны … элементтерінен тұрады.


Құндылықтарды дарыту

Сабақта меңгерілген білімді жеке жұмыс орындау кезінде математикалық тілді дұрыс әрі нақты қолдана алу, бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу, топтық жұмыс кезінде – бірлікке, есепті құрастыруда білімдерін пайдаланып, бір-бірімен сұхбат құру кезінде шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиетпен, жаратылыстану, өнермен, спортпен байланысты қолданбалы есептер таңдалып алынған

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім


Жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын. Жиындармен жұмыс істеуде символдары, Эйлер-Венн диаграммасы.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Ұйымдастыру.

а)Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Оқу, жазу, сызу құралдарын тексеру.

ә) Оқушыларға ұсынылған сұрақтарға жауап беру ұсынылады.

Мұғалім оқушыларға өзін-өзі бағалау парақшасын таратады, оқушылар сабақ барысында кестені толтырады.

Оқушылар сабақ тақырыбын жазады және мұғаліммен бірге табыс критерийлерін анықтайды .


Презентация

Слайд 1, 2 Алгебра 8 кл

Под редакцией Н.Я.Виленкина

Москва Просвещение

Стр 88

Слайд 3,4




Сабақтың ортасы

7 минут


7 минут

10 минут


10 минут

5 минут




Мұғалім:

Леонард Эйлер есептерді шығару барысында жиындарды бейнелеуде дөңгелектерді қолданған, сол себепті оларды Эйлер дөңгелегі деп атайды. Эйлер алғаш рет бұл әдіс туралы неміс ханшайымына жазған хатында «Біздің ойлануымызды жеңілдету үшін, дөңгелектерді пайдалану өте қолайлы» деп атап көрсеткен. Ал енді дөңгелектер біздің ойлануымызды қалай жеңілдететінін қарастырайық

Видео қарау.

Мұғалім оқушылар арасында сауалнама жүргізеді: Сіздерге қандай түс ұнайды?

А) ақ б) қара в) ақ және қара

Жүргізілген сауалнама бойынша Эйлер дөңгелектерін салады.


Оқушылармен жүргізілген сауалнама бойынша сұхбат жүргізіледі. Мысалы, сыныпта 25 оқушы бар. Олардың ішінде 12-і ақ түсті, ал 9-ы ақ пен қараны, қалғандары қараны таңдады. Венн диагрммасының көмегімен жиындармен орындалатын амалдарды бейнелеуге болады.



-сурет

Топтық жұмыс.

Оқушылар 1 сурет Венн диаграммасын пайдаланып мәтіндік есеп құрастырады. Әр бір топ құрған есептерін сыныпқа ұсынады.



Жұптық жұмыс.

«Әткеншек» (Карусель) әдісі қолданылады. Әрбір жұп

-бір есеп таңдап алып, шығарады,

-тапсырмалармен алмасады

- бірдей тапсырмаларды орындаған жұптар шығару жолын талқылайды, шешімдерін негіздейді.

Жұпқа арналған тапсырмалар:



Тапсырма 1. Үй жануарлары. Менің барлық құрбыларымның үй жануарлары бар. Олардың алтауы мысық, ал бесеуі итті жақсы көреді және асырайды. Тек екі досымда мысық та, ит те бар. Менің неше құрбым бар екендігін тап?

Тапсырма 2. Кітапханалар. Сыныпта 30 оқушы бар.Олардың барлығы аудандық және мектептік кітапханалардың оқырмандары. 20 бала мектеп, ал 15-і аудандық кітапханадан кітап алады. Неше бала мектептік кітапхананың оқырманы болып табылмайды?

Тапсырма 3. Сүйікті мультфильмдер. 5-сынып оқушылары арасында сүйікті мультфильмдерге байланысты сауалнама жүргізілді. Ең танымал болып шыққан 3 мультфильм: " Аққұбақыз және жеті ергежейлі ", "Винни Пух" және "Микки Маус". Сыныпта 28 оқушы бар. " Аққұбақыз және жеті ергежейлі " мультфильмін 16 оқушы, олардың ішінде 3-уі "Микки Маус-ты" да атады,алтауы - "Винни Пух", ал біреуі болса 3 мультфильмді де жазды. "Микки Маус" Мультфильмін 9 бала атады, ішінде 5-еуі 2 мультфильм тандаған. Неше адам "Винни Пух" мультфильмін таңдаған?

Тапсырма 4. Хобби. 5 сыныптың 24 оқушысының ішінде 10 бала музыка мектебіне , 8 бала өнер мектебіне, 12 бала спорт мектебіне, музыка және өнер мектебіне-3, өнер және спорт мектебіне-2, музыка және спорт мектебіне - 2, барлық 3 мектепке 1 ғана бала барады. Қанша бала тек 1 мектепке ғана барады? Ешқайда бармайтын бала саны неше?

Тапсырма 5. Жұмбақтар туралы. Сөреде 26 математикалық әртүрлі ойын-жұмбақтар тұрған. Олардың 4-еуін Гриша мен Саша ойнады. Игорь Гришаға да, Сашаға да қатысты емес 7 ойынды және Гриша ойнаған 2 ойынды ойнап көруге тырысты. Гриша барлығы 11 математикалық ойын-жұмбақтарды ойнады. Саша неше ойын ойнады?

Тапсырма 6. Спорт сыныбы. Сыныпта 35 бала бар. Олардың 24-і футбол, 18-і волейбол, 12-сі баскетбол ойнайды. 10 оқушы бір уақытта футбол мен волейбол, 8 - футбол мен баскетбол, ал 5 - волейбол мен баскетбол ойнайды. Неше оқушы футболды да, волейболды да, баскетболды да ойнайды?

Тапсырма 7. Баршаға арналған спорт. Сыныпта 38 оқушы бар. Олардың 16-сы баскетбол, 17-сі хоккей, 18-і футбол ойнайды. 4 бала- баскетбол мен хоккейді, баскетбол мен футболды - 3, футбол мен хоккейді – 5 бала бір уақытта қатар ойнайды. 3 бала ешқандай спорт түрімен шұғылданбайды. Неше бала бір уақытта 3 спорт түрімен де айналысады? Неше бала тек бір спорт түрімен ғана шұғылданады?

Жеке жұмыс

Оқушыларға өздігінен орындау үшін үш деңгейлі тапсырмалар беріледі «Венн диаграммалары: Жаһандық мекен ету орталары».



Оқушылар өзін –өзі бағалау парақшасы бойынша қорытынды жасайды.

Және сұрақтарға жауап береді:



  1. сабақ барысында қандай есептер шығардық?

  2. Қолданылған әдіс қандай?

  3. Есепті шығаруды неден бастаған дұрыс?

  4. Қандай есептер шығару барысында қиындықтар туындады? Неге?

Кері байланыс

Жеке жұмысты тексеру арқылы оқушыларға кері байланыс беру және бағалау. Бағалау қалыптастырушы бағалаудағы жетістік критреийі бойынша бағаланады. Кері байланыс жеке оқушыларға ауызша не жазбаша түрде беріледі.



Оқушы дауысы ( бүгінгі сабақты қаншалықты өзіне сенімді түрде түсінгенін әр оқушы тақтадағы сөйлемдердің бірін аяқтау керек)

Бұл тарауда маған ең қызықты болғаны….

· Бұл тарауда ең қиын болғаны…

· Мен мына жәйттарға баса назар аударуды ұсынамын....

· Тақырыпты түсіну үшін ең пайдалы болған іс-әрекет…...

· Мен ұққан нәрселердің ең маңыздысы ол…………

· Мені таң қалдырған жәйт ол……….


http://moodle.tomedu.ru/mod/book/view.php?id=1749
https://twig-bilim.kz/film/venn-diagrams-global-habitats-6931/

слайд 5


Слайд 6

http://www.reshim.su/blog/krugi_ehjlera/2016-07-04-681



https://www.youtube.com/watch?v=YQzfRj9wiWM

қосымша 1



http://festival.1september.ru/articles/635933/

қосымша 2


қосымша 3
Слайд 7


Сабақтың соңы

2 минут


Үйге тапсырма.

№1 Кірпіштің салмағы 1 кг және тағы өзінің салмағының жартысы. Кірпіштің салмағы қандай?


Шығарылуы:


Х – кірпіштің салмағы. Сонда:
Х = 0,5Х + 1
Х = 1/0,5

жауабы: 2 кг.


Оқулықтан № 10-13, бет 75


Приложение 4

Математика 5 кл Мектеп, 2017 год

https://rnpc.almatykitap.kz/?id=154&#




Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Суретке қарап мәтін құрастыруда сөздердің математикалық тілде дұрыс құрастырылуы, суретті толық сипаттай алуына ерекше мән беріледі. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын.

Оқушыларды бағалау сабақта үзіліссіз жүріп отырады. Топтық және жұптық жұмыстарының орындау деңгейіне қарай жетістік критерийін негізге ала отырып бағалаймын.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет