Сабақ тақырыбы: Үлкенге құрмет, кішіге ізет Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту



бет1/3
Дата25.11.2023
өлшемі19,48 Kb.
#127269
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
үлкенге құрмет Абилдаева А


Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі
Мұғалім: Абилдаева Айымкул


2 сынып
Сабақ тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет
Мақсаты:
«Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Видеоролик,слайд,стикерлер, үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.
Балалардың амандасуы.


Мұғалім: Халқымызда «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деген мақал бар. Бұның өзі өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа тәрбиелеу. Адам бойында жақсы –жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді. 
Мәселен: жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау- жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын. Сені өмірге әкелген, мәпелеген, өсірген сенің анаң мен әкең. Ең алдымен соларды сыйла. 
Әке – асқар тау, 
Ана – аққан бұлақ, 
Бала – бауырындағы құрақ. 
Мен де сендердің әдепті де, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқоршы аға, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болады деп сенім білдіремін!
Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйреніп, 
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан.
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Суретпен жұмыс:
Суретте не көріп тұрмыз?
Видеоролик көрсету.Не түсіндіңдер?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет