Сабақ тақырыбы: Қорқыт «Қорқыт ата кітабы»



бет1/3
Дата27.11.2022
өлшемі216,92 Kb.
#53046
түріСабақ
  1   2   3

Бөлім: Дананың сөзі – ақылдың көзі

МЕКТЕП:

Күні:

Мұғалімнің аты:

СЫНЫП: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы: Қорқыт «Қорқыт ата кітабы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:
«Қорқыт ата кітабы» шығармасының сюжетімен танысу;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
«Қорқыт ата кітабы» шығармасының сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;

Кейбір оқушылар орындай алады:
Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау;

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен фразалар:
Ақын, жырау, абыз, қобыз, аңыз
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
сюжет, жанр, эпилог, пролог
Сыныптағы диалог/жазу үшін сай келетін пайдалы лексика/терминология
Менің байқағаным,...
Менің ойымша,...
Мен ойлаймын...

Алдыңғы оқу

Аңыз әңгімелер

Пәнаралық байланыс

тіл, тарих, өнер

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы


30 мин.



І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуы тексеріледі.
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу.
І.Қызығушылықты ояту.
«Тұлғаны таны» әдісі

Ой шақыру.
- Оқушылар мына суреттегі кім деп ойлайсыңдар?
- Қорқыт ата кім?
- Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыраулық өнердің атасы.
- Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, күй тартқан адам.
Қорқыт туралы аңыздар
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.
ІІІ. Мағынаны тану. Тапсырма: «Әдеби шеңбер»
1-оқушы-талқылаушы
1. «Қорқыт ата кітабы» жырына қатысты 3-4 сұрақ құрастырады.
2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады.
2-оқушы-белгілеуші
1. «Қорқыт ата кітабындағы» сюжеттік желіні, пролог, эпилогты анықтайды.
2.Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және оларды талқылайды.
3-оқушы-байланыстырушы
1. «Қорқыт ата кітабындағы» автор көтерген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады. Бұған өзінің жеке өмірінен, басқалардың өмірінен, күнделікті жаңалықтардан, теледидар бағдарламаларынан дәлелдер келтіруіне болады.
2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды.
4-оқушы-қорытындылаушы
1«Қорқыт ата кітабы» жырларының тақырыбын, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды.
2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады.
5-оқушы-суреттеуші
1. «Қорқыт ата кітабы» бойынша нақты оқиғаларға қатысты сурет салады.
2.Салған суретіне сараптама жасай ала ма, мағынасын түсіндіре ала ма, ойланады.
(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)
Топтық бағалау.
Дескриптор:

  • рөлдік тапсырмаға қатысады;

  • Автор көзқарасына қатысты маңызды бөліктерді белгілейді;

  • шығарма сюжетін анықтайды;

  • жыр бөлімдерін талдайды;

  • Өмірмен байланыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет