Сабақ тақырыбы: «Сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын қалай құруға болады?»



бет1/5
Дата12.05.2023
өлшемі24,62 Kb.
#92217
түріСабақ
  1   2   3   4   5

«Сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын қалай құруға болады?» тақырыбына қысқа мерзімді коучинг жоспары

Сабақ тақырыбы:

«Сыныпта оқуды үйрететін білім ортасын қалай құруға болады?»

Жалпы мақсат:

Сын тұрғысынан ойлауын дамыту ,проблемаларды анықтау және оларды шешудің шынайы құралдарын айқындау. Ынтымақтас орта құру.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-45

  2. L2W1D1_S1

 Оқу нәтижесі

Оқушы пікіріне назар аударады, білім сапасын көтеруде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланады.

Түйінді идеялар:

Күнделікті шынайы өмір тұрғысынан нақты нәрсе туралы бара-бар пікір қалыптастыру

Сабақта қолданылатын материалдар:

 А- 4 парақтары,стикер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
Коучинг
АКТ

1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
5. Рөлдік ойындар

Дерек көздері:

Аудиажазба, әдеби материалдар, газет-журналдар.

Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация, «Автор орындығы»

Оқуға арналған тапсырма:

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету нұсқаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(5 мин) 

« Алақан» тренингін ұйымдастыру.
1.Жасыл түсті алақанды көрсетеді , бір біріне қол беру арқылы , амандасу.
2.Сары түсті көрсеткенде құшақтасып амандасады
3.Көк түсті алақан көрсеткенде мұрындарын түйістіріп амандасады.

Қатысушы әріптестер екі қатар бір -біріне қарама қарсы тұрады, коучтың көрсетуі бойынша тапсырмаларды орындайды.

нәтижесі

Мұғалімдердің бойында еркіндік пайда болып, көңіл-күйлері көтеріледі.

Топқа бөлу (3 мин)

  1. Шағын топқа бөлу.

 Алақандар /сары ,көк ,қызыл/ түстерін таңдату арқылы шағын үш топқа бөлу.

Алақан түстеріне байланысты 3 топқа бөлінеді.

нәтижесі

Топқа бөліну арқылы ынтымақтасқан шағын орта құрылады.

Топ ережесін құрастыру
10 мин
Таныстыру

  1. мин

1.Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.
2.Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.

нәтижесі

Өзара ортақ шешім қабылдап, лидерлер анықталады.

Диалог
(4 минут)

Сұрақтар арқылы диалогке түсу
1.Топтық талқылауды қалай жақсартуға болады?
2.Диалог дегенді қалай түсінесің?
3.Диалогтік тәсіл қандай мақсаттарға жетуге бағытталған?
4.Сыныпта болатын әңгіменің қандай түрлерін білесіңдер?

Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогке түсу.

нәтижесі

Өз ойларын ашық айтады, әрбір пікір құнды екеніне көз жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет