Дәріс- психологиялық денсаулықты зерттеудің теориялық МӘселелері



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата16.03.2023
өлшемі434,05 Kb.
#74871
  1   2   3   4   5


ДӘРІС- 8.
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Психологиялық денсаулық өз денсаулығыңыз бен салауатты өмір сүру салтында 
психикалық күйлерге кері әсер ететін теріс эмоционалды басымдылыққа қарсы тұра 
алу қабілетін сақтауды ұйымдастыратын көмек. Психологияда жақсы көңіл-күйдің 
болуы, эмоционалдық тұрғыда адамның ішкі күйлерін реттей алуы психологиялық 
денсаулықты сақтаудың кепілі.
Денсаулық психологиясы - денсаулықтың психологиялық себептері, оны сақтау, 
нығайту және дамыту әдістері мен құралдары туралы ғылым. Денсаулық 
психологиясы адамның денсаулығын туғаннан бастап оның бүкіл өмір сүру үрдісін 
қамтиды.
«Психологиялық денсаулық» терминін И.В.Дубровина енгізген, психологиялық 
денсаулықты психикалық саулықтың психологиялық аспектісі ретінде, яғни 
тұлғаның рухани дамуымен көрінуіне байланысты түсіндіреді.
Қазіргі психологиялық әдебиеттерге талдау жасағанда көптеген зерттеушілер 
денсаулықтың психологиялық аспектілерін осыған ұқсас терминдерді қолдана 
отырып қарастырған: “психикалық денсаулық” (Б.С. Братусь), “психологиялық 
денсаулық” (И.В. Дубровина), “тұлғалық денсаулық” (Л.М. Митина), “рухани 
денсаулық” (Ю.А. Кореляков), “жанның саулығы” (О.И. Даниленко).
Психологиялық денсаулықтың құрылымы: аксиологиялық; инструменталдық; 
қажеттілік-мотивациялық.
Аксиологиялық – адамның өзінің және өзгелердің құндылығын ұғынуы (өзін 
қабылдауы және жынысына, жасына, мәдени ерекшелігіне қарамастан өзгені де 
қабылдай алуы).
Инструменталдық – рефлексияны өзін-өзі тану құралы ретінде өзінің жан 
дүниесін және өзгелермен қатынасын ұғыну қабілеті ретінде игеруі. (өзінің және 
өзгелердің эмоционалдық жағдайын, мінез-құлқының ерекшелігін ұғынуы).
Қажеттілік-мотивациялық – өзіндік дамуды қажетсіну (өзін дамытуға деген 
жауапкершілікті сезіне білу).
Психологиялық денсаулықта адамның сыртқы және қоршаған ортаға қарым-
қатынасында өз көңіл-күйін, эмоцияларын және сезімдерін басқара білу қабілеттері 
мен дағдыларын дамыту саулықтың сақтаудың негізгі мүмкіндігі.
Тұлғаның психологиялық денсаулығы - биологиялық, әлеуметтік, психикалық, 
рухани дамуға негізделеді.
Денсаулық сөзі - ағылшын тілінен аударғанда, сау деген мағынаны білдіреді. 1946 
жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты толық физикалық
әлеуметтік және психикалық әл-ауқаттың күйі ретінде қарастыруды ұсынды.
Психикалық денсаулық мәселесіне көптеген ғалым-философтар (В.Е. Давидович, 
В.М. Розин, И.Н. Смирнов, К.С. Хруцкий, А.Е.Чекалов және т.б.), валеологтар (Р.И. 
Айзман, Г.Л. Апанасенко, И.Н. Гурвич В.П. Казначаев, В.П. Куликов, А.Г. Кураев, 
В.А. Лищук, Т.Н. Маляренко, Л.А. Попова), психологтар (А.А. Ананьев, Б.С. Братусь, 
О.С. Васильева, А.В. Воронина, И.В. Дубровина, И.В. Ежов, Р.Е. Калитеевская, Л.В. 


Куликов, А. Маслоу, Ю.И. Мельник, Г.С. Никифоров, К. Роджерс, В. Франкл) 
зерттеулерінде қарастырылған.
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психиканың саулығы 
дегеніміз - адам ақыл-ойының, физикалық және эмоциялық дамуының толыққанды 
жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады. Адам психикасының саулығын 
білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі 
мәселелердің бірі.
Қазіргі заманда психика саулығын медициналық және психологиялық 
көрсеткіштер қосындысы ретінде, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар 
арқылы анықтайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) психикалық денсаулыққа 
келесідей анықтама береді: 
-біріншіден, бұл айқын психикалық бұзылулардың болмауы;
-екіншіден, соның арқасында адам күшінің белгілі бір резерві ол күтпеген 
күйзелістерді немесе ерекше жағдайларда туындаған қиындықтарды жеңе алады;
- үшіншіден, әлеуметтік ортада тұлға мен басқалар арасындағы тепе-теңдік күйі, 
келісім.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы анықтаған психикалық саулықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет