Сабақты бақылау ежіктеу келесілерді қамту қажет



бет1/2
Дата07.11.2022
өлшемі27,6 Kb.
#48203
түріСабақ
  1   2



Сабақты талдау

Оқушылардың білім мен дағдылардың деңгейі, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі көбінесе оқыту сабақтарын қатысу кезінде бағаланады. Сабақта, фокустағыдай, мұғалімнің ғылыми дайындығы, педагогикалық дағдылары, әдістемелік білімдері, барлық оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті, яғни бір сабақта бүкіл іскерлігі бірлеседі.


Сабақтың нәтижесі, оқушылармен материалды меңгеру деңгейі оның реалды құндылығы болып табылады.
Мұғалім қандайда бір сыртқы тиімді әдістерді қолданбасада, бірақ, егер балалар тақырыпты меңгермесе, сабақты тиімді деп есептеуге болмайды.
Сабақта, балалар белгіленген білімдер көлемін меңгеру, қажетті білім мен дағдыларын шыңдау қажет. Барлық білім үйде кеңейтіледі, тереңдетіледі, бірақ олардың негізі сабақта дағдыландырылады.
Сабақты бақылау ежіктеу келесілерді қамту қажет:
1) Сабақтың ұйымдастырушылық кезеңін. Сабаққа қатысушы, мұғалімнің сабаққа уақытымен келеме жоқ па анықтайды, құралдардың, құрылғылардың, бордың, тақтаның, оқушылардың сабаққа дайындығын, сыныптың санитарлық қалпын, кезекшілікті және жалпы тәртібін тексереді.
2) Сабақтың маныздылығы. Мұғалімнің түсіндіру ғылымилығы және тереңділігі бағаланады, өмірбен байланысы анықталады, түсіндіру қызықты жүргізіле ме, сабақтың материалы тәрбиелік мақсатында, қосымша материал, ғылымның соңғы жетістіктері, көрнекілік құралдар, сызбалар, схемалар, модельдер қолданылама анықталады. Оқушылар жауаптарының маныздылығы, олардың білімдерінің тереңділігі, дербестіктің деңгейі, тіл мәдениеті, бағалар қалай қойылады;
3) Сабақтың тәрбиелік ролі. Мұғалім материалдың маныздылығын тәрбиелік мақсатында қолданама, мұғалімнің талаптар жүйесі қандай.
Балалар еңбекке, дербестік жұмысқа үйренген бе, тәртіп ережелерін ұстанама.
Мұғалім оқушылардың тәртіптеріне, олардың жұмысқа деген қатынасына, өзара жәрдем көрсетуіне, принциптіліктеріне, іскерліктеріне назар аударама;
4) Сабақтың әдістемелік жағы:
а) жетекші сұраудың әдістемесіне, сұрау кезіндегі топтардың белсенділік тәсілдеріне,білімнің тереңділігіне, сұрауға барлығы неше уақыт бөлінетіндігіне назар аударады;
б) түсіндіру барысындағы мұғалім жұмысының әдіс-тәсілдері мұқият зерттеледі: оны зейін қойып тындайма, оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына мұғалім қандай тәсілдерімен жететіндігі, олардың дербестілігімен жеке тұлға қабілеттерін дамыту үшін, оқушылар материалды нақты меңгеру үшін мұғалім не істейді, оқытудың қазіргі әдістерінің қайсысы қолданылады;
в) оқытудың техникалық және көрнекілік құралдары қалай пайдаланылады, қалай тәжрибе және практикалық жұмыстары ұйымдастырылған;
г) білімдерін бекіту амалдары, есептерді шығару, дербестік жұмыстарды орындау;
д) үйге тапсырмаларды беру және үй тапсырмаларын тексеру техникасы;
е) жұмыс дәптерлерін, жазбаларды жүргізу, бұл дәптерлерді тексеру, конспектілерді дайындау машықтарын арттыру; сызбаларды, схемаларды жасау;
5) Мұғалімнің сабақта өзін өзі ұстау ерекшеліктері.
Жетекшіге, мұғалімнің сабақта ұйымдастырушы және дирижер ретінде өз өзін ұстануы, оның мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, киімі, әдеттері, оқушылармен өзара қатынасының ролі аз емес.
Сонымен, сабақты бақылау, ол оқыту жұмысының барлық компоненттерін қамтып, жан-жақты, комплекстік жайы болады. Байқау – бұл бақылаудың бірінші кезені, екінші – сабақтарды жан-жағынан талдау, мұғалім жұмысын жетілдіру бойынша нұсқауларды шығару. 
Сабақты абстракты түрде мәнгілік критейрийлерді қолданып талдауға болмайды. Алдымен әрбір сабақта жұмыстың барлық әдістерін және құралдарын қолдануын іздемеу қажет. Барлық сабақтар, аралас сабақтың барлық «элементтерін» қамтитын- бұл дегеніміз оқу ұрдісін схемалау, яғни оны ықшамдау, болғандай талап қоймау қажет.
Сабақты талдаған кезінде тым болмағанда келесі нақты жағдайларды ескеру қажет:
а) тақырыптың ерекшелігін. Көрнекі құралдарды немесе техникалық құралдарды пайдаланбайтын, тақтаға шығаруды талап етпейтін, кітаппен жұмыс жасауға талап етпейтін сабақтар болу мүмкін;
б) мектеп мүмкіншіліліктерін, техникалық құралдарын, көрнекі құралдарын, кітапханадағы қажетті кітаптарды, мектеп қасындағы участкілерін. Сабақты талдау барысында, келесіге назар аудару қажет, мұғалім барлығын қолдандыма, сонымен қатар нақты талаптарды ұстану қажет;
в) берілген сыныптың құрамын, оқушылардың дамуының және қабілеттерінің деңгейін (көбінесе оқушылардың жауаптары, бақылау жұмыстары негізінде сабақ жөніндегі пікір шығарылады, ал бұл кезде балалардың даму деңгейі, олардың қабілеттері есепке алынбайды);
г) мұғалімнің даралығын, олардың дайындық деңгейі, мінез-қылық ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, алдындағы жұмыстардың нәтижесі.
Талдау түрлері әртүрлі болу мүмкін. Біздің көзқарасымыз бойынша ең тиімді келесі схема:
а) мұғалімнің өзі өз берген сабағы туралы айтады, оның көзқарасы бойынша қайсысы іске не асты, не аспады;
б) содан соң қатысушы сабақтың жақсы жақтарын талдайды;
в) тек содан кейін ғана теріс жақтары талданады;
г) ақырында бұл кемшіліктерден арылу үшін не істеу қажет жөнінде ұсыныстар беріледі;
д) талдау аяқталған соң мұғалім қайрадан өз пікірін айтады, ең сонында талдауға барлық қатысушылар кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет