Клиникалық тексеру әдістері
2.1 тақырып Сұрастыру және науқасты жалпы қарап тексеру. Обьективті тексеру әдістемесі, техникасы және диагностикалық мәні. Қосымша тексеру әдістері Сұрастыру. Сұрастырудың мәні. Науқастарды зерттеу тәсілдері ретінде анамнезді жинаудагы Г.А. Захарьиннің рөлі. Сұрастыру үлгісі, төлқұжат бойынша мәліметтер, науқас шағымдары. Науқастың шағымдары: негізгі және қосымша. Негізгі шағымды жете анықтау. Науқастың өмір тарихы, қысқаша биографиялық мәліметі, отбасылық, еңбек және тұрмыстық анамнезі, зиянды әдеттері, науқастың тамақтануы, сырқаттанған ауруларының түрлері, аллергиялық анамнезі. Тұқым қуалаушылық. Туберкулез және жұқпалы (венерологиялық) аурулармен ауыратын науқастармен қатынаста болуын анықтау.
Жалпы қарап тексеру. Науқастың жалпы жағдайы. Сана-сезімі (анық, ступор, сопор, кома). Науқастың жағдайы (белсенді, сылбыр, мәжбүр қалып). Дене бітімі. Конституция және конституция түрлері туралы ұғым.
Тері және сілемей қабаттары. Бозару. Қызару. Көгеру. Сарғаю. Пигментация және депигментация. Терінің ылғалдануы және құрғақтануы. Тыртықтар, бөртпелер, қанталауы, қасыну. Трофикалық ойықжаралар, жауыржаралар. Терінің серпімділігі.
Тері асты шелмайы. Оның дамуы (нашар, қалыпты, өте жоғары). Май жиналған орындар. Кахексия. Ісіктер, оның орналасуы, таралуы (жалпы және жергілікті).
Лимфа түйіндері. Оларды зерттеу әдістемесі. Көлемін, конституциясын, ауру сезімін, қозғалғыштығын анықтау. Өзара және көрші тіндермен жабысуы.
Бұлшықеттер. Олардың даму деңгейі, қуаттылығы, күші. Бұлшықеттің атрофиясы (жалпы түрде және әр жерде).
Сүйектер: формасы, деформацияларының болуы, ұстағанда, соққылағанда ауырсынуы. Сүйектердің сынуы туралы ұғым.
Буындар. Конфигурациясының өзгеруі. Ісінуі, қозғалған кезде ауырсынуы және сытырлауы. Белсенді және сылбыр қозғалыстардың ауқымы.
Антропометриялық өлшеу. Бойы, салмағы. Өлшеу техникасы. Антропометриялық елшеудің мәні.
Дене жылуы.
Пальпация. Мәні, негізі түрлері (беткей, терең, жылжымалы, бимануалды), жүргізу ережелері және техникасы.
Перкуссия. Зерттеу әдісі түріндегі перкуссияның қысқаша тарихи мәліметі. Бұл әдісті қолданудағы Ауэнбруггердің рөлі. Перкуссияның физикалық негіздері. Салыстырмалы және топографиялық перкуссия, олардың жалпы ережелері.
Аускультация. Зерттеу әдісі түріндегі аускультация бойынша қысқаша мәлімет. Лаэннектің рөлі. Аускультация әдісінің физикалық негіздері. Аускультация ережесі мен техникасы.
Зертханалық зертгеу әдістерінің мәні. Қанды, зәрді, нәжісті, қақырықты, шайынды суды, асқазан құрамын, өтті зерттеудің негізгі әдістері. Зертханалық және аспаптық зертгеуді өткізудегі мейірбикелердің рөлі.
№ 1 практикалық сабақ Науқасты сүрастыру - науқас туралы жалпы мәлімет, шағымы, ауру және өмір анамнезі. Оқытушымен бірге білім алушылар науқас төсегінде науқасты жалпы қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация жүргізу, жағдайын бағалау. Науқасты әртүрлі зертханалық жэне аспаптық зертгеулерге дайындау ерекшеліктері. Зерттеуге материалдар алу техникасы. Зертханаға жолдама ресімдеу және материалдарды жеткізу.