Сабақтың барысы: Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті



Дата01.09.2023
өлшемі161,77 Kb.
#105822
түріСабақ




Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023




Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ» табысты ұлт»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке баулимын;болашақ өмірде адалдықпен пен жауапкершіліктің ара-жігін ажыратуды түсіндіремін;Осы қасиеттерді баланың бойына дарытып,дамытамын.





Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті



Ресурстар




Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас бұрын сіздермен тренинг өткізіп алайық.

Танысу. «Мен туралы» Мысалы:Оқушы есімін айтып, есімінің бас әрпінен басталатын хоббиін, сүйікті тамағын,түсін,ойынын,жақын адамын айтады. 5-7 минут




ІІ. Негізгі кезең
-Дерек. Адалдық пен жауапкершілік туралы.


Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
Видиороликпен жүмыс. https://youtu.be/EuPMpu0yxS8 әр оқушы түсінгенін айтып,қорытынды ой айтады.
Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?


Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.





О
қушылардың пікірлері сұралады

- Оқушылар пікір алмасады


- Әр қатарға 1 жағдаят беремін. Оны өз араларында шешіп,қорытындыны келесі қатарға айтады.Солай әр қатар алмаса отырып жағдаят шешеді.
1жағдаят. Қайрат пен Алмас өте жақын дос. Қайрат Алмасқа қалаға барсаң маған үялы телефон алып келуін өтінді.Алмас жақсы деп қомақты қаражатты алды.Бірақ оның ойында басқа ойлар болды.Яғни,досына әйтеуір ескі ұялы телефон алды да,қалған ақшаны өз қалтасына басты. Сен Алмастың орнында болсаң не істер едің?
2жағдаят. Айман еңбек демалысына шығуға дайындалып жүр. Бірақ соңғы уақытта жұмысына салғырт қарап, дұрыс жасамайды.Бұл жағдайды байқаған бастығы оны еңбек демалысына шығармады. Неге? Себебі қандай деп ойлайсың?
3 жағдаят. Ардақ оқуға түсіп,қазірге таңда жатақхана да тұрып жатыр. Бұрыңғыдай ата-анасы жанында емес. Ол сабаққа бармай,жатақханаға кеш келеді.Сен Ардақтың бойынан қандай қасиет байқадың? Сен оның орнында болсаң не істер едің?







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет