Сабақтың тақырыбы: Факультатив сабақтарды жүргізу жолдары
І. Факультатив сабақтың бір тақырыбы ретінде «Әдебиет әлемі» атты зияткерлік ойын-сабақтың тапсырмаларын жазыңыз. 1- кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады. 2- кезең. «Ойлан, тап». Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі. Үзінді қай шығармадан, авторы кім екенін көрсету.
“Жасұлан” тобы
Бір уәзірдің баласы ақымақ екен. “Тәрбиеленсін” деп бір ғалымға беріпті. Ғалым уәзірдің баласын ұзақ оқытыпты. Бір күні әкесіне хабар жіберіп: “Балаң ақылды болатын емес, оның есесіне өзім ақымақ болуға айналдым”,- депті.
“Топжарған” тобы”
Нар аяғы жерге кіріп кеткендей ырғала ауыр қозғалып бұрылды да, теңселе аяңдап кете берді. Төбе құйқаңды шымырлатып, боздап барады. - Ботасы өлген боз іңген. - деп күбірледі. 3 – кезең. “Теория әлемінде”. Бұл кезең 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырма: әдеби терминдерге түсінік беру, 2- тапсырма: Абай өлеңдерін құрылысына қарай талдау. 4-кезең. «Кино әлемі». Бұл кезеңде қазақ киноларынан үзінді көрсетіледі, бұл қай шығармадан және авторы кім екенін көрсету. («Менің атым Қожа», «Көксерек» фильмдерінен үзінді ) 5- кезең. “Өнерпаз болсаң...” Әр топтан бір оқушы өз өнерін көрсетеді. 6- кезең. “Сен білесің бе?” Оқылған өлеңнің тақырыбын, авторын табу. (Төлеген Айбергенов «Ана», Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасынан үзінді) 7-кезең. “Белгілі тұлғалар ” Белгілі ақын- жазушылардың портреті көрсетіліп, солардың өмірбаянына, шығармашылығына тоқталу. 8- кезең. «Білімді мыңды жығады». Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
ІІ. «Ахметтану» атты факультатив сабақтың жылдық жоспарын жасаңыз. Факультатив сабақтың мақсаты: Жерлес ақынымыз Ахмет Кендірбекұлының жырларын жас ұрпақ санасына сіңірту арқылы, оның ақындық бейнесін таныту.
Факультатив сабақтың міндеттері: Оқушыларды азаматтық құндылықтарды білдіруге, адамгершілікке, тіл шеберлігін қалыптастыруға, сауатты жазып, өз ойын анық, толық жеткізе білуге үйрету.
Қол жеткізетін нәтиже: Ахмет Кендірбекұлының өмірі, оның поэзиясы туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу туралы ақындық болмысын, авторлық ұстанымын түсінуге баулу. Оқушының өз бетімен ізденушілік – зерттеу қабілеттерін дамыту.