Сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы: «Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына» Мақсаты:Оқушылардың пән бойынша білімдерін жүйелеу, саралау;
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, әріптер жазылған тақташалар, т.б.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Мұғалім сөзі.Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Өздеріңіз білесіздер наурыз айының 10-16 жұлдызында мектебімізде химия-биология және технология апталығы өткен болатын, бүгін сол апталықты қорытындылау мақсатында «Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына» тақырыбындағы қорытынды кешімізді ашық деп жариялаймыз.
1-Жүргізуші Ақгүл Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!
2 –Жүргізуші Гүлдана Бармысыздар ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Биология мейрамханасы» желісімен ««Ғылымның сырын ұғына, шығыңдар білім шыңына» атты тойымызға қош келдіңіздер!
2 –Жүргізуші Гүлдана Ал, қанекей, қаралық,
Мына жақта жаңалық.
Бүгінгі той төрінде,
Химия елінде,
Биология тілінде,
Жұмбақ шешіп жарысып,
Бейнелеу елінде,
Технология тілінде
Сұрақ шешіп аңдысып,
Музыка елінде
Шабыт тасып шалқысын,
Шаттықпенен ән салып.
Көңілді кеш жасайық.
1-Жүргізуші Ақгүл Мектепте тойдың мәні бар,
Мәні бар тойдың сәні бар.
Бүгінгі тойдың иесі,
Ән менен технология
Химия био-логиялар.
Алдыменен таныстырып өтейін. Осы тойды ұйымдастырған мектебіміздің биология пәні мұғалімі Алниязова Амангүл апай және Химия-биология және технология бірлестік мүшелері, осы тойды жүргізуші 10 сыныптың үздік оқушысы Амангелдиева Гүлдана және Құрмансейітова Ақгүл және даяршыларымыз Зарлықов Алмас, Сейтмұратова Қарлығаш
2 –Жүргізуші Гүлдана Биологиялық мейрамханамызға №57 Е.Көшербаев атындағы орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларынан құралған 3-топ қонақтар қатысады.