Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік



бет1/4
Дата29.03.2023
өлшемі326,69 Kb.
#77077
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы:Дыбыс.Дыбыстың сипаттамалары.Акустикалық резонанс.Дыбыстың таралуы.Жаңғырық.Ультрадыбыс.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: оқушыларға дыбыс ұғымы және оның негізгі сипаттамалары туралы түсіндіре отырып,жаңа білімді меңгерту.
2)Дамытушылық:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дыбыс толқынның негізгі сипаттамалары туралы білімдерін одан әрі дамыту.
3)Тәрбиелік: оқушыларды дыбыстың қасиеттерін техника мен тұрмыста қолдана алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика,музыка, биология.
 Сабақтың көрнекілігі: карточкалар,темір сызғыш, домбыра,интербелсенді тақта.
 Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  2. Үй жұмысын сұрау.

  3. Жаңа білімді қалыптастыру.

  4. Жаңа білімді бекіту.

  5. Сабақты қорытындылау.

  6. Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй жұмысын сұрау:(Серпілген сауал доп лақтыру арқылы)

  1. Толқын дегеніміз не?

  2. Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?

  3. Бойлық толқын ше?

  4. Толқын ұзындығы деген не?

  5. Толқын жылдамдығы деген не?

  6. Сейсмикалық толқындар туралы не білесіңдер?

Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру.
3.Жаңа білімді қалыптастыру.
Демонстрация:
1.Темір сызғышты тербеліске түсіріп,дыбыс шығарғанын бақылау
2.Домбыраны шерту арқылы не байқадыңдар (дыбыс шығару)
Ой қозғау
1.Біз дыбыстарды көре аламыз ба?
2.Барлық дыбыстарды ести аламыз ба?
3.Дыбыс қандай жылдамдықпен қозғалады?
4.Дыбыс жарық сияқты шағылыса ма?
Тербеліс жиілігі 16 Гц-20000 Гц- ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады.Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды. Грек тілінен akustikos –дыбыс деген сөзінен шыққан.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды.Кейбір тіршілік иелері 20-30 мың Гц –ке (мыс жарқанаттар 21 мың Гц-ке, дельфиндер-28 гц-ке дейінгі тербелістерді), ал, инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Дыбыс барлық ортада тарай алады.1-кесте .Қатты ортада жылдам тарала алады,одан кейін сұйықта.Ал, ауада дыбыс баяу тарайды.
Мысалы:күн күркіреп,найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз де,біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет