Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем



бет1/9
Дата07.05.2023
өлшемі133,95 Kb.
#90956
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

  1. Ағзалық әлем деген не? Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы – ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар – бейағзалық зат (неорганические вещества). Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.
Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық – «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша – «дробянка», латынша – «михи» – күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады.)
Вирустар дүниесі. Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл – жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі ағзалық зат тәрізді күйде болады.
Саңырауқұлақтар дүниесі. Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.
Өсімдіктер дүниесі. Бұған балдырлар, мүк, плаун (қылшабуын), қырықбуын, қырықжапырақтектестер, ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет