Сабақтың мақсаты: Микроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Сабақтың міндеттері



Дата30.01.2023
өлшемі191,98 Kb.
#63650
түріСабақ

Зертханалық сабақ № 1

Тақырыбы: Цитология және гистологияға кіріспе. Микроскоптың құрылысы, жұмыс істеу ережелері мен техникасы


Сабақтың мақсаты: Микроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу ережесімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:

  1. Микроскоптың құрылысымен танысу

  2. Микроскоппен жұмыс жасау ережелері мен техникасын үйрену.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: 1. Микроскоп; 2. Тұрақты препараттар; 3. Таблицалар; 4. Электронды микросуреттер; 5. Презентация; 6. Атлас; 7. Оқу құралдары.

Микроскоппен жұмыс жасау ережесі:


1. микроскопты шам жарығына немесе терезеге қарсы орналастыру;
2. көру аймағына (алаңын) біркелкі жарық түсуін қамтамасыз ету;
3. препараттың жабынды әйнегін жоғары қарата зат үстеліне орналастыру;
4. бүйірінен қарай отырып кіші объективті жабынды әйнегінен шамамен 0,5 см қашықтықта орнықтыру;
5. окулярға қарап, препаратты қозғау арқылы объектіні табу;
6. окулярға қарауды тоқтатпастан, макрометриялық винтті өзіңе қарай бұрау арқылы объекті көрінісін анықтау.
7. Үлкен ұлғайтқышқа ауыстыру үшін, объектив орналасқан револьверді бұру.
8. Окулярға қарай отырып, микрометриялық винтті өзіңе қарай бұрау
арқылы объектінің көрініс анықтығын түзету.
9. Кесіндінің қажетті бөлігін тауып, зер салып қарау.
Бақылау сұрақтары:
1. Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай?
2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
3. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
4. Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
5. Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
6. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
7. Кіші объективті препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
8. Макрометрлік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
9. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
10. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
11. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
12. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет