Микробиологиялық зертханаларда қолданылатын негізгі құралдар мен жабдықтар. Микроскоп



бет1/13
Дата28.11.2023
өлшемі51,52 Kb.
#131064
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  1. Микробиологиялық зертханаларда қолданылатын негізгі құралдар мен жабдықтар.

Микроскоп-көзге көрінбейтін өте кішкентай объектілерді зерттеуге арналған оптикалық аспап.
Термостат- белгілі бір қалыпты жылулықты ұстап тұратын аппарат. Қыздырылған немесе салқындатылған ауаны біркелкі таратуға көмектесетін желдеткішпен жабдықталған.
Кептіргіш шкаф- ауамен микробиологиялық ыдыстарды стерильдеу үшін қызмет етеді.
Автоклав-қоректік ортаны, ыдыстарды қаныққан бу қысымында стерилдеу үшін қызмет етеді



  1. Бактериялардың морфологиялық ерекшеліктері.

Микроағзалардың морфологиясы олардың сыртқы түрлерін, пішіндерін және құрылымының ерекшеліктерін, қозғалуға, спора түзуге қабілеттілігін, көбею тәсілдерін зерттейді.
Бактериялар (прокариоттар) – бұл микроағзалардың үлкен тобы (шамамен 1600 түрі бар), олардың басым көпшілігі біржасушалы.
Бактериялардың негізгі пішіндері: шар тәрізді, таяқша тәрізді және иілген. Шар тәрізді бактериялар – коктар, олар қарапайым шар тәрізді пішінге ие, олардың жалпақтау, сопақтау немесе бұршақ тәрізді түрлері кездеседі. Коктар бір жасушалы – монококтар (микрококтар) немесе түрлі қосындылармен байланысқан түрде: қосарланған – диплококтар, төрт жасушалы түрде – тетракоктар, ұзын немесе қысқа тізбек түрінде – стрептококтар, сондай-ақ сегіз жасушадан куб тәрізді жинақталған (бума түрінде) бірінің үстіне бірі екі қабат та орналасқан сарциналар түрінде болуы мүмкін.
Таяқша тәрізді бактериялар біреу немесе жұптасып біріккен – диплобактериялар, үш-төрт және одан да көп жасушалардың тізбектелуі – стрептобактериялар түрінде болуы мүмкін. Таяқшаның ұзындығы мен қалыңдығының арасындағы қатынасқа қарай әр түрлі болады
Иілген немесе иректелген бактериялар ұзындығы, қалыңдығы және иірімінің дәрежесі бойынша ажыратылады. Үтір тәрізді сәл иілген таяқшалар – вибрион, бір немесе бірнеше иірімдері бар штопор тәрізді таяқшалар – спириллалар, ал иірімдері көп жіңішке таяқшалар – спирохеталар деп аталады.
Құрылымы:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет