Сабақтың мақсаты: Оқушылар: судың тіршілік үшін маңызын біледі; ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді



бет49/153
Дата16.10.2023
өлшемі16,35 Mb.
#115898
түріСабақ
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153
Патоморфологиясы. Склероз салдарынан көп нефрондар бірте-бірте істен шығады. Қалған нефрондарда гипертрофиялык өзгерістер байқалады. Гломерулонефрит сияқты кабыну үрдісінің үнемі дамуымен қатар барлық бүйрек ауруларының соңғы сатыларында дамитын шумақтардағы гиперфильтрация құбылысы склероздың әрі қарай үдеуіне әкеліп соғады. Сонымен, СБЖ үнемі бір қалыпта тұрмайды, дами келе, тағы да калған нефрондардың беріштенуін туғызады.
Негізгі симптомдарының патогенезі. СБЖ-да бүйректің негізгі экскреторлық (су, электролит, азот калдықтары, Ниондар экскрециясы) және инкреторлық функциялары бүзылады. Азотемия, гиперкреатининемия дамиды, фильтрация төмендейді.
Су-электролит өзгерістері. Бастапқы СБЖ сатыларында өзекше функциялары (концентрациялау кабілеті) ерте бүзылып, компенсаторлық полиурия дамиды. Су-электролит тепе-теңдігі әсіресе олигоанурия кезеңінде тез бұзылады. Ауру аз ғана артық су ішсе, гиперволемия, жүрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін. Гипонатриемия - негізінен гипергидратация салдарынан болатын құбылыс. Кейде "тұз жоғалту" сиңдромы да кездеседі. Гипермагниемия, гиперфосфатемия - олардың бүйректен шығуы азайған соң пайда болатын өзгеріс. Гиперкалиемия дамуына ацидоз, гипоальдостеронемия әсер етеді. Гипокальциемия себептері рахиттік езгерістермен (витамин Д жеткіліксіздігі), ацидозбен байланысты.


Ацидоз - бүйрек өзекшелерінің ацидогенез, аммониогенез функцияларының, яғни Н+ ион секрециясы бұзылуының, салдары.
Анемия генезі күрделі. Себептері әр түрлі: 1) ең бастысы – бүйректе эритропоэтин түзілуінің төмендеуі, 2) эритропоэзге токсиндер әсері, 3) эритроциттер өмірінің қысқаруы (гемолиз), 4) белок, темір тапшылығы (метаболикалық өзгерістерден), 5) гиперпаратиреоидизм салдары – паратгормонның токсикалык әсері.
Гипертензия симптомы гиперренинемияға, бүйректегі простагландин синтезінің төмендеуіне, натрий экскрециясының азаюына байланысты. СБЖ-ға тромбоцитгер сапасының (токсиндер әсерінен) төмендеуі, осыған байланысты гипокоагуляция көрінісі тән.
Остеопатия себептері: 1) витамин Д3-1,25-дигидрооксихолекальциферолдың (кальцитриол) бүйректік синтезінің төмендеуі; 2) ацидоз; 3) гиперпаратиреоидизм. Балалардың бойы өсуінің шектелуіне эндокриндік өзгерістерге байланысты соматотропин түзілісінің төмендеуі қатысты. Сүйек өзгерістері, бой өсуінің шектелуі іштен болатын ауруларда ерте білінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет