Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі30,78 Kb.
#76630
түріСабақ
  1   2   3

Тақырыбы: «Аяулы менің-анашым»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт — дәстүрі мен әдет — ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой — өрісін дамыту. Халқымыздың салт — дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ана» туралы нақыл сөздер, суреттер, гүлдер , шарлар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі:

  • Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 — Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
    Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
    Ана дегеніміз — әлемнің жан — дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан — теңіз.

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқынды, бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағын-аясындай гүл бақтың- дей отырып «Аяулы менің анашым!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар бүгін қандай мейрам?
-Дұрыс айтасыңдар, бүгін алғашқы көктем мезгілімен бірге, гүлдей жайнап, нұрын төгіп, шуағын шашып аналар мерекесі де келіп қалды, біз аналарымызға аянбай өз өнерлерімізді көрсетеміз бе?
-Ия.
-Мұғалім: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған. Сондықтан құрметті асыл аналар, өздеріңізге арнау — өлеңдерді қабыл алыңыздар.
Алмас: Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
 Бауыржанқызы Інжу: Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Дидар: Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.
Қажымхан Нұрдаулет:  Бәрімізге анасың, —
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Өркен: 
Әрбір сөзің өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет