Сабақтың тақырыбы: 2-сабақ



Дата05.02.2023
өлшемі22,76 Kb.
#65206
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:
4.3 Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу . Ондық бөлшекті салыстыру.




Мектеп: «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ

Күні: 31.01.2023




Мұғалімнің аты-жөні: Айтжан Мади Бейбитұлы

Сынып:

Қатысқандар саны: 25




Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы:
2-сабақ




«Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)




4.3 . Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу
Ондық бөлшекті салыстыру

Сабақ мақсаттары


  • Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу тақырыбын;

  • Ондық бөлшекті салыстырып үйрену тақырыбын практикалық түрде жүзеге асыру.

Сабақ типі


  • Бекіту

Бағалау критерийлері




Қолдану: Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша және координаталық сәуледе салыстыра алады;
Талдау: Стандартты емес жағдайларда ондық бөлшектерді салыстыра алады. Есептің шартына зерттеу жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар




Оқушылар:

  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру ережесін негіздеп қолдана алады;

  • ондық бөлшектерді координаталық сәулеге кескіндеуді тұжырымдай алады;

  • ондық бөлшектерді салыстыруды түсіндіре алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:
- разрядтары бойынша сандарды жіктеу;
- сандарды разрядтары бойынша салыстыру;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
егер ондық бөлшектің соңына бір немесе бірнеше нөлдер тіркеп жазылса ( алып тасталса), онда ...бөлшек шығады;
- координаталық сәуленің бойында екі ондық бөлшектің ... орналасса, сол бөлшек үлкен (кіші) болады;
- ондық бөлшектерді салыстыру үшін алдымен бүтін бөліктері салыстырылады, егер бүтін бөліктері тең болса, онда ...;

Құндылықтарды дарыту




Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу өз ойларын жеткізу, бағалауда - шыншылдық,

Пәнаралық байланыстар




Дүниетану, география

АКТ қолдану дағдылары




Сабақтың әр кезеңінде қорытындылауды тиімді жүзеге асыру үшін презентациямен жұмыс және тапсырмаларды интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім




Ондық бөлшектерді салыстырудың тәсілдерін біледі.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет






Ресурстар

Сабақтың басы
1 минут

2 минут

1 минут

7 минут





1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, олардың сабаққа даярлықтарын қадағалау.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Жұмыстың мақсаты: Үй тапсырмасын орындауы бойынша білім деңгейлерін анықтау.(755, 756 (1,3) есептер, бекіту дағдысы)
Оқушының әрекеті: Сыныптасымен дәптерлерін алмастырып мұғалімнің берген дұрыс жауабымен тексереді.
Бағалау:Бір-бірін бағалау
Сергіту сәті:
Оқушы қасында отырған оқушы құлағына бүгінгі сабаққа деген өз тілегін білдіреді, кейін оқушылар сабаққа сергітулі оймен қадамдайды.
Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы:
Тақырып теоремаларын және тапсырмаларын сүрастыру.
757 есепті өз орында шығару.
- Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша жіктеді;
-Разрядтары бойынша ондық бөлшектерді салыстырды;
- Ондық бөлшектерді натурал сандарға айналдырды;
- Натурал сандарды салыстыра біледі, нәтижесін ондық бөлшектерді салыстыруда қолданды;
- Ондық бөлшекті жай бөлшекке, жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру
- Жауаптарын дұрыс жазды;
-Жауаптарын негіздей алады.







Сабақтың ортасы
2 минут

17 минут


5 минут

5. Сабақтың мақсатын анықтау Сабақтың мақсатымен және жетістік критерийімен таныстыру және талдау.
6. Оқулықпен жұмыс, бекіту жұмысы
759
760
763
764
Жұмыстың мақсаты: 5 ә сынып оқушыларын ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеп үйренуді практикалық түрде бекіту. Ондық бөлшекті салыстыру процесін құрастыру және дамыту.
Оқушының әрекеті: Берілген есеп түрлерін жекеше немесе тақта алдында шығару.
Мұғалім әрекеті: Берілген тапсырма түрлерінің шығарылу процесін қадағалау. Оқушымен жұмыс дағдысын бақылау.
Бағалау критерийі:

  • Берілген сандарды салыстыра отырып, ең үлкенін/ең кішісін анықтай алады;

  • Салыстыру нәтижесін қос теңсіздікпен жаза алады;

  • Аралас бөлшектерді ондық бөлшектерге айналдыра алады;

  • Ондық бөлгектерді салыстыра алады;

  • Координаталық сәулеге берілген ондық бөлшекті кескіндей алады;

  • Координаталық сәуледе ондық бөлшектерді салыстыра алады.





Алдамуратова Т.А.


Матемтика -5сынып 2 бөлім 2017ж
Дидакт материал

Сабақтың соңы
7минут
3 минут

Сабақ соңындағы бекіту жұмысы


766 есепті шығару
Ондық бөлшекті координаталық сәуледе кескіндей алу тақырыбын бекіту арқылы оқушылар 766 есепті шығара отырып, өз алған ілімдері практика түрінде бекіту алады.


Бағалау әдісі:
Оқушылар дәптерлерін алмасып, бір бірін бағалайды. Есептің дұрыс, бұрыстығын қосу, алу белгісі арқылы белгілейді.










Қосымша ақпараттар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?




Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет