Сабақтың ортасы
|
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ақпарат алмасу және оны сақтау адамзат қоғамының өркендеуіне байланысты бірге пайда болып, даму үстінде. Ерте заманда бір тайпа екінші тайпаға маңызды хабарды дабыл қағу, от жағып, түтіндету арқылы жеткізіп отырған.Сонымен бірге ақпаратты алысқа жеткізу үшін шабарман не арнайы үйретілген көгершін пайдаланылған. Қазіргі кезде адамдар ақпарат алмасу үшін телефон, радио, теледидар, компьютер, интернетті пайдаланады. Ақпарат алмасу әрқашанда ақпарат арнасы арқылы жүзеге асады. Ақпарат арнасы байланыс арнасы деп те аталады. Байланыс арнасы-деректі қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы жиынтығы.
Көрсетілім.Сурет/слайд
Жеке жұмыс. 1-тапсырма.
Ақпараттың түрлерін және осы ақпаратты жіберуді болатын байланыс каналын байланыстыр.
Бейне ақпарат
|
|
Ғаламтор
|
Мәтіндік хабарлама
|
Телеграф
|
Морзе кодымен жасырылған
|
Теледидар
| Дескриптор:
- Ақпараттың түрлерін және осы ақпаратты жіберуді болатын байланыс каналын байланыстырады. ҚБ: жетон /3балл/
Жеке жұмыс. 2-тапсырма.
Оқулық § 1.2, 14-бет 9-сурет.
-Ақпарат алмасудың қандай түрлерін көруге болады?
Дескриптор:
-Суреттегі ақпарат алмасудың түрлерін атайды.
ҚБ: жетон / 2балл/
Топтық жұмыс. 3-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
-Біздің айналамыздағы ақпараттың берілуі мен ақпарат алмасу түрлеріне мысал келтір.
Дескриптор:
- біздің айналамыздағы ақпараттың берілуі мен ақпарат алмасу түрлеріне мысал келтіреді.
ҚБ: жетон /3балл/
|
Мұғалімді тыңдайды
Дәптерге «Байланыс арнасы» анықтамасын жазады
Сурет/слайд көреді
Дәптерге тапсырманы орындайды
Оқулықтағы суретпен жұмыс істейді
сұрақтарды өзара талқылап, ойларымен бөлісіп,ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.
|
Жетон
3 балл
Жетон
2 балл
Жетон
3балл
|
Презентация
Сурет/слайд
Жұмыс дәптері
Оқулық
А4 парақ/ стикер
|