Сабақтың тақырыбы Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы



бет1/3
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112518
түріСабақ
  1   2   3

Бөлім:Дананың сөзі - ақылдың көзі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:
«Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауының идеясын ашу;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарманың идеясы мен пафосын байланыстыра ашу;

Кейбір оқушылар орындай алады:
әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Бағалау критерийі

Тілдік мақсаттар



Оқушылар қолдана алады:
Толғаудың идеясы мен ерекшелігін түсінеді;
Ауызша шығармада көтерілген мәселе мен жырау жайлы ойларын айтады;
Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.
Пәндік лексика мен терминология: жырау, толғау, күлдір-күлдір кісінеген күрең, кеңес құру, қол бастау, т.б.
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:
Менің ойымша...
Менің байқауымша...
Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...
Жырау көзқарасы мына жолдардан анық байқалады:
Ойымды қорытындылай келе:

Құндылықтарды дарыту



Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)
Аталған құндылық сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Ақтамберді жырау толғауларының идеясы мен маңызын анықтағанда тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім



Ақтамберді жырау шығармашылығы

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Қызығушылықты ояту 1.Миға шабуыл
Сабақтың басында оқушыларға Ақтамберді жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы бойынша бейнебаян (https://www.youtube.com/watch?v=2Y1dZCJK4Q4) тыңдатылады. Бейнебянды көріп отырған кезде жұппен «Сұрақтар көшкіні» кестесі бойынша нақты аргументтерді жазып алып отырады.

1.Кім? Не?




2.Не жайлы айтылады?




3.Ерекше/ең ерекше...




Бейнебаянды көріп болғаннан кейін «Сұрақтар көшкіні» кестесіндегі аргументтерді жинақтап,топпен талдау жұмысын жүргізеді. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Сынып оқушылары түгенделеді. Оқушылар назары сабаққа аударылады.
Сабақтың басында оқушыларға Ақтамберді жыраудың «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы бойынша бейнебаян (https://www.youtube.com/watch?v=2Y1dZCJK4Q4) тыңдатылады. Бейнебянды көріп отырған кезде жұппен «Сұрақтар көшкіні» кестесі бойынша нақты аргументтерді жазып алып отырады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


ҚБ «Нысана»
Оқушы
лар стикер жапсыру арқылы бағалай
ды.

https://www.youtube.com/watch?v=2Y1dZCJK4Q4





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет