Сабақтың тақырыбы Қазақ киносы қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер. Тасымал



бет1/3
Дата20.09.2022
өлшемі252,58 Kb.
#39666
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1606551371 2




Сабақ жоспары
Қысқа мерзімді жоспар



Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: I Бөлім.
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет.Сөз мәдениеті

Колледж: АҚЖКК



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абильтаева С.Б.

Топ:

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Қазақ киносы – қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер. Тасымал







Сабақтың мақсаты

• мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу;
• қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша ойыңды жазу.

  • мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Бағалау критерийлері

• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
• Көтерілген мәселеге баға береді.
• Мәліметтер мен пікірлерді өңдейді.
• Орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік мақсаттар



Лексикалық минимум: лайық, тартымды, сенімді, қағида, таңдау, қанағатшылдық, сезінесіз, күту, қадағалау.

Құндылықтарды дарыту


•«Мәңгілік ел» құндылығы:
•Тіл және мәдениет
•Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
•Ынтымақтастық;
•Жауапкершілік;

Пәнаралық байланыс

Өнер, қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақтаны қолдану;

Алдыңғы білім



Кино өнері жайлы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыруға
1. Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
2. 3 топқа 3 түрлі стикерлер арқылы бөліп аламыз.
3. Қызығушылықты ояту.
Суретті киноның тақырыбымен сәйкестендіру.
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы болжанады.



Мақсаттар туралы айтылады.
Күтілетін нәтижелер белгіленеді.





Суреттер
стикерлер

Сабақтың ортасы

Оқылым алды тапсырмасы: «Миға шабуыл»
1. Кинотеатрға жиі барасыңдар ма?
2. Қандай жанрдағы кинолар ұнайды?
3. Отандық кино ұнай ма, әлде шетелдік кино ұнай ма?
4. Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады?
5. Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірлерің қандай?
Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. «Ой шақыру» әдісі.  Оқылым тапсырмасы:
І топ: Қазақ кино өнері
ІІ топ: Ш Айманов туралы әнші Б Төлегенованың естелік әңгімесі
ІІІ топ: Алмас қылыш
Дескриптор:

1

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

2

Көтерілген мәселеге баға береді.

3

Мәліметтер мен пікірлерді өңдейді.

4

Жазу сауаттылығын сақтайды.



Тілдік бағдар:
Дефис арқылы жазылатын сөздер
Дефис – орфографиялық, ал сызықша пунктуациялық таңбаға жатады. Сондықтан дефис келген жерде кідіріс жасалмайды. Бұл – оның сызықшадан ажыратылатын басты белгісі. Екіншіден, дефис сызықша секілді сөйлемнің мазмұнына әсер етпейді. Үшіншіден, шартты түрде алғанда, дефис сызықшадан қысқа болады.
Дефиспен жазылатын сөздер:
қос сөздер: құрал-жабдықтар, тәлім-тәрбие;
түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, заде, оғлы сынды есімдер: Осман-паша, ;
араб халықтары есімдерімен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен сияқты элементтер: әл-Фараби, Рашид әд-Дин;


Бас әріппен жазылатын сөздер
Төмендегі жағдайларда бас әріппен жазылады:
жалқы есімдер: Шәкен Айманов, Мұхтар Әуезов, Бибігүл Төлегенова, Рүстем Әбдіраш, Қайрат Кемалов;
кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттері бар жалқы есімдер: Жаяу Мұса, Ер Төстік, Қыз Жібек, Алдар көсе;
кітап, газет, журнал аттары: «Алмас қылыш» романы, «Ана тілі» газеті;
кино аттары: «Амангелді» көркемфильмі, «Біздің сүйікті дәрігер»фильмі, «Тақиялы періште» фильмі, «Атаманның ақыры» фильмі


Тасымал
Жазып келе жатқан жолға сыймаған сөз буын жігіне қарай тасымалданады: ки-но, ак-тер-лер, сах-на.
Тасымалданбайтын сөздер:
бір буынды сөздер: фильм, театр, экран;
қысқартылған кісі есімін фамилиядан айырып тасымалдауға болмайды: М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә. Өмірзақова;
сөздің жалғыз әрпін қалдырып тасымалдауға болмайды: і-лім, а-на.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет