Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары



бет1/3
Дата24.09.2024
өлшемі417,14 Kb.
#145523
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары


Бөлім:

Экожүйелер

Педагогтің аты-жөні:

Жұмахан Айдана

Күні:

20.09.2024ж

Сыныбы: 7 сынып

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда ерекше қорғалатын аймақтар. Жергілікті жердің ерекше қорғалатын аймақтары.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы. Жергілікті өңірдің ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.2.3 - ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттау
7.3.2.4 - жергілікті өңірдің Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарлары мен өсімдіктеріне мысал келтіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Қызыл кітаптың манызын түсінеді.
Көпшілік оқушылар үшін:
Қорықтардың орналасу орны мен маңыздылығын түсінеді.
ЕББҚ:
Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын біледі.


Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Өрмекшінің торы» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айту арқылы жіпті лақтырады.
ә). Топ ережесін еске түсіру.
б). Топтастыру.

Сап түзеп тұру арқылы 1, 2 санын реттілікпен саналу арқылы екі топқа бірігеді.
І-топ:
ІІ-топ
Топтың ережесі:

  1. ТҚЕ сақтау.

  2. Топ басшысына бағыну.

  3. Белсенді болу.

  4. Бір-бірін тыңдау, өз пікірімен ашық бөлісу, басқалардың пікіріне құрметпен қарау.

  5. Уақыт шегінде жұмыс жасау.




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.






Тоқыма жіп



Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Қандай аумақтар қорықтар деп аталады?
2. Қандай қорықтарды білесіңдер?
3. Қорықтардың қорықшалардан айырмашылығы неде?
4.Өсімдіктер мен жануарлардың жер беінен жойылу себептерін атаңдар?
5. Қандай организимді эндемик дейміз?





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет