11- сынып Сабақтың тақырыбы: Қазіргі жағдайдағы бәсекелестікті дамыту Жаһандық құзыреттілік Ойға шақыру 1.Суреттерде не көріп отырсыздар?
2.Не ерекше болды?
3.Тақырыпты болжап көріңіз....
Бәсеке дегеніміз - бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекеттік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістерінің жүйесі.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады. Осы әрекеттер экономикалық цикл ретінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады: - өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру; - өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі; - бәсекеге төзімді өнім өндіру; - өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді; - пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.
Бәсеке әр түрлі болады бірулер бір-бірімен бәсекелесу, білім жағынан бәсекелесу тағы сол сияқты. Бірақ бүгінгі тақырып эканомикадағы бәсекелестік туралы болмақ. Бәсеке дегеніміз бір немесе бірнеше тұлғаның бір-бірін басып озуға негізделген әрекеттері. Бизнесте бәсеке қатар жүреді.