қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;
қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру
Модернизм (итал. modernismo, лат. Modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы. Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.

Модернизмнің ең белгілі ағымдарына мыналар жатады:
Абстракционизм
Кубизм
Сюрреализм
Футуризм
Фовизм
Экспрессионизм
Абстракционизм (ағылш. abstractio — дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) — қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты қатарды ескермейтін ағым. Абстрактілі өнер шындықты тiкелей көрсетпейтiндiктен, оны кейде «затсыздандырылған» деп айтады. Ол үшiн бейнеленетiн нерселердiң көркемдiк бiтiмдерi (кеңiстiктегi формалары, аумағы, бояуы,т.б.) маңызды емес, бiрiншi орынға суреткер-тұлғаның субъектiлiк көңiл-күйi шығады. Абстракционизм eкi бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескiндердiң қиюласуын үйлесiмдi етуге ұмтылу жене геометриялық абстракцияларды құрастыру.
Өнердің бір формасын (мысалы, концептуалдық) таңдап, тарихи мәселені, мысалы, жергілікті соғыстар, экологиялық проблемалар, "қырғиқабақ соғыс", т.б. сипаттау және түсіндіру үшін өз шығармашылық жұмысыңызды құрыңыз.
Бағалау критерийлері:
Қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру;
Дескрипторлар:
Жұмысының мәнісін түсіндіреді
Жұмысында тарихи проблема қандай тұрғыдан қаралғанын түсіндіреді
Ақпараттық қоғам өнердің дамуына қалай ықпал етті?