Сабақтың тақырыбы: Бақытты отбасы Мақсаты



Дата17.03.2022
өлшемі17,22 Kb.
#28293
түріСабақ
Байланысты:
Бақытты отбасы


Сабақтың тақырыбы: Бақытты отбасы

Мақсаты: Оқушылардың бойына отбасына деген сүйіспеншілікті ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, тәрбиенің алтын қазығы өз туған ұясы екенін ұғындыру.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, шарлар, гүлдер

Күтілетін нәтиже: Отбасының қоғамдағы орны туралы біледі. Тапсырмаларды орындауда сындарлы ойлайды, ізденеді, ой түйіндейді. Өзін және сыныптастарын бағалайды.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс: ой бөлісу, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары.

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларын үш топқа бөліп отырғызу, назарларын аудару

1-топ. «Мерейлі»тобы.


2-топ. «Бақытты»тобы

3-топ. «Тәрбиелі»тобы



Топпен жұмыс.

Қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға «Бақытты отбасы» деген не? Осыған жауап іздейік. Ондай болса мына бір бейнероликке көңіл аударайық.


«Бақытты отбасы» бейнероликті көрсету.

«Бақытты отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер деп сұрақ беремін. Үш топқа А3 форматтағы қағаздар, маркер, фломастер, бояулар беріледі.

«Кластер» құру арқылы оқушылар ойларын жазады. Әртоптан екі оқушы келіп жұмыстарын оқиды.

1.Мұғалім:

 Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
 Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.
 Ата-асқар тау,
 Ана – бауырдағы бұлақ,
 Бала жағасындағы құрақ – деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың.
 Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі.
 2006 жыл – Қазақстан Республикасында Отбасы жылы болып жарияланды.

2. Сұрақтар:

1. Айидаға сұрақ-Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?

2. Шаттық-Өзіңді бақыттымын деп есептейсіңбе?

3. Данабек-Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?

4. Қорғанбек-Ата-анаң үшін сенің ұялған кезің болды ма?

5. Нұрбану-Өз отбасыңның қандай болғанын армандайсың?

«Отан отбасынан басталады» дейді қазақ халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.

Бұрынғының қарттары дана болған,

Қартты сыйлар жастарда сана болған.

Ата-анадан үлгі алып, жастар да,

Болашағын қорғайтын адам болған.

Расында да, атамыз қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

3. Мақал – мәтелді жалғастыр.

1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,…

( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

2.Ана сүтін ақтамағанды ,…

( ешкім мақтамайды)

3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…

(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.Қарағайға қарап тал өсер,…

(қатарына қарап бала өсер)

5.Үйінде ұл – қыз бардың,…

(көгінде сөнбес жұлдыз бар)

6.Атаңа не қылсаң ,…

(алдыңа сол келер)

7.Ұяда не көрсең ,…

(ұшқанда соны іленсің)

8.Әдепті бала — арлы бала,…

(әдепсіз бала – сорлы бала)



4.Қорытынды. «Адамгершілік» (Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: « Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет