Жөніндегі орынбасары Т. Б. Байғабылов



Дата10.12.2023
өлшемі122,01 Kb.
#135922



И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
«Энергетика және құрылыс мамандықтары» бөлімшесі


БЕКІТЕМІН
Директордың оқу-тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары
_____________Т.Б.Байғабылов
«____»_____________2023 жыл


«Менің ата-анамның жұмысындағы
бір күн»

Тобы: СП-23о
Өтетін күні: 08.11.2023
Уақыты: 10:10
Өтетін орны: 305 дәрісхана
Топ жетекшісі: А.Ө.Ерғалиева


«Энергетика және құрылыс мамандықтары»
бөлімшесінің аға топ жетекшісі: М.Қалмағанбетова
Қызылорда-2023
Тақырыбы: «Менің ата-анамның жұмысындағы бір күн»
Мақсаты: өнегелі ұл, тәрбиелі қыз тәрбиелеп отырған ата — аналарды үлгі ету, насихаттау. Студенттер бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қыздар болуға тәрбиелеу. Ата-ананың алдындағы жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу. Отанын құрметтей білетін,болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатыназамат тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Ата-ана туралы мақал-мәтелдер, ұлағатты сөздер,балалардың ата-аналарының суреттері
Барысы:
Кіріспе: Сәлеметсіздер ме, құрметті білім алушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – : «Менің ата-анамның жұмысындағы бір күн», яғни ата-аналарымыздың мамандығы туралы болмақ.


Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы — жанұясы. Жанұялық тәрбие ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынастық жүйе. Олай болса, ата — ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан — жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл — Фараби ең бірінші білім емес, тәрбиеге берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі бас тұлға, алғашқы ұстаз – ата — ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата — ана нәзік те, қиын, қыр — сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата — анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата — ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата — атаның парызы.Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды жер бетіндегі жарылқаушыларымыз- Ата-аналарымызға арнайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет