Сабақтың тақырыбы: Электр сыйымдылық. Конденсаторлардың құрылысы және түрлері, электр өрісінің энергиясы



бет5/5
Дата17.01.2022
өлшемі146,89 Kb.
#24052
түріСабақ
1   2   3   4   5
Конденсаторлардың жалғануы:

  1. Сыйымдылықты арттыру үшін конденсаторларды параллель қосады. Бұл кезде конденсаторлардың аттас зарядталған жапсарлары бірге қосылады.

немесе 


Параллель жалғағанда кернеу бірдей және тізбектің кернеуіне тең, яғни

U=U1=U2=…=Un

Ал конденсатор батареяларының толық заряды

болғандықтан

С=С1немесе С=C1+C2+…+Cn


  1. Конденсаторларды тізбектей жалғаған кезде барлық конденсаторлардағы заряд бірдей болады және олардың әр аттас зарядталған жапсарлары қосылады.

Әрбір конденсатордың кернеуі ;

Конденсатордың жалпы кернеуі U=U1+U2+…+Un



Немесе


Орнына қойсақ осыдан

немесе

Зарядталған конденсатор энергиясы:

болады.


және формуласын кезек қойып энергияның келесі формулаларын аламыз

немесе


Біртекті электр өрісінің энергиясының көлемдік тығыздығы деп бірлік көлемде жинақталған өріс энергиясымен өлшенетін шаманы айтамыз

Алмастыруларды енгіземіз



*

тағы алмастыру енгіземіз Sd=V,

олай болса осыдан

Бұдан электр өрісінің энергиясының тығыздығы осы өріс кернеулігінің квадратына тура пропорционал деп тұжырымдауға болады.

IV. Cабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылай келе конденсаторлар электротехниканың барлық облыстарында қолданылады деп айтуға болады.



  • Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).

  • Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).

  • Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).

  • Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.

  • Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.

  • Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан.

V. Cабақты бекіту.

Тақтада есеп шығару.

VI.Үйге тапсырма.

§8.10,8.11,8.12



Реферат «Конденсаторлардың түрлері және қолданылуы»

VII.Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет