Сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"



бет1/7
Дата07.02.2023
өлшемі4,21 Mb.
#66067
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7

Сыныбы: 7 "а"
Ашық сабақтың тақырыбы: "Гидраның құрылысы"


Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы,
сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардың
табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты:
дүниетанымдарын кеңейту, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: ішекқуыстылардың пайда – зияны, сақтану шараларын түсіндіру, әсемдікті сезіне білуге, табиғаттағы үйлесімділікті сақтай білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін ояту.


Міндеттері:
1. Сабақ барысында алған ақпараттарын өзгелермен бөлісуді үйрету.
2. Топта жұмыс жасата отырып, бірін-бірі оқытуға және бірін-бірі бағалауға үйрету.
3. Өзгенің пікірін тыңдауға, сыйластық танытуға, мәдениетті қарым-қатынасқа дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер: Суреттер бойынша жаңа сабақтың тақырыбын айқындай алады, өз ойларын жинақы жеткізе алады, мәтінмен танысу нәтижесінде әрекеттерін іс жүзінде көрсете алады; оқушылар тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін өз дәрежесінде қолдана алады, табиғатты және оның байлықтарын қорғау – баршамыздың міндетіміз екенін ұғынады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, оқулықпен, суретпен және тақтаның көмегімен жұмыс істеу арқылы пәнді игеру, пікір білдіру, тапсырмалар орындау және.т.б.
Пәнаралық байланыс: сурет, экология, әдебиет
Тапсырмалар: топтық, жұптық жұмыс түрлері, постер арқылы «біржасушалылар», "көпжасушалылар" сөзіне толық сипаттама беру, жобаны қорғау;
Дерек көздері, құрал-жабдықтар: оқулық, маркерлер, интербелсенді тақта, бағалау парақтары, слайд материалдары, суреттер салатын парақтар, флипчарттар, стикерлер, әуенді музыка
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет