Сабақтың тақырыбы: И. Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Көру анализаторлары. Құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері



бет1/5
Дата19.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#140988
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
7 такырып Анатомия, физиология гигиена Көру анализаторлары. Карасаева А.И.

Zhansugurov College


Пән атауы: Анатомия, физиология және гигиена.
Сабақтың тақырыбы:И.Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Көру анализаторлары. Құрылысы, гигиенасы, жасқа байланысты ерекшеліктері.
Оқытушы: Карасаева А.И.
Сабақ мақсаты:
Көру анализаторларының құрылысын, гигиенасын және жасқа байланысты ерекшеліктерін білу
Бағалау критерийі
1.Сабаққа қатысуы – 10 балл
2.Өз пікірін білдіру- 20 балл
3.Үй тапсырмасын уақытылы өткізу – 20 балл
4.Сабақтағы белсенділігі – 20 балл
5. Ғылыми көзқарасын білдіруі-10 балл
6. Материалды толық меңгеруі – 20 балл

Сұрақтарға жауап беріңіз


Мектептегі оқу тәрбие жұмысы мен сабақ кестесі неменеге негізделген , нені ескерілуі тиіс?
Парталарға деген гигиеналық талаптар қандай?
Партада дұрыс отыру ережесі?
Көзге арналған гимнастика?
  • Сезімталдық — тірі ағзаның сыртқы ортадан түсетін немесе өзінің ішіндегі тіндермен ағзалардан келетін тітіргенгіштерді қабылдап, оларды ажырата отырып жауап беру қасиеті.

Сезімталдық түрлері

Жалпы сезімталдық Қарапайым -беткей (экстероцептивті) – ауырсыну, температуралық, тактильді

-терең (проприоцептивті) – бұлшықет-буын сезімі, вибрациалық сезім, қысым сезімі, салмақ сезімі

-интероцептивті – хемо- және барорецепция

Күрделі екі өлшемді кеңістік сезімі, орналасу сезімі, дискриминация сезімі, стереогноз

Арнайы сезімталдық

-көру

-есту

-иіс сезу

-дәм сезу


Экстерорецептивті (үстірт) сезімталдық контактрецепторлар (ауырсыну, температура, жанасу) және дистантрецепторлар (иіс, есту және көру) қамтамасыз етеді.
Проприорецептивті сезімділікке бұлшық ет, буын, діріл, қысу, салмақ және кинестетикалық сезімдер жатады.
Интерорецептивті сезімталдық ішкі ағзалар мен қан тамырларынан келетін импульстардың сезінілуін іске асырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет