Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киім Мақсаты



Дата13.10.2022
өлшемі16,42 Kb.
#42703
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Киім және аяқ киім
Мақсаты: Киім және аяқ киім туралы түсінік қалыптастыру.
Ұл бала мен қыз баланың киімдерін ажырату.
Түзете-білімділік: Киім туралы түсініетерін көру, киіну суретте бейнелеу арқылы түсініктерін молайту, кеңейту.
Түзете-дамытушылық: Баланы қоршаған ортамен таныстыру, ермексазбен жұмыс жасату, тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау қабылетін дамыту. Қарым-қатынас-іскерлігін дамыту.
Түзете-тәрбиелік: Киімді күтуге, оң-терісіні ажыратуға ұқыпты ұстауға, кірлетпеуге, жыртпауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: шалбар, жейде, көйлек, тымақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Қазір күз мезгілі, күн суыта бастады. Күн суыта басатас да, біздің жүрегіміздің жылуы көпке жетерлік. Жылуымызды жан-жаққа беріп, жылулық шеңберін жасайық.

Жылулық шеңбері:
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

Өткенді қайталау:

  • Балалар, өткен сабақта біз сендермен дене мшелерімен танысқан болатынбыз. Өз дене мүшелерімізді жақсы білеміз. Ендеше, сол дене мүшелерімізді көрсете отырып, қайталап алайық.

  • Мынау менің басым

  • Мынау менің аяғым

  • Мынау менің қолым

  • Мынау менің көзім

  • Мынау менің құлағым

  • Сен үшін қызмет қыламын!

Сурет көрсету, балалар қайталап көрсетеді.
Жаңа сабақ:

  • Аяулым, мен саған жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сол жұмбақтың жауабын дұрыс шешесек, өткен сабақты өткендеріміз еске түседі. Келістік пе? (Иә)

  1. Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні (Киім).

  1. Іші егіс

Сырты тегіс (Тон).

  1. Аузы бір

Қос қүбыр (Шалбар).

  1. Қолы бар

Мойны бар (Көйлек).

  1. Есігі біреу

Бөлмесі бесеу (Қолғап).

  • Енді, қарашы, бәрін бір сөзбен айтқанда киімдер дейді екенбіз.

Ғажайып сәт:
Есік қағылып сыныпқа Маша мен Аю келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар? Бүгін сендерге қонаққа келдік, бізді танисыңдар ма? (иә)

  • Менің қолымдағы себетте суреттер бар, сол суреттер қандай суреттер екен, оны қайда киеді екенбіз? Көрсетіп беріңдер. Біз сендермен ермексазбан жұмыс жасаймыз. Мен дайын қып алынған шаблоннан осы суреттердің кескінін бейнелеп үйренеміз. Маша көрсетші.

  • Мынау не? (тымақ)

  • Мынау не? (картөз)

  • Мынау не? (орамал)

  • Мұның барлығын бір сөзбен бас киімдер дейміз.

  • Аю, енді сен көрсетші.

  • Менің себетімде де суреттер бар. Ол да сендерге таныс деп ойлаймын.

  • Мынау не? (туфли)

  • Мынау не? (бәтеңке)

  • Мынау не? (Етік)

  • Мұның бәрін бір сөзбен атағанда аяқ киімдер дейміз.

  • Дұрыс айтасыңдар, балалар, оларды күнделікті біздің бас және аяқ киімдеріміз екен. Балалар, сендер шаршап қалған шығарсыңдар, азырақ демалайық. (сергіту сәті)

  • Балалар, біз сендерге ризамыз. Біздің тағы да баратын жеріміз бар. Сау болыңдар. (Аюмен Маша шығып кетеді)

Сергіту сәті:
Айнаа қараймын
Шашымды тараймын
Бақыттыболамын
Әрқашан тазамын
Бәрінен озамын.

Ермексазбен жұмыс жүргізу. Балалар, сендердің алдарыңда дайын үлгіде қиылған шаблон жаты. Қазір сол шаблонды ақ қағаз үстіне қойп басамыз да етік пен бәтіңкенің үлгісін ермексазбен тегістеп жапсырып шығамыз.
Қауіпсіздік ережесі


«Менің сөмкем қайсы?» ойыны

  • Енді, келесі тапсырма мынандай: бәріміз тақтаға қараймыз. Мфна жерде сөмке тұр, сол сөикеге киімдерді орналастырамыз.

  • Қыз баланың киімі, ұл баланың киімін жеке-жеке садлу.

  • Балалар, дұрыс, сендер бүгін сабақта жақсы орындап жатырсыңдар.

Қорытынды:
Біз не білдік: Киім жіне аяқ киім туралы білдік.
Не көріп үйрендік: Бас киім және аяқ киімді көрсетіп үйрендік.
Не үйрендім: ермексазбан жұмыс жасап үйрендім.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет