Сабақтың тақырыбы Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/3
Дата28.09.2022
өлшемі405,66 Kb.
#40656
түріСабақ
  1   2   3


Бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз

Мектеп: Пәні: қазақ әдебиеті

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: халық ауыз әдебиеті шығармаларының үлгілерімен танысу;
Көпшілігі: халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көтерілген мәселені анықтау;
Кейбір оқушылар: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, өз көзқарасын таныту.

Бағалау критерийі

  • Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тақырыбын анықтайды;

  • идеясын анықтайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы (6-құндылық)

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: шығармадан алған әсерін сипаттап айта алады
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: фольклор, ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері, жануарлар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Талқылауға арналған сұрақтар

  • Ертегілер қай кезде пайда болған?

  • Ертегі дегеніміз не? Ертегілердің қандай түрлері бар?

  • Ертегілер мазмұны мен тақырыбына байланысты қалай бөлінеді?

  • Ертегілерден нені танып-білеміз?

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка

Алдыңғы білім

Ертегілер туралы бастауыштағы алған білімі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сөзді тап» тәсілі.
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (тұрмыс, тіршілік, халық, салт-дәстүр). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.
Кіріспе сұрақтар:

  • Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?



І. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» сұрақтары.
1. Ауыз әдебиеті ғылымда қалай деп аталады?
2. «Фольклор» қай елдің сөзі?
3. «Фольклор» сөзі қазақ тіліне аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. Фольклор қашан туған?
5. Ауыз әдебиеті шығармалары біздің заманымызға дейін қалай жеткен?
6. Ауыз әдебиетінде халық өмірі қалай бейнеленген?
(оқушылар жауабы тыңдалады).


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару. Жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушылар «ой шақыру» сұрақтарын жауап беріп, жаңа тақырыпты анықтайды.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.



ҚБ




5-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы

Сабақтың ортасы


ІІ. Мағынаны тану. Оқушыларға «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» бейнеролигі көрсетіледі. Бейнероликтен оқушылар жаңа сабаққа байланысты ақпарат алады.
https://www.youtube.com/watch?v=H9dfAF7cR6Y
Тапсырма. Бейнероликтен тыңдаған мәтіннен алған ақпаратты ИНСЕРТ кестесімен түртіп алу.

Дескриптор:

  • Ақпаратпен танысады;

  • Бұрыннан білетін ақпаратын түртіп алады;

  • Жаңа ақпаратты анықтайды;

  • Келіспейтін ақпараттарды түртіп алады;

  • Мәтінге байланысты сұрақ қояды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет