1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу
Өткен сабақты пысықтау: «Таза тақта»
Оқушылар өткен тақырып бойынша тақтаға
сұрақтар немесе ережелер жазып тақтаны
толтырады, содан кейін әр сұраққа жауап беріп,
өшіріп отырады. Соңында барлық сұрақтарға
жауап бергенде тақта таза болып шығады.
Оқушылардың жауаптарын ауызша мадақтау.
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
Сабақтың ортасы
«Миға шабуыл» әдісі
- Логикалық амалдардың қандай түрлерін
білесің?
- Компьютерде логикалық амалдарды
пайдаланудың қандай маңыздылығы бар деп
ойлайсың?
Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндірмесі слайд,
бейнебаян көрсетілімі арқылы.
Оқушылар кітаппен жұмыс істейді.
Түсінгендерін ортада талқылайды.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
1-тапсырма.
- Логикалық өрнектердің мәнін есепте.
Сызбасын сыз.
а) емес (1 және (1 немесе 1) және 0)
ә) 1 және (емес (1 немесе 0) және 1)
б) 1 және 1 немесе 0 және 1
в) 1 және eмес (емес (1) және 0)
Дескриптор:
- Логикалық элементтерді анықтайды.
- Логикалық амалдарды анықтайды.
Фигуралар арқылы бағалау
2-тапсырма.
- Логикалық элементтердің сызбасына қарап,
оның мәнін есептеп тап.
Дескриптор:
Логикалық элементтерді есептеу үшін
қолданады.
Фигуралар арқылы бағалау
3-тапсырма.
- Логикалық сызбаны ескере отырып, сызбаға
сәйкес логикалық өрнекті құра.
Өрнектің мәнін есепте
Дескриптор:
- Логикалық сызба бойынша элементтерді
анықтайды.
- Логикалық амалдарды есеп шешу үшін
қолданады.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына
балл қою арқылы бағалау
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2-тапсырманы орындайды
Стикер
4 балл
Стикер
3 балл
Стикер
3 балл
Сабақтың соңы
1. Компьютердің логикалық элементтеріне
нелер жатады?
2. «Вентиль» дегеніміз не?
3. Вентильдерде неше жағдай қарастырылған?
4. Логикалық амалдарды орындаудың реті
қандай? Есіңе түсір!
Кері байланыс: «Табыс сатысы» әдісі
Оқушылар «Мен білемін», «Мен үйрендім»,
«Мен жасай аламын» сатысы бойынша
пікірлерін жазады.