Тапсырма «Галереяны шарлау» әдісі. Тақырыпқа байланысты тақтаға гиподинамия,жалпақтабандылық және сымбаттылық суреттер ілінеді. Оқушылар суретке қарап отырып,өз ойларымен бөліседі. Тақырып мазмұнын ашады



Дата15.03.2022
өлшемі14,95 Kb.
#28022

Тапсырма-1.

«Галереяны шарлау» әдісі.Тақырыпқа байланысты тақтаға гиподинамия,жалпақтабандылық және сымбаттылық суреттер ілінеді. Оқушылар суретке қарап отырып,өз ойларымен бөліседі.Тақырып мазмұнын ашады.

1-топ. Гиподинамия салдарын анықтаңдар?

2топ. Жалпантабандылықтың пайда болу себептерін табыңдар?

3-топ. Дене сымбаттылығының бұзылу салдарын айқындаңдар?

1. Гиподинамия салдарын анықтайды

2. Жалпантабандылықтың пайда болу себебтерін табады.

3. Дене сымбаттылығының бұзылу салдарын айқындайды.

Тапсырма №2

“Кейс стади” әдісі.

Өмірде жиі кездесетін анатомиялық жағдаяттарды талдау /қосымша/
Анатомиялық жағдаяттар.

1. Тапсырма. Он алты жасқа толған дос қызының туған күн мерекесіне Лаура анасының биік өкшелі туфлиін киіп барды. Жүруге ыңғайсыз болса да, өзін ересек, бақытты сезінді.Мерекелік дастарханнан кейін достары биледі. Ал Лаура аяғының ауырғанынан туған күнді диванда отырып өткізді.Дос қыздары «Ештеңе етпейді, үйренбеген соң ондай болады»- деп жұбатты.Бірақ Лаураның көңіл-күйі бұзылып кештен көңілсіз қайтты

Топтарға №1,2 мәтін беріп, түсініп оқуға уақыт беру, оқып болғаннан кейін жағдаятты талдап,әр топ өз ойларын ортаға салады.



Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, биік өкшелі аяқ киім кию адам денсаулығына әсер ете ме?

2- Тапсырма. Тоғызыншы сынып оқушысы Орынгүл дос қызы Самалды бір ай бойы кешке серуендеуге үйінен шығара алмады.Самал сабағының көптігін, қызықты кітаптар мен телебағдарламалар көргісі келетінін айтып, таза ауада серуендеуге келіспеді. Айдың аяғында Самалдың басының ауырып, тез шаршайтындығына шағына бастады.Мұны естіген Орынгүл дос қызын өзі қатысатын гимнастика секциясына ертіп барды.Секция тренері: «Сенің дене сымбатың қандай қандай еңкіш еді, мүмкін дене шынықтырумен тіптен айналыспайсың-ау деймін. Кітап пен теледидар алдынан кетпейтін қыз болдың ғой. Жарайды, мұнда саған көмектесеміз» - деді.

Сұрақ: Бұл жағдайда С-ның дене сымбатының бұзылуына не әсер етті деп ойлайсыздар?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет