Барлық оқушылар: Квадрат теңдеудің түрлерін ажырату және берілген коэффициенттер бойынша теңдеу құру.
Көптеген оқушылар: Квадрат теңдеудің анықтамасын тұжырымдай отырып, толық квадрат теңдеу түріне келтіру.
Кейбір оқушылар: Квадраттық теңдеудің анықтамасын қолдану және түрлерін анықтай отырып, түбірін табу.
Ұйымдастыру: Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айту арқылы сыныпта психологиялық ахуал туғызамын.
Белсенді оқыту(сұрақ қою және талқылау) Мақсаты: Ашық сұрақтар қою арқылы жаңа сабаққа қажетті негізгі теориялық білімдерді еске түсіру, есте сақтау қабіліеттерін жетілдіру.
«Доп лақтыру »тәсілін қолданамын. Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды,допты қағып алған оқушы сұраққа жауап береді,өзінің сұрағын қояды.Егер сұраққа жауап бере алмаса допты басқа оқушыға береді.Бұл әдіс теориялық сұрақтарды ашып,тілдік мақсаттарды орындауына көмек береді.
Мақсаты: Оқушылардың зейінін шоғырландыру, белсенділігін арттыру
Мұғалімнің сұрақтары: Квадрат теңдеудің анықтамасы.
Толымсыз квадрат теңдеулерді қалай шешеді?
Квадрат теңдеудің коффиценттерін қалай анықтауға болады?
Толымсыз квадрат теңдеулердің тұбірлері әрқашанда табылама? Қандай теңдеудің екі тұбірі болады?
Қандай теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды?
Осы сұрақтарды қою арқылы екі бағалу критерийіне жетемін:
«Серпілген сауал» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін: Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптығы оқушылардың арасында біріне –бірі сұрақтарды қою.