Сабақтың тақырыбы: «Мен түсінігін қалыптастыру» Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата23.09.2023
өлшемі56,56 Kb.
#109924
түріСабақ



Білім беру ұйымының атауы

№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебі КММ

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

4-бөлім. «Қатынас» саласы.Тіл дамыту.

Мұғалімнің аты-жөні:

Бектуган Аружан Муратқызы

Күні:

04.11.2022

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Мен түсінігін қалыптастыру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

“Мен” түсінігі арқылы баланың өз-өзіне деген сенімін нығайту, өз пікірін ашып айтуын дамыту.

Сабақтың мақсаты

Жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру,өзінің есімін және тегін білуге уйрету.
Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру барысы:

Негізгі кезең

Бекіту кезеңі



Сәлемдесу. Педагог баламен айна алдында отырады. Өзін таныстырады.
-Менің атым – апай.
Баланы айнаның алдына отырғызып, өзін айнадан көрсету. Содан кейін оның есімін, жасының нешеде екенін сұрау.
-Мына айнадан сен кімді көріп тұрсын?
-Баланың жауабы (мені)
-Сенің атың кім?
-Бала атын айтады.
-Сенің жасың нешеде?
-Бала жасын айтады.
-Жарайсын, сен өз есіміңмен жасыңды біледі екенсің!

Содан кейін балаға сурет беріледі.


-Мынау кім?
-Бала.
-Қане оған ат қояйықшы.
-Бала өз есімін қояды.
Баладан өскенде кім болуды армандайтынын, нені ұнататынын сұрау. Сұрау арқылы баланың әңгімелесу қабілетін кеңейту.
Ойын: «Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер,басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру,бала алдымен көріп алады. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру.
-Қане мына суреттерде не бейнеленген, айтып берші?
Бала аттарын атап береді.
-Енді, осы суреттерден «Б» - дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа, «Қ»-дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа жинастырайықшы.
Бала нұсқауды орындайды.
Егер бала тапсырманы дұрыс орындай алмай жатқан жағдайда, мұғалім көмек беріп, бірге орындайды
Артикуляциялық жаттығу: кәне, тілімізді жаттықтырайық.
«Түтікше» – ерінді алға қарай созу. 1-5, 1-10 секунд ұстап тұру.
«Ат шауып келеді» - тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек.
Ұсақ қол моторикасын дамыту: Қуыршақты киіндіру.

Мұғаліммен сәлемдеседі. Мұқият тыңдайды.
Айнаның алдына отырып, сұрақтарға жауап береді.

Суретке ат қояды. Өскенде кім болуды армандайтынын, нені ұнататынын айтады.

Үстелдегі заттық суреттерді көріп алады. Суреттерден не бейнеленгенін айтып береді.
Суреттерден «Б» - дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа, «Қ»-дыбысынан басталатын суреттерді бір жақа жинастырады.

Мұғалім айтқан сөздерді қайталайды. Тілін жаттықтырады.


Қуыршақты киіндіреді.



Дескриптор

Смайликтер







Дескриптор

Дескриптор


Айна

Суреттер



Суреттер.
Смайликтер






Қуыршақ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет