Сабақтың тақырыбы: Негіздер. №8 зертханалық тәжірибе "Негіздердің қасиеттерін зерттеу" Оқу мақсаты



Дата25.11.2023
өлшемі227,38 Kb.
#127185
түріСабақ


Пән:Химия
Сынып:8
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Негіздер. №8 зертханалық тәжірибе “Негіздердің қасиеттерін зерттеу”
Оқу мақсаты:
8.3.4.9 -негіздердің жіктелуі мен қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.

Негіздер – құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен қатар металл атомы кіретін күрделі заттар.

Негіздер – құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен қатар металл атомы кіретін күрделі заттар.


LiOH
NaOH
KOH
Осы негіздердің барлығына ортақ гидроксотоп - ОН бар.

Негіздердің жіктелуі


Негіздер
Суда еритіндер (сілтілер)
LiOH, Ca(OH)2, Ba(OH)2
Суда ерімейтіндер
Cu(OH)2, Fe(OH)2, Fe(OH)2
Екідайлылар
Zn(OH)2, Al(OH)2, Be(OH)2
Негіздердің алынуы:
1.Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі нәтижесінде:
2Li+2HOH=2LiOH+H2↑
2. Белсенді металл оксидтерін сумен әрекеттесуі нәтижесінде:
К2O+Н2O=2КOН
3. Ерімейтін және екідайлы негіздерді олардың ерімтал тұздарына сілті ерітіндісімен әсер ету арқылы алуға болады:
ZnSO4+2NaOH=Zn(OH)2↓+Na2SO4
Pb(NO3)2+2KOH=Pb(OH)2↓+2KNO3

Физикалық қасиеттері


Негіздер
Қатты күйде болады
Өте күйдіргіш
Түстері әр түрлі болады
Сабын тәрізді
Теріні, матаны күйдіреді
Сілтілермен жұмыс жасау ережесі!
Сілтілермен жұмыс істегенде сақ болу керек. Егер сілті ерітіндісі теріңізге тисе, жара пайда болуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін тез арада ағынды сумен жуып, зақымдалған аймақты бор қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіңіз.

Негіздердің аталуы

Металл аталып оның валенттілігі жақша ішінде көрсетіліп гидроксиді деген сөз косылады:

NaOH—натрий гидроксиді,

Са(ОН)2—кальций гидроксиді. Халықаралық номенклатура бойынша гидроксотоптардың сандары аталып айтылады:

Аl(ОН)3—алюминий үшгидроксиді,

Ғе(ОН)2—темірдің дигидроксиді,

Ғе(ОН)3—темірдің үшгидроксиді

Кейбір негіздер үшін бұрыннан пайдаланып келген атаулары да бар, олар ерекше қасиеттеріне, белгілеріне қарай қойылған.

NaOH—күйдіргіш натр;

Са(ОН)2—сөндірілген әк.


НЕГІЗ
ҚЫШҚЫЛДЫҚ ОКСИД
ТҰЗ
СУ
НЕГІЗ
ҚЫШҚЫЛ
ТҰЗ
НЕГІЗ
ЕРІМТАЛ ТҰЗ
ЖАҢА ТҰЗ
ЕРІМЕЙТІН НЕГІЗ
ОКСИД
СУ
ЕРІМЕЙТІН НЕГІЗ
СУ
Негіздердің химиялық қасиеттері
2NaOH + CO2
NaOH + HCl = NaCl + H2O
= Na2CO3 + H2O
3NaOH + FeCl3
= 3NaCl + Fe(OH)3
t
Cu(OH)2 =
СuO + H2O
t

№8 зертханалық тәжірибе “Негіздердің қасиеттерін зерттеу”


Мақсаты: Негіздердің құрамы мен қасиеттерін танып-білу.
Реактивтер: Натрий гидроксиді – NaOH (ерітінді), тұз қышқылы - HCl (ерітінді), темір (ІІІ) хлориді - ҒеСl3
1.Сілті ерітіндісінің қышқыл ерітіндісіне әсері.
Жұмыстың барысы: Сынауыққа аздап қышқыл ерітіндісін құйып алып, метилоранж тамызып араластырыңдар. Ерітінді түсі өзгергенше бюреткадан тамшылатып сілті ерітіндісін құйыңдар.
2.Сілті ерітіндісінің тұз ерітіндісіне әсері.
Жұмыстың барысы: Сынауыққа темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйып, оған тұнба түзілгенше тамшылатып натрий гидроксидінің әсер етуін бақылаңдар.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Бұл тәжірибеден не байқадыңдар?
2.Ерітінді түсі қалай және неліктен өзгерді?
3.Реакция теңдеуін жазыңдар.

Бекіту тапсырмалары:

1.Құрамына бір немесе бірнеше ........... қатар, ......... атомы кіретін күрделі заттар .......... деп аталады.

2.Өзгерістіерді жүзеге асыр:

А) K→K2 O→KOH→KCl

Ә) Li→Li2 O→LiOH→Li2 SO4

Б) C→CO2 →H2 CO3 →CaCO3


Na2O

CaO

Al2O3

BaO

Fe2O3

K2O

Берілген оксидтерге сәйкес келетін гидрооксидтердің формулаларын жазыңдар

Кері байланыс


Мен не түсіндім? Мен нені үйрендім?
Мен нені толық түсінбедім?
Алдағы уақытта нені үйрену керек?
Үйге тапсырма
§46-47, В-2, С-2 есептерді шығару, 170 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет