көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алады.
Тілдік мақсаттар
Тілдік мақсат: оқушылар санды көбейткіштерге жіктеу жолдарын, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу жолдарын талқылайды.
Терминология:көбейткіш, квадрат түбір, бөлшек сан, натурал сан.
Диалогқа қатысты сөз тіркестері: Көбейткішті квадрат түбір таңбасының алдына шығару үшін ... Көбейткішті квадрат түбір таңбасының астына алу үшін …
Құндылықтарға баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» құндылығын басшылыққа ала отырып, өзі мен өзгелерді сыйлау, топпен жұмыс жасау, өз жұмысына жауапкершілікпен қарау, сыни тұрғыдан ойлай білуін қалыптастыру.