Сабақтың
ортасы
|
Жаңа білім
Растрлық суреттерді құру және редакциялау.
Компьютерлік графика – суреттерді және 3D моделдерді арнайы компьютерлік программамен жасау, өңдеу, сонымен қатар қоршаған ортаның түрлі фотосуреттерін, бейнелерін өңдеу кезінде программалық жасақтаманы пайдалану.
Растрлық кескін тікбұрышты пішінді түрлі-түсті нүктелер (пиксельдер) жиынтығынан тұрады, мұнда бос ұяшықтар көбіне фонға сәйкес келетін түспен боялады.
1-сурет
Компьютерлік графика түрлері: 2D (OX, OY осьтері бойынша екіөлшемді өлшеу) және 3D (OX, OY, OZ осьтері бойынша үшөлшемді өлшеу):
2-сурет. Растрлық графика
1/4
Пиксель әртүрлі түстерден тұрады. Онда түстер қалай қалыптасады?
Компьютерлік графикада түсті қалыптастырудың бірнеше модельдері бар, олардың көмегімен кескінді мониторда немесе басқа электрондық құрылғыда көрсетуге болады.
RGB (Red, Green, Blue) түсінің қалыптасу моделіне көңіл бөл, аралық түстер үш негізгі түстердің үйлесімі арқылы қалыптасады: қызыл, жасыл және көк.
6-сурет
Түстер 0-ден 255 дейінгі реңк пен қанықтылық мәндерінде және 0-ден 240 дейінгі жарықтылық мәндеріне ие болады.
Растрлық кескіндерді жасауға арналған көптеген графикалық редакторлар бар. Олар пайдаланушының кәсіби деңгейіне байланысты құралдар жиынтығымен ерекшеленеді. Ең танымал графикалық редакторлардың мысалдары төменде келтірілген.
7-сурет. Microsoft Paint
1/5
Microsoft Paint графикалық редакторының интерфейсіне назар аудар.
12-сурет
1 – тақырыптық жол;
2 – мәзір жолы;
3 – құралдар тақтасы;
4 – палитра;
5 – жұмыс аймағы (кенеп);
6 – қалып-күй жолы.
Растрлық кескін кенепте жасалады. Кескінді жасау үшін құралдар тақтасы қолданылады: «Сурет», «Құралдар», «Фигуралар». Фигураны салмас бұрын, оның қалыңдығын, контурын, суреттің түсі мен толтыру (заливка) түсін көрсету керек. Бояу мен толтырудың түсін таңдау үшін «Түс» палитрасы қажет.
Растрлық кескінді жасау кезінде бұрын салынған фигураны көшіру және оның өлшемдерін өзгерту қажет. Нысанды көшіру кезінде алдымен оны таңдау керек, содан кейін келесі әдістердің бірін қолдану керек:
«Басты» мәзірінен«Көшіру»және«Қою»белгішесін таңдау;
мәнмәтіндік мәзірді (тінтуірдің оң жағын басу арқылы) шақырып: «Көшіру», «Қою» таңдау;
жылдам пернелер «CTRL+C» – көшіру, «CTRL+V» – қою (орналастыру).
«Көшіру» операциясының орнына «Қиып алу» операциясын қолданған кезде, нысан басқа жерге орын ауыстырады, бірақ кенепте оның көшірмесі болмайды.
Фигураның өлшемін өзгерту үшін, оны тінтуірдің көмегімен белгілеп, тінтуірді пайда болған бұрыштардың бірінде жоғары немесе төмен қарай қозғау керек.
Нысанның көшірмесін басқа орынға қойған кезде ақ фон қабаттасады, сондықтан көшіру кезінде «Мөлдір фонды» (Прозрачный фон) таңдаған дұрыс.
13-сурет
Нысанға бояу құйған уақытта оның шекарасы жабық болуы керек.
Қалып-күй жолы қатарына назар аудар:
14-сурет
курсордың ағымдағы орны (X, Y);
салынатын суреттің немесе айрықшаланған нысанның өлшемі;
кенептің өлшемі.
№1 тапсырма(ТЖ): СТО «Т кестесі» Артықшылығы Кемшілігі
Дескриптор: Графиканың артықшылығы мен кемшілігін жазады;
|
Жаңа тақырыпты меңгере отырып дәптерлеріне жазып алады
Оқушы дәптерге орындайды
Ұсынылған палитраны зерттеп және пайда болған аралық түстің көлеңке, контраст және жарықтың мәнін анықтайды.
Онлайн мектеп платформасында оқушылар орындайды
|
оқулық
|
Сабақтың соңы
|
Үй тапсырмасы 35 бет тапсырма 1
Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:
Поезд тәсілімен стикер жабыстыру арқылы
1-вагонға; Бүгін не үйрендің?
2-вагонға; Бүгінгі сабақта не ұнадыма?
3- вагонға; Бүгінгі көңіл-күйің қандай болды?
4-вагонға; Басқаларға көмегің тидіма?
|
Оқулықтан үй тапсырмасын орындап электронды түрде жібереді
|
|