Сабақтың тақырыбы: Растрлік (bmp, jpeg,gif) векторлық (AI, cdr) форматтарды қолдану



бет1/14
Дата20.10.2023
өлшемі216,97 Kb.
#119912
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы:
Растрлік (BMP, JPEG,GIF) векторлық (AI, CDR) форматтарды қолдану.
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік
Ә) коммуникативтік құзыреттілік
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі
Графикалық редакторлар форматтарын айыра білуге және жұмыс жасау барысында сақтай білуге үйрету.
Өз әрекетін бағалау мен талдауды, өзіне сыни көзбен қарауды дамыту
Өз іс-әрекетіне бақылауды тапсырылған тәртіппен орындауға дағдыландыру
Сабақтың типі:
Дәріс
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту
Сабақтың әдісі:
Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті.
Пәнаралық байланыс:
АКТ, Информатика
Оқыту құралдары:
Компьютер
Сабақтың барысы:
Оқытушының қызметі
Студенттің қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Суденттермен амандасу;
- Сабаққа ұйымдастыру;
- Жоқ студеттерді белгілеу.
- Оқытушымен амандасу;
- Сабаққа дайындалу;
- Аудиторияны сабаққа дайындайды.
Студенттнр сабаққа дайындалады.
ІІ. Үй тапсырмасы тексеру

- Үй тапсырмасы ауызша сұралады;


-Үй тапсырмасына жауап береді;
Үй тапсырмасына дұрыс жауап беріледі.
ІІІ. Жаңа материалды меңгерту
Форматтарды білу бейненің саспасын бағалауға және сақтауға дұрыс формат таңдауға мүмкіндік береді. Кейбір кезінде танымал болған форматтар қазіргі уақыт талаптарын сай емес, кейбір форматтар ешқайда қолданыс таппаған, өйткені оған программалық қамтамасыз ету жасалмаған.
Растрлік графика форматтары
Растрлік графика жұмыс нәтижелерін сақтауға ең тиімді формат tiff, PhotoShopта жұмыс жасау үшін — psd форматы қолданылады. Басқа форматтар веб-графикаға арналған немесе арнайы мақсатта қолданылады.
bmp -Windows Bitmap -Windowsтағы бейнені экранда көрсетуге арналған. Ол суреттерді жұмыс столында орналастыруға тиімді және программалық қамтамасыз етуді жасауда қолданылады (заставка, экрандық кнопкалардағы пиктограммалар). Bmpға конверттауда алғашқы файлдың сапасы сақталады, бірақ басқа мақсаттарда оптималды емес.
jpg (jpe, jpeg, jif -…-)- Joint Photographics Expert Group- Қазіргі уақыттағы экранды графиканың ең тараған форматы. Сығу алгоритмі жоғары (bmp форматындағы 1,5 мб файл JPEG форматында 10-150 кб орын алады). Бұл форматта цифрлық фотоаппараттың фотосуреттері сақталады.
Растрлік графиканың сапасы бұл форматта әртүрлі болуы мүмкін (сығу коэффициентіне байланысты). Jpgда негізгі мақсат- файлдың көлемін азайту, сапасы екінші орында.
Gif- CompuServe Graphics Interface Format- Аз түсті(256 түске дейін) графиканы сақтауға арналған және оны интернетке орналастыруға арналған формат. Мәліметтерді сығып сақтайды. Экранды графикаға арналған. Мөлдір фонда бейнелер жасау, жол арқылы жүктеуге мүмкіндік береді. Тағы бір ерекшелігі – бірнеше бейнені бір файлда сақтау, яғни ол анимацияланған роликты веб-бетке шығаруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет