Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі



бет1/18
Дата08.06.2023
өлшемі75,16 Kb.
#99594
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Модуль 2 Оқыту мен оқудағы жаңаша тәсілдер пәні бойынша сұрақтар тізімі

  1. Жаңартылған білім беру бағдарламасының міндеттері.

Бағдарламаның міндеттері:
1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады. Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта өмірде қолдана білуіне бағытталған. 

  1. Оқытудың тиімді әдістерін сипаттаңыз.

Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тиімді оқыту және оқу тәсілдері
Белсенді оқу
Бұл тәсілді үйрену мұғалім үшін маңызды, өйткені бесенді оқыту үшін бәрінен бұрын мұғалім тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оларды жаңартып, сабақты дұрыс ұйымдастыруы маңызды.
Барлық әдіс-тәсілдер жүйесін қолдансақ болады. Әдістер: ауызша, жазбаша, тест, Kahoot
әдісі, CLIL әдісі және т.б
Бірлескен оқу
Сыныпта қалыпты ахуал құру, оқушылар бірлесу арқылы оқу мақсатына бірге тез жете алады, яғни тақырыпты толық меңгереді, танымдық қызметі артып, оқушылар бірлесіп жұмыс жасауды үйренеді. Ол кезде педагогикалық қана емес, оқушылар арасында психологиялық қарым-қатынаста орын алады, оқушы ойын анық жеткізгісі келеді, барынша топқа кіріп, топтардан тапсырмаларды бірінші бітіруге асығады
“Джигсо“ әдісі арқылы постер қорғату, топтық тапсырмалар беру, топпен “Бинго” ойынын ойнату, 3 топпен жұмыс: Зерттеушілер, ғалымдар, орындаушылар тобы және т.б
Саралау
Оқушылар үшін: оқушылар бейімі мен деңгейін арттыру, білім деңгейі арқылы оқушыларды жіктеп, білімді жоғарылату маңызды;

Мұғалімдер үшін: ыңғайлы, тапсырмаларды орындап, оқушыларға ұсынады, оқушылардың білім деңгейін арттыруға тырысады.


Топқа немесе жұптық әдіспен сабақ өту, жеке тапсырмалар беру, сұрақ-жауап, “еркін әңгіме” әдісі
Ашық және жабық тесттер орындату
Пәнаралық байланыс
Оқушылардың ой-өріс ауқымын кеңейтуге бағытталған. Әрі өзінің оқып жатқан ғылыми-пәнін толық меңгеру үшін пәнаралық байланыстың маңызы зор. Пәнаралық байланыс арқылы оқушы жан-жақты ғылымнан хабардар болады.
Оқушыларға тақырыпқа байланысты жеке тапсырмалар беру, оқығаны бойынша талдау жасау, пәнаралық байланысты қамтамасыз ету үшін зертханалық жұмыстар (химия), сарамандық жұмыстар да әртүрлі әдістерді қолдану.
Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
Маңызы: оқушыларды қажетті біліммен қамтамасыз ету, оқушы қойған сұрақтарына жауап беру, оқушының сабақ барысында қажеттіліктерін қанағаттандыру, бұл оқытудың маңызы өте зор.
Оқушылардан сабақты қалай өткісі келетін анықтап, соған байланысты тапсымалар дайындау. Поле Чудес, Кубик әдістері және т.б
Оқу әңгімелері (диалог)
Диалогтық әдіс жаңартылған білім беру жүйесінің мазмұнын құрайды, оқу әңгіме оқушының ойлауы деңгейін арттыруға, мұғалімнен немесе құрдасынан еш қысылмауға үйрете алады. Оқушы әңгімелесу барысында өзінің жеке ойын да тақырыпты қорытындылау үшін қолдана алады, бұл арқылы оқушы да өзіндік ой-пікір қалыптасады. Егер бала ұяң болса, онда бұндай оқыту арқылы оқушыны сөйлетуге, өз ойын айтқызуға тез бейімдеуге болады.
“Әңгіме дүкені” ойыны, Галерея әдісі, “Қонаққа бару” әдісі, Ауыспалы жұптар әдісі, “Ғалымдар саяхаттайды” әдістері және т.б
Кезбе тілші әдісі
Электрондық оқу және жаңа технологияларды пайдалану
Оқушы электронды оқулықтармен жұмыс жасауды меңгереді, электронды сауаттылығы дамиды, оқушылар сабақты өте тез қабылдауды үйренеді.
Слайд арқылы тапсрмалар, Kahoot, онлайн тест, FLipitI бағдарламасы бойынша шардағы сұрақтарды айналдыру және бұл бағдарлама бойынша оқушыларды автоматты түрде топқа бөлу, оларға дайын тапсрма беру
Модельдеу
Оқушы үшін: Белгілі бір жүйемен оқытылады, оқушылар нақты білім алады, тапсырмалар орындайды, оқушылардың шығармашылығын дамытуда маңызды;
Мұғалім үшін: мұғалімдер білім беруді нақтыландырады, белгілі бір модуль бойынша білім береді.
Көрнекіліктер арқылы сабақ өту. “Кім біледі”, ерекше биологиялық диктант, “муляжды сипаттау”, фишбоун әдісі және т.б
Сындарлы оқыту
Оқушы мен мұғалімнің кері байланысын күшейте түседі. Бұл оқытудың маңызы алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру жүреді, бұл жағдайда оқушылар жаңа сабақты тез түсіне алады.
Таза тақта әдісі, Миға шабуыл әдісі арқылы, “бастау сабақ” әдісі, Бастау сабақ әдісінде мұғалім сабақ басталмас бұрын тақтаға қткізілген және жаңа тақырып терминдерін жазады. Оқушылар олардың қай тақырыпқа жататынын анықтайды, және қосымша сол терминдерге оқушылар жауап береді.
Проблемалы оқыту
Проблемалы оқыту оқушының ойлау деңгейін анықтау үшін, ой-өрісін кеңейтіп, оқушыны ойлауға талпындырады. Проблеманы шешу жолының бір немесе бірнеше жолын оқушылар таба алуы қажет. Бұл оқыту т.рі оқушыларда ойлау дағдысын арттырады, өткізілген тақырыпты жаттанды түрде түсінудің алдын алады.
Кейс-стади әдісі-проблемалы сұрақтар ортаға қойылады, оқушылар проблема шешімін табудың бірнеше жолдарын іздейді.
“Қабырға газеті” әдісі-оқушылар топпен ол жерге проблемалық сұрақтар іледі, әрбір топ қарап шығып оны шешуге тырысады.
АҚТ-ны пайдалана отырып оқыту
Оқушы үшін: ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етіледі,
Мүғалімдер үшін: пайдалануды дағдыға айналдырады, бұл арқылы оқушыларды қызықтыра алады, түрлі әдістермен байланыстыра алады.
Заманауи технлогиялық програмалармен сабақ өту. Zoom арқылы немесе күнделікті интернеттен видео-бейнелер көрсету, Inshot бағдарламасымен видео дайындау, топтық жұмыс.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет