Сабақтың тақырыбы Санны ң дәрежесі Сабақтың түрі Жаңа тақырыппен танысу сабағы



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі44,89 Kb.
#20215
түріСабақ
  1   2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1В бөлім: Натурал сандардың бөлінгіштігі



Мектеп: Саран қаласының №4 ЖББМ

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:Газизова Д.К.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Санның дәрежесі

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыппен танысу сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.3 натурал сан дәрежесінің анықтамасын білу;

5.1.1.4 натурал санды ондық жазылу түрінде көрсету;


Сабақтың мақсаттары

Оқушыларды санның дәрежесі, дәреженің негізі және санның көрсеткіші түсінігімен таныстыру. Дәрежеге келтіру түсінігін есеп шығаруда бекіту

Жетістік критерийлері:

Оқушылар көбейтіндіні дәреже түрінде елестете алады,

Натурал сандарды ондық жазба түрінде жаза алады.



Тілдік мақсаттар:


Оқушылар:

  • тең көпмүшелердің көбейтіндісін дәреже түрінде жазбаша және ауызша орындай алады.

  • пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Бөлім бойынша лексика және терминология:

  • санның дәрежесі;

  • дәреженің негізі;

  • дәреженің көрсеткіші;

  • дәреженің мәні;

Диалогқа және жазылымға қажетті тіркестер:

  • Тең көпмүшелердің көбейтіндісін келтіруге ........ болады;

  • Санның екінші дәрежесін …, санның үшінші дәрежесін атайды ......;

  • Егер көпмүшелер арасында бірдей әріптік көбейткіштер бар болса, онда …

Құндылықтарды дарыту

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс




АКТ қолдану дағдылары

АКТ қолдану дағдысын дамыту.

Бастапқы білім

Натурал сандарды көбейту және бөлу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Сабақтың басын ұйымдастыру (3 мин)

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру, қиын тапсырмалармен жұмыс жасау.



Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын тұжырымдау және жазу. (2 мин)
Ұжымдық жұмыс. Слайдтарда көрсетілген сандардың қосындыларын оқушылар көбейтінді түріне келтіреді.
Қосындыны көбейтумен алмастырыңыз (слайд 1):

  1. 5+5+5+5+5+5+5+5+5+5

  2. 3+3+3+3+3

  3. 7+7+7

  4. 4+4+4+4+4+4

Жауабы: 5∙10; 3∙5; 7∙3; 4∙6



Көбейтіндіні тиімді тәсілмен жазудың жолы бар ма? Мысалы, 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5 көбейтіндіні қысқаша қалай жазуға болады?



Мынадай жолы бар 5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5∙5=510

510 - “бестің он дәрежесі” деп оқылады.

5 – дәреженің негізі

10 – дәреженің көрсеткіші, көбейтіндіде қанша көбейткіш болғанын көрсетеді.

Математикада бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін дәрежеге келтіру деп атайды.

Дәрежеге келтірудің шешімін дәреженің мәні деп атайды.



Сабақтың тақырыбы мен сабақтың мақсатын жазу (слайд 2).



Тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға сауалнама жүргізіледі. Олар өздері тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды. Уақыт аяқталғаннан соң слайдтағы дайын жауаптармен жұмыстарын тексереді. Бағалау дескрипторлары да слайдта көрсетілген.

Дескрипторлар:

  • Санның дәрежесін дұрыс есептейді

  • Санның негізін дұрыс есептейді

  • Дәреженің көрсеткішін дұрыс табады

  • Санды дәреже түрінде дұрыс жазады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет