Тақырыбы: Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың ерекшеліктері



бет1/14
Дата18.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94548
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі МКҚК

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Шетел тілі сабақтарында лексиканы оқытудың ерекшеліктері


Мамандығы: 0105000 - Бастауыш білім беру
Біліктілігі: 0105033 - Шетел тілінен бастауыш білім беру
0105061 - Тәрбиелеушінің көмекшісі

Орындаған: 4 курс 412 - топ студенті
Тұрсынбай Фархат
Жетекшісі: Азимжанова Л.К
Шетел тілін оқыту әдістемесі
пәнінің оқытушысы
Есік қаласы, 2022-2023 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................3

  1. Негізгі бөлім

  1. Тілдің лексикалық жүйесі туралы теориялық негіздер............................5

    1. Лексика және оның анықтамасы………............................................6-9

    2. Лексиканың салалары мен түрлері………………………………...9-10

    3. Шет тілін үйрену процесінде лексиканы меңгерудің маңыздылығы....................................................................................10-15

  2. Шет тілі сабақтарында оқушыларды лексикаға үйретуде қолданылатын тәсілдер...................................................................................................16-19

    1. Лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен әдістері.....................20-23

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................29
Қосымша


Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шетелдермен экономикалык, саяси, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары даму үстінде. Сондықтан елімізге шет тілдерін жетік меңгерген мамандар аса қажет. Жалпы шет тілдерін меңгеру арқылы кез-келген адам баска елдін тарихын, тілін, мәдениетін, бүгінгі күнгі өмірін таниды. Қазіргі заман азаматы өзін мәдениетті, білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шет тілдерін білуі керек. Ал, осы шет тілдерін толық түрде игеру үшін, шет тілін оқытуды кіші сыныптардан бастауымыз керек. Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды,тілін оқытып жатқан елмен жан-жақты танысады. Оқушы шет тілін қатынас құралы ретінде меңгеру үшін мұғалім оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді, әр түрлі ойын түрлерін, түрлі көрнекіліктерді тиімді, қолдана білуі керек. Ал шет тілін жетік меңгеру үшін бірнеше аспектілерді білу маңызды болып келеді, мысалы: грамматика, фонетика, стилистика, лексика және тағы басқалары.
Шетел тілі аспектілерінің ішінде аса маңыздысы-лексика. Өйткені шамалы болса да, сөздік қорын игермей шетел тілін іс жүзінде игеру мүмкін емес.
Ағылшын тілінің аспектілерінің ішінде лексиканың бірінші орын алуының себебі мынада: кейбір грамматикалық материалды меңгермегендіктен, сөзде грамматикалық қателер бола тұрса да, адамдар арасында қатынас болуы мүмкін, олар бір-бірімен түсінісе алады. Ал басқа біреудің сөзін түсіну үшін немесе өз ойын айтып жеткізу үшін қажетті лексиканы білмеген жағдайда коммуникация мүлдем бола алмайды, яғни басқа адамның сөзін түсіне алмаймыз, өз ойымызды да жеткізе алмаймыз. Сондықтан шетел тілін оқытуда, лексикаға көп көңіл бөлу керек, сабақ барысында лексиканы оқытудың ерекшеліктерін де анықтау керек. Шет тілінің ауызекі сөйлеу лексикасында күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын кәдімгі үйреншікті, жұрттың бәрі де айта беретін сөздер жатады.Сонымен қатар, шет тілінің ауызекі сөйлеу лексикасы тілдің ежелгі сөздік қоры, әдеби тілдің бастауы, кайнар көзі мен сарқылмас бұлағы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет