Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендерін орындау



Дата21.06.2023
өлшемі34,5 Kb.
#102859
түріСабақ

«Бекітемін»
______________
Мектеп директоры



  1. Сабақтың тақырыбы: Саптық тұрыс, «Саптал», «Түзел», «Тік тұр», «Еркін тұр», «Бас киімді – ШЕШ», «Бас киімді – КИ» пәрмендерін орындау

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды саптық тұрысты қабылдау пәрмендеріне үйрету.

  3. Уақыты: 45 минут.

  4. Өткізілетін орны: 10 сынып, Саптық алаң.

  5. Көрнекілік ұүралдар: Саптық жарғы, АӘД оқулығы.

  6. Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу тарихын қысқаша айтып беріңдер.

  • Егемен Қазақстанның даму бағдары қандай?



б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Саптық тұрыс. «Саптал!», «Түзел!», «Тіктел!»,

«Еркін тұр!», «Жинақтал!» пәрмендерін орындау.

Саптық тұрыс «Саптал!» немесе «Тіктел!» пәрмендері бойынша қабылданады. Осы пәрмен бойынша тығыздалмай, тік тұру керек, өкшелерді қосып, аяқтың ұшын маңдайшептің сызығы бойынша, оларды табанның еніне қойып түзеу керек; иықтарды жазып, ішті тартып, кеудені тік ұстап, денені біршама алға ұмсыну керек; саусақтарды жартылай бүгіп жамбасқа тигізіп төмен жіберу керек; басты жоғары және тік ұстап иекті алға шығармай ұстау керек.


«Еркін тұр! » пәрмені бойынша оң немесе сол аяқтың тізелерін бос ұстап, орнынан кетпей, сөйлеспей еркін тұру керек.
«Жинақтал!» пәрмені бойынша саптағы әз орнын тастап кетпей, қаруын, киімдерін, жабдықтарын түзеу керек. жинақталу бас киімнен басталады.
«Жинақтал!» пәрменінің алдында «Еркін тұр! » пәрмені беріледі.
Бас киімдерді шешу немесе кию үшін «Бас киімді шеш», «Бас киімді ки» пәрмендері беріледі.
Шешілген бас киім күнқағарымен алға ұсталып, еркін түсірілген сол қолға ұсталады.
Қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң, ал қарумен «бауға», «кеудеге», «аяққа» күйінде сол қолмен шешіледі.
Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде, карабин алдын ала аяққа түсіріледі.
Бөлімшелердің сапқа тұруы алдымен сапқа тұру тәртібі көрсетіліп, «Саптал!» пәрмені бойынша жүргізіледі.
Мысалы: «Бөлімше, бір қатарға – саптал».
Бұл пәрмен бойынша әскери қызметші саптағы өз орнына белгіленген аралықты және арақашықтықты сақтап, саптық тұрысты қабылдайды.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • саптық тұрыс қалай және қай уақытта орындалады?

  • саптық тұрысты орындау үшін қандай пәрмендер беріледі?

Бастапқы әскери даярлық пәнінің


ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет