Ойынның мақсаты: жан жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету



бет1/10
Дата05.04.2022
өлшемі67,35 Kb.
#29995
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қуып жет 
Ойынның мақсаты: жан – жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету. 
Мазмұны: ойын алаңына екі жерден сызық жүргізіледі. Біріншісі – «сөре» сызығы. Одан 20-30 м қашықтықта «мәре» сызығы сызылады. Ойыншылардың арасынан 2-3 қуғыншы тағайындалады. Олар «сөре» сызығының үстінеде тұрған ойыншылардың артында 2 м жерде тұрады. 
Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар: «Бір, екі, үш» - деп дауыстап санайды. 
«Үш» дегенде, сызықтың үстінде тұрған балалар алға қарай жүгіре жөнеледі. Артындағы қуғыншылар оларды қуып, «мәре» сызығына жеткенше ұстауға тырысады. Қуғыншылардың қолдары тиген ойыншылар шетке шығып тұрады. 
Келесі ойында қуғыншылар ұсталмаған балалардың арасынан сайланады. 
Ойынның ережесі: 
1. Қуғыншыдан қашқанда артқа қарамай, түзу жүгіріп қашу керек. 
2. Қуғыншылар ойыншыларды қағып – соқпайды, оларға тек қолдарын ғана тигізеді. 
3. Жүгіріп келе жатып, тоқтап қалуға болмайды. 
Әдістемелік нұсқаулар: сыныптағы оқушылардың шамасына қарай, олар ұлдардың командасына, қыздардың командасына немесе аралас командаларға бөлінеді. Ойыншылардың жүгіретін қашықтығын қысқартуға немесе ұзартуға болады. Жүгіргенде балалардың бір – біріне кедргі жасамауларын қадағалау қажет. 
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар тура жолмен бар күшін жұмсап жүгіруге үйренеді. Ұсталып қаламын деп қорықпай, қарсы әрекет жасап, батыл болуға дағдыланады. Жеткізбей кетсе, өз күшіне сенім пайда болады. 

Ақ сандық, көк сандық 

Ойынның мақсаты: екі – екіден тұрып, бір – бірімен күштерін салыстыруға үйрету. 
Мазмұны: ойыншылар санау арқылы екі – екіден бөлініп, ойын алаңында шашырап тұрады. 
Мұғалімнің берген белгісінен кейін, олар бір – біріне теріс қарап тұрып, қарсыласын арқасына көтеріп алуға тырысады. Кімде – кім бірінші қарсыласын көтеріп алса, сол қарсыласын арқасында ұстап тұрып, сұрақ сұрай бастайды: 
«Аты – жөнің кім?», «Не көрдің, не білдің?», «Қандай кітап оқыдың?», «Қандай тақпақ білесің?», «Менің жұмбағымды шеше аласың ба?» деген сияқты бірнеше сұрақ беріп, оларға жауап алуы қажет. Жауап алған соң барып ол арқасындағы баланы жерге түсіреді. 
Екінші жолы күш сынаспай – ақ кезекті екінші ойыншыға береді. Ол да бірінші ойыншы сияқты сұрақтарына тез, дұрыс жауап алуға тырысады. 
Ойын мұғалімнің қалауы бойынша тоқтатылады. Ойынның соңында мұғалім қарсыласын көпке дейін шаршамай арқасында ұстаған, көп сұрақ қойған «күштілерді» ерекше атап өтеді. 
Ойынның ережесі: 
1. Күштері бір – бірімен теңдес балалар өзара жұп құрады. 
2. Арқаға көтеру әдісі барлық ойыншы үшін бірдей болуға тиіс. 
3. Арқадағы бала аяғын жоғары көтермеуі керек. 
4. Сұрақ, жауапты әр жұп өздері ойларынан шығарады. 
Әдістемелік нұсқаулар: Ойын қызықты өту үшін мұғалім алдын ала дайындық жүргізеді.
Оқушылар дене шынықтыру сабақтарында жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. 
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар қимыл – қозғалыс әрекеттерімен бірге ақыл – ойларын жетілдіруге жақсы мүмкіндік алады. Олардың тіл байлығы артып, қоршаған дүние туралы түсініктері жетіле түседі. Күш – қайраты дамып, қимылы сапаланып, жақсарады. 

Алтын балық 

Ойынның мақсаты: бір – біріне соғылып қалмай, бұлтарып жүгіруге дағдыландыру. 
Мазмұны: ойын алаңының (теңіздің) ені 5-6 м, ұзындығы 20-22 м. «Теңіздің» бір шетінде «балықшының» «қорабы» сызылады. Мұғалім ойыншылардың арасынан өзіне бір көмекші таңдап алады. Көмекші «теңіздің» бір жағында, ал мұғалім – «балықшы» қолына бір шетіне құм салынған қалташа байланған ұзындығы 5-6 м жіп ұстап, «теңіздің» екінші жағасында жүреді. 
Балалар – «балықтар» теңіздің ортасында «малтып» жүреді. Мұғалім кенеттен «ұста» деп, көмекшісіне жіптің бір шетін лақтырады. Сол кезде жіптің бір жағындағы «балықтар» ұсталған болып есептеледі. Олар балықтарды жіппен қаумалаған күйі балықшының «қорабына» апарып «салып» қояды. 
Балықшының «Балықтар, малти беріңдер!» деген белгісі бойынша ойыншылар ойынды әрі қарай жалғастыра береді. 
Ойын осылай екі рет ойналған соң үшінші ретте ұсталған балықтардың арасынан балықшы «алтын балықты» таңдап алып, өзіне көмекші етіп сайлайды. 
Ойынның ережесі: 
1. Балықтар «ұста» деген белгіні күтіп, балықшының қимылын аңдиды. 
2. Балықшы мен оның көмекшісіне «теңізге» кіруге болмайды. 
3. Ұсталған балықтарға «аудан» шығуға болмайды. 
4. Балықшы балықтарды қолымен ұстауына болмайды. 
Әдістемелік нұсқаулар: ойыншылардың қимыл – қозғалыстары шамалары келгенше балықтың қимылына ұқсас келуін қадағалап отырған жөн. 
Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар өздерінің оқып – білгендерін іс жүзінде пайдалануға өздерінің шамаларын байқауға дағдыланады. Балалардың есте сақтау қабілетін жетілдіруге жағдай туады, олардың шығармашылық қиялдауы кеңейе түседі. 

Қуғыншыдан құтқару 

Ойынның мақсаты: балаларға тез бұлтарып жүгіру тәсілдерін меңгерту. 
Мазмұны: Алаңда үлкен шеңбер немесе төртбұрыш сызылып, ойнайтын жер алдын ала дайындалады. Ойыншылардың арасынан санамақ арқылы бір «қуғыншы» сайланады. Ойын алаңнан шықпай, ішінде жүріп ойналады. 
Мұғалімнің «Қуғыншы табылды!» деген белгісінен кейін сайланған бала қолын жоғары көтеріп: «Мен қуңыншы»! – деп айқайлайды да, балаларды қуа жөнеледі. 
Қуғыншының қолы тиген ойыншы қолын жоғары көтеріп , қуғыншы болғанын білдіреді де, ойынды әрі қарай жалғастырады. 
Бірақ ойыншылар қуғыншыдан бір-бірін құтқаруларына болады. Ол үшін : қашып келе жатқан ойыншы мен қуғыншы екеуінің арасынан кесіп жүгіріп өтсе; 
Қашып келе жатқан ойыншыға қол тигізсе; 
Қашып келе жатқан ойыншымен қол алысса, онда қуғыншы сол ойыншыны қуады. 
Ойынның ережесі. 
1. Қуғыншы қолын көтеріп: «Мен қуғыншы» деп басқаларға ескерткеннен кейін ғана ойыншыларды ұстауына болады. 
2. Ойын алаңынан шығып кеткен ойыншы ойыннан шығады. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Бүл ойынды ұйымдастыру үшін алаңды дұрыс таңдаған жөн. Ойыншылар жүгірген кезде бір-біріне немесе басқа заттарға соғылып қалмау үшін қадағалау керек. 
Ойын қызықты өтуі үшін ойынныі мазмұнына әртүрлі қосымша тапсырмалар енгізуге болады. 
Бір ойында бір қуғыншы ғана емес, бірнеше қуғыншы сайлауға болады. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Ойынның педагогикалық маңызы өте зор. Ойыншылар жолдастықты іс жүзінде көрсете алады. Достары көп болғанның пайдасын көреді.Қауіптен қорықпай, қиыншылыққа қарсы тұруға дағдыланады. 
Ойын барысында ойыншылар жүгіру жаттығуларын орындау тәсілдерін жетілдіреді. Өз қимыл –қозғалысын өзгелермен үйлестіруге үіренеді. Шапшаң, епті қимылдауға жаттығады. 

Сызықтан секіру 

Ойынның мақсаты: Қос аяқтап секіру тәсілдерін үйрету. 
Мазмұны: Ойын алаңының бір шетінен түзу сызық сызылады. Сыныптағы оқушылар санау арқылы төрт командаға бөлініп, олардың біріншілері сол сызықтың үстінде тұрады. Осы сызықтан 4-5 қашықтықта бір-бірінен ара қашықтығы 40-50 см болатындай өзара параллель 8-10 сызық жүргізіледі. 
Мұғалімнің белгісі бойынша әр команданың бірінші тұрған ойыншысы бірінші сызыққа дейін жүгіріп келіп , аяқтарын біріктіріп ұстап, паралелль сызықтардан қос аяқтап секіріп өтеді де, қайтып келіп, тізбектің артына барып тұрады. 
Мұғалім секіріп өткен балалардың секіру әдістерін бағалап, басқа ойыншыларды көмекке шақырады. Бұдан соң келесі қатардағы төрт ойыншы секіріп өтеді. 
Ойын осылай барлық ойыншылар секіріп өткенше жалғасабереді. Ойынның соңында әр қатардағы қос аяқтап жақсы секіретін балалардың аты аталады. 
Ойынды бірнеше рет қайталап ойнатуға болады. 
Ойынның ережесі 
1. Ойыншылардың тез секіргені емес, дұрыс секіргені бағаланады. 
2. Секіру кезінде балалар арасындағы ара қашықьтықтар сақталуы керек. 
3. Оқулықта көрсетілген секіру техникасы орындалуға тиіс. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Ойынды 1-2 рет өткізгеннен кейін, сыныптағы қос аяқтап секіру техникасын жақсы меңгерген екі-үш баланың секіргенін басқа ойыншыларға көрсетіп , басқа ойыншылардан солар сияқты секіруді талап ету керек. 
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Секіру жаттығулары бала аяқтарының бұлшық еттерінің ,қарын, арқа,бұлшық еттерінің жетілуіне ықпалын тигізеді. Қимыл-қозғалыс әдістерін көбейтіп, қимыл сапаларының үйлесімі артады. Бала өз күшіне сенуге үйренеді. 

Қалашықтар арасындағы доптар

Ойынның мақсаты: допты аяқпен тебудің әдістерін жетілдіру. 
Керекті құралдар: 2 футбол добы, 10 ағаш кесіндісі немесе кеглилер.

Мазмұны. 

Ұзындығы 16-20м, ені 8-10м алаңның шетіне сөре сызығы сызылады. Ойыншылар екі командаға бөлініп, сол сызыққа тізбектеліп тұрады. 
Әр команданыңалдына,осы сызықтан 4 м қашықтықта, аралары 2 м болатын бес-бестен кеглилер және бір-бірден футбол добы қойылады. 
Мұғалімнің белгісінен кейін әр командадағы бірінші тұрған ойыншы аяғымен допты теуіп,ал алдындағы кеглилердің арасынан жүгіріп өтеді де, ойып кезегін екінші ойыншыға береді. Ол келесіге, Ойын осылай командадағы бар ойыншылар допты теуіп жүгіріп өткенше жалғасады. 
Қай команда ойынды бірінші бітірсе, солар жеңіске жеткен болып саналады. 
Ойын осылай үш рет жүогізіліп, соңында жалпы қорытындысын шығарады. 

Ойынның ережесі. 

1.Бірінші ойыншы допты теуіп жүгіріп кеткенде тізбекте тұрғандар бір қадам алға қарай жылжып тұрулары керек. 
2.Ойынды бітірген бала тізбектің соңына барып тұрады. 
3.Қойылған белгілерді оң және сол жақтарымен кезек айналып өту қажет. 
4.Жығылған белгілерді бос тұрған ойыншылар қайта тұрғызып қояды. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Ойын қызықты өту үшін командалар өздеріне ат қойғандары жөн. Ойын басталғанда ойыншылар қай аяқтарымен ойнаса да шек қойылмайды.Оқушылардың көпшілігі ойын ережелерін жақсы меңгеріп, допты жақсы тебуді үйренгеннен кейін допты бір аяқпен теуіп жүгіреді. 
Мұғалімнің ұлдар мен қыздар төменгі сыныптарда бөлек команда болып ойнайтынын есінен шығармағаны жөн.
Ойынның педагогикалық маңызы. 
Оқушылар аяқтарымен допты тебу арқылы өздерінің қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Команда болып бір нәтижеге дағдыланады.Допты жақсы сезіп, оның қалай қозғалатынын бағдарлауға дағдыланады. 

Ойынның мақсаты: допты аяқпен және қақпаға дәлдеп соғуға үйрену. 
Керекті құралдар: бір футбол добы мен жеңіл қақпаша. 

Мазмұны. 

Ойыншылар «соққыштар» мен «қаққыштар» болып екі командаға бөлінеді. Соққыштар алаңның шетіндегі сызықтың үстінде бір тізбек болып тұрады. Ал қаққыштар ойын алаңында шашырап жүреді. 
Алаңның дәл ортасында соққыштарға қаратып қақпа қойылады.Бірінші тұрған соққыш бала ойын жүргізушінің белгісімен допты бір аяқпен алаңға қарай соғып жібереді де, өзі алаңнаң келесі жағына дейін жүгіріп барып, қайта бастапқы қызыққа келуге тырысады.
Егер ол бірінші келсе, командасына бір ұпай әкеледі. 
Алаңда тұрған ойыншылар допты тез тоқтатып алып, бір-біріне теуіп,тез қақпаға соғуға әрекеттенеді. 
Егер олар допты қақпаға жүгіріп кеткен ойыншыдан бұрын қаға алса, ұтыс ұпайын иеленеді. 
Өз мақсатына бұрын жеткен команда бір ұпай жеңіп алады. Соққыштардың келесі ойыншысы да допты қақпаға соғып,алаңның екінші шетіне тез жүгіріп барып келгенше жалғасады. 
Соңында ұпай көп жинаған команда жеңімпаз болады. 
Ойын келесі жолы басталарда командалар орын ауыстырылып ойнайды. 

Ойынның ережесі. 

1.Соққыштар допты аяқпен ғана тебеді.Жүгіргенде бір-бірден ғана жүгіреді. 
2,Алаңда тұрған ойыншылардың допты қолмен ұстауына болмайды. 
3.Егер соғушының добы алаңның шетінен шығып кетсе, ол бала жүгірмейді. Кезегін келесі балаға береді. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Бұл ойынның мазмұны мен ережесі оқушылардың жақсы көріп ойнайтын доп қуу ойынына ұқсайды.Өзгешелігі – допты аяқпен соғу.Ойыншылардың допты тура соғуы үшін көбінесе аяқтың басымен соққанын қадағалап отыру керек. Допты дәл ортасынан соққанда ғана тура ұшады.Допты тек қолдарымен ғана емес,денемен,иықпен,аяқтың барлық жерлерімен тоқтатуға болады. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Оқушылар допты аяқпен соғудың бірнеше әдіс-тәсілдерін үйренеді.Белгілі бір бағытта дәлдеп соғуға жаттығады.Бар күшін жұмасап тура, бұрылып жүгіруге жаттығады. Команда намысы үшін тырысады. 


Ойынның мақсаты: 
допты аяқпен дәлдеп соғуға үйрену. 
Керекті құралдар: футбол доюы,8 кегли немесе таяқша. 

Мазмұны. 

Ойншылар екі командаға бөлінеді.Әр команда ойын алаңының екі шетінен 3х5м шаршы сызып,соның шетіне арасын м етіп 4 кегли тігеді.Әр шаршының қасында бір қорғаушы тұрады. Орталық сызықтың екі жағында үш үштен екі команда «шабуылшылары» тұрады. Қалған ойыншылар алаңның ортасында шашырып жүреді. 
Жеребемен допты қай команда ойынға қатыстыратыны анықтылады. 
Ойын бастаушының ысқырығы бойынша ортада доппен тұрған ойыншы екі жағындағы ойыншыларға допты теуіп, қарсыластарының алаңына кіріп, доппен қатар тұрған кеглилерін құлатпақшы болады. 
Қай команданың добы қарсыласының белгісін бқрын құласиса, сол команда бір ұпай алып, алаңның ортасындағы сызыққа тұрып, допты ойынға қосады. 
Ойын осылайша бір команданың кеглилерін түгел құлатып біткенше ойналып, жиналған ұпайларын санап, жеңіске жеткен команданы анықтайды. 
Келесі ойынды командалар орын ауыстырып, ойынды әрі қарай жалғастырады. 


Ойынның ережесі. 

1.Ойын барысынды қорғаушы тұрған орнынан кетпеуі керек. 
2.Қорғаушылар да өздерінің тұрған орындарынан аса алыс кетпейді. 
3,Шабуылшылар алаңның барлық жерінде жүре алады. 
4.Қарсылас қоманда ойыншыларына сызылған шаршыға кіруге болмайды. 
5.Ойын барысында доп алаңнан шығып кетсе, оны қарсылас команданың ойыншысы алаңның шетіндегі сызықтан екі қолмен лақтырып ойынға қосады. 

Әдістемелік нұсқаулар. 

Ойын футболға ұқсас болғндықтан ережелерінің көпшілігі сол футболдың ережесіне ұқсайды.Допты қолмен тоқтатуға болмайтынын,қарсыласын итермей, аяқпен шалмай ойнауларын қадағалап отыру қажет. Ойынды жүргізуге төрешілік етуге бос тұрған ойыншыларды қатыстыру керек. 
Ұлдар мен қыздарды бөлек ойнатуды ұмытпаған абзал. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Допты әр түрлі ойын барысында туындайтын жағдайларға байланысты сан алуан әдіс-тәсілдермен: аяқтың басымен, тобықпен,өкшкмен, тағы да басқа дене мүшелерімен соғып үйренеді. Команда жеңіске жету үшін қолдарынан келген неше түрлі қимыл -әрекеттерді бірігіп жасауға дағдыланады. 
Ұйымшыл болып,бір-бірінің айтқандарын тыңдауға үйренеді. 

Допты шығыршыққа түсір

Ойынның мақсаты: екі қолмен допты аспандата лақтырып,нысанаға түсіруге үйрену. 
Керекті құралдар: баскетбол ойынының шығыршығы ілінген баған, баскетбол добы, ысқырық. 

Мазмұны. 

Ойын алаңының дәл ортасына баскетбол ойынының шығыршығы ілінген,биіктігі 130-150 см баған қойылады. Сол бағанды айналдыра диаметрі 4 м және диаметрі 8 м шеңбер сызылады. 
Екі команданың да қорғаушылары шеңберлердің арасында аралас тұрады.Шабуылшылары да үлкен шеңбердің сыртында аралас жүреді. 
Жеребемен қай команданың ойынды бастайтыны анықталады. 
Ойынды бастауға белгі берілгеннен кейін екі команда да шығыршыққа түсіру үшін допты мүмкіндігінше қарсыластарына бермей, бір-біріне лақтырады.Ал екі шеңбердің ортасындағы ойыншылар шығыршықты қарсылас команданың ойыншысынан қорғап, қолына түскен допты өз командасының бір ұпай әкеледі. 
Ойын осылай жалғаса береді.Соңында қай команда көп ұпай жинаса, солар жеңген болып саналады. 
Ойынның ережесі. 
1.Шабуылшыларға шеңбердің ішіне кіруге болмайды. 
2.Қорғаушыларға екі шеңбердің ортасынан шығуға болмайды. 
3.Шығыршыққа түсірген бала допты ойынға қосады. 
Әдістемелік нұсқаулар. 

Әркім өз ойыншыларын қарсыластарынан ажырата алу үшін команда киімдері екі түрлі болуы керек.Бір команданың ойыншылары допқа таласып қалмайтындай болып, қарсылас команда мүшелерімен аралас тұруларын қадағалау қажет. 

Ойынның педагогикалық мазмұны. 

Оқушылар керексіз көп қимыл-қозғалыстарынан арылып,қимылдарын ықшамдап әрекеттенуге үйренеді.Баскетбол ойынында допты лақтыру мен қағып алу әдіс-тәсілдеріне жаттығады.Айналаны тез бағдарлап,өз ойыншыларына допты нақтылап беруге дағдыланады.

Баскетбол

Ойынның мақсаты: допты қолмен ыршытып келіп,шығыршыққа дәлдеп түсіру әдістерін жетілдіру. 
Керекті құралдар: балалар санына қарай баскетбол добы, ысқырық. 

Мазмұны 

Ойыншылар екі командаға бөлінеді. 
Ойын баскетбол алаңында өтеді.Команда алаңның екі жағына бөлініп,шығыршыққа қарап екі жақтан тізбек болып тұрады. 
Ойынның басталыуна берілген белгі бойынша екі командының бірінші болып тұрған ойыншысы қолындағы добын жерге соғып ыршытып келіп, допты шығыршыққа, дәлдеп түсіруге тырысады. 
Қай ойыншының добы шығыршыққа түссе, сол бір ұпай алады. Мұғалімнің ысқырығы естілгенде екінші болып тұрғандар доптарын шығыршыққа лақтырады. Ойын осылайша ойыншылардың барлығы шығыршыққа доп лақтырып болғанша жалғаса береді. Соңында ойыншылардың жинаған ұпайлары есептеліп, қай команда ұпайды көп жинаса, солар жеңіске жеткен болып саналады. 
ОЙын осылай 3 рет қайталағаннан кейін ойынның жалпы нәтижесі шығады. 
Ойынның ережесі. 
1. Допты жерге соғып ыршыту сызықтан басталады. 
2. Ұпай тек шығыршыққа түсіргендерге ғана беріледі. 
3. Допты ыршыту мен жүру кезінде жіберген қателіктері үшін командыға айып салынады. 
Әдістемелік нұсқаулар. 

Бұл баскетбол ойынына дайындық ретінде өткізілетін эстафета сыныптағы оқушылардың доппен жаттығуларды толық меңгерген кезінде жүргізіледі. Ойынның алдында балаларға өз беттерімен допты шығыршыққа лақтырып жаттығатын уақыт берілед

Ойынның педагогикалық маңызы. 

Эстафета балалардың баскетбол ойынына деген ынтасын арттырады. Ол ойынның жаттығуларымен жақсы танысып, әр жаттығу түрін орындауды шыңдауға жағдай тудырады. Оқушылардың қарым – қатынасын жақсартып, өзара тіл табысуына ықпал етеді. 

Ойынның мақсаты: допты кеуде тұстан екі қолмен тез лақтырып, тез қағып алуға үйрету. 
Керекті құралдар: волейбол добы мен ысқырық. 
Мазмұны. 
Сыныптағы оқушылар санына қарай 5 – 6 –дан бөлініп, жарты шеңбер жасап тұрады, олардан 3 – 4 метр қашықтықта шеңбер сызылып, оның ортасына бір баланы қояды. 
Ойынды бастауға берілген белгіден кейін шеңбердің ортасында тұрған бала қолындағы добын тұрған балалардың шеткісіне кеуде тұсынан екі қолымен лақтырып, оның қайтып лақтырған добын қағып алып, келесі ойыншылармен де солай доп алысады. 
Доп ең шеткі баладан ортадағы ойыншыға жеткенде, шеткі бала ортаға, ортадағы бірінші баланың орнына қарай жүгіреді. 
Сол кезде шеңбер жасап тұрған ойыншылар солға қарай бір қадам жылжиды. 
Ойын осылайша бірінші болып ортада тұрған бала өз орына келгенше жалғасады. 
Ойыншылардың қалауы бойынша ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. 
Ойынның ережесі. 
1. Ойыншылардың арасы 1 – 2 метрден артық болмайды. 
2. Ойыншылар орындарын ауыстырулары керек. 
3. Барлық ойыншылар тек көрсетілген әдіспен ғана жаттығуды орындаулары қажет. 
4. Допты жерге соғып беруге болмайды. 
5. 
Әдістемелік нұсқаулар. 
Бұл ойында балалардың орындарынан қозғалмай, допты тек қолдарымен берулерін қадағалау қажет. Ойыншылар тұрғанда аяқтарын сәл алшақ қойып, тізелерін сәл бүгіп, денесін алға қарай еңкейте ұстайды. 
Егер ойыншылардың тұру ара қашықтықтары жақын немесе алыс болса, онда ойыншылардың шамаларына қарай ол қашықтықты өзгерту керек. 
Балалар ойын ережелерін жақсы меңгергеннен кейін бұл ойынды жарыс ретінде де өткізуге болады. 

Ойынның педагогикалық маңызы. 
Балалар допты лақтыру мен қағып алу жаттығуларының әдіс-тәсілдерін жетік меңгере алатын болады. Тез, шапшаң қимылдауға кедергі жасайтын артықимыл-қозғалыстардан арылуға себін тигізеді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет