Сабақтың тақырыбы: Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы Сабаққа негізделген оқу мақсаты



бет1/3
Дата08.12.2023
өлшемі5,52 Mb.
#135379
түріСабақ
  1   2   3




Мектеп:




Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып:

7

Күні:




Қатысушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

(7.А/И3) Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:
Өлең мазмұнын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:
Өлеңдегі автор бейнесін анықтайды.

Кейбір оқушылар:
Өлеңдегі көркемдегіш құралдарды таба алады.

Бағалау критерийлері

– Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды.
– Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ тілі

Ойлау деңгейі

Жоғары ойлау деңгейлері

Алдыңғы білім

Сүйінбай мен Қатаған айтысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
Білу, түсіну
5 минут



Қима қағаздардағы шашыраңқы сөздерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
1-топ: Айтыс – сөз барымтасы
2-топ: Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі.
3-топ: Айтыс – сөз өнерінің үздік үлгісі.
http://www.bilimland.kz/ сайтынан Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығын
https://bilimland.kz/kk/content/lesson/15750-sujinbaj_aronuly_omiri_men_shyharmashylyhy интербелсенді тақта арқылы тыңдап, есте сақтау мүмкіндігін байқау мақсатында «Сөздер банкісін» толтырылады. Бірнеше айтыскер ақындардың аты жазылады. Оқушылар тек Сүйінбай айтысқан ақындарды дұрыс тауып, келесі банкіге орналастырады. (Жұптық жұмыс)


Оқулық, интербелсенді тақта

Постер, интербелсенді тақта



Сабақтың ортасы
Қолдану
8 минут

Сергіту сәті


2 минут

Талдау
8 минут



Жинақтау
8 минут

http://www.bilimland.kz/ сайтынан «Сүйінбай мен Қатағанның айтысынан» үзінді тыңдату.
(https://bilimland.kz/kk/content/lesson/15753-sujinbaj_ajtys_onerining_altyn_dinggegi_sujinbaj_men_qatahan_ajtystary)
Мәтінмен жұмыс (Топтық жұмыс)
«Попс формуласы» арқылы үзіндіден тыңдаған Сүйінбай бейнесіне қысқаша сипаттама жасау қажет.
«Біздің ойымызша...» ойыны
– Себебі, біз оны былай түсіндіреміз...
Оны біз мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламыз...
– Осыған байланысты біз мынадай шешімге келдік...
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі»
(Топтардың өзара кері байланысы жүргізіледі)
1. Позитивті комментарий: не ұнады?
2. Сындарлы сын: нені жақсарту керек?
3. Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы...
Логикалық тапсырмалар
Кешке қарай көлігімізді тоқтатып, шатырымызды аршаның иісі аңқыған жұмақ секілді бір көлдің жағасына құрдық. Құстар ұшып, бақалар бақылдап, бірқазандар балық аулау үшін көлдің салқын суына шомып тұрған жер еді. Самал жел көл жағасына келген қонақтардың шаршағанын еріксіз ұмыттырады.
Тапсырма:
Мәтінде сезім мүшелерінің қайсысына қатысты көрініс болмағанын айт.

Біздің Жалағаш ауданының тұрғыны Бибігүл апай ас әзірлеуге кірісті. Ол баласынан газ плитасын тұтандыратын затты алып беруін сұрады.
– Балам, маған кеуіртті алып берші.
– Асқар, үстелдің үстіндегі шиді алып бер.
– Күкіртке қол жалғап жіберсеңші.
– Балам, маған шырпы керек еді.
– Балам, газ плитасын шақпақпен жағып жіберші.
«Ротация» әдісі. Белгіленген уақыт ішінде әр топ үзіндіден бейнелі сөздерді жазып, талдап, сағат тілі бойынша ауысып, келесі топтардың да тапсырмасын орындайды. Нәтижесінде топтар бірін-бірі толықтырып, өнімді жұмыс жасайды.


І топ
Көппін деп айттың Қатаған,
Көптігің сенің қайда бар,
Үш атаның ұлысың,
Қазағымды қаптатсам,
Жұртта қалған күшіктей,
Айдалада ұлырсың!..
Еменнен күшті ағашпын,
Еселесең сынбаймын!
Алдаспанға жолықтың,
Түбіңе жетпей тынбаймын!


ІІ топ
Топ бастаған бұлбұлмын,
Сөз бастаған жүйрікпін,
Судан шыққан сүйрікпін,
Бәйгеден озған дүлділмін,
Шығарма Қатаған үніңді!
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді!


ІІІ топ
Нарескенге жолықтың,
Шашамын судай қаныңды.
Болаттан құрыш қылышпын,
Алтыннан соққан сабымды!..
Жүйрік аттай көсілсем,
Көре алмассың шаңымды,
Алжыған тазы секілді,
Аңыламай шаптың аңыңды.



Бағалау критерийі

Дескриптор

1

Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтайды

Көркемдегіш
құралдардың
түрлерін анықтайды.

2

Көркемдегіш құралдардың қолданылу ерекшелігін талдайды

Олардың қолданылу ерекшелігін
талдайды

Топтар дескриптор арқылы ауызша кері байланыс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет