«Сүйінбай мен Қатаған айтысында»



Дата05.02.2022
өлшемі15,2 Kb.
#24868

«Сүйінбай мен Қатаған айтысында» Сүйінбайдың:

...Іздегенім осы еді,

Өз-өзінен қағынып,

Қатаған сөзден жаңылды.

Қызып тұрған темірге

Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз.

Айтыс – сөз барымтасы.Ойы ұшқыр, тілі өткір, көзқарасы ашық «от ауызды, орақ тілді» ақындарымыз айтыстың неше түрін дүниеге әкелген.Осындай ұшқырлығымен, көркемдігімен ел есінде жатталған айтыстың бірі – «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы».Айтыстың мақсатының өзі елді бірлікке, татулыққа шақыру болғанын көреміз.Сондықтан болар, айтыстың өміршеңдік сипаты әлі күнге дейін жойылмай келеді деп ойлаймын.Айтыстағы екі ақынның ақындық қыры мен сипаты қандай? Екеуінің ұқсастығы неде? Осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Ең біріншіден, айтыстағы Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін айтыскер ақын. Өйткені, дәлел ретінде «...Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып, қанатын қайырады. Міне, бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды пайдаланғанын байқадым.Сол себепті, айтыста Сүйінбай ақынның мысы басым түсті деп түйіндеймін. Сүйінбай қазақ елінің мәртебесін көтеру әрқашан абырой екенін танытты, шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басады.Осыдан-ақ айтыстағы жеңіс Сүйінбайды екенін бірден аңғарамыз.

Айтыстың соңындағы: ...Іздегенім осы еді,

Өз-өзінен қағынып,

Қатаған сөзден жаңылды.

Қызып тұрған темірге

Өзі келіп қарылды,- деген Сүйінбай ақынның сөзін айтыстың тағдырын шешкен, соңғы нүктесі деп ойлаймын.Қатағанның сөзден жаңылғанын ақын қызып тұрған темірге өзі кеп қарылған жанға балайды.Ал, қызып тұрған темірге қарылған нәрсенің аман-сау қалғаны бар ма еді? Әрине, жоқ.Сүйінбайдың «қызып тұрған темір» дегені өзінің от аузынан шыққан бейнелі, мағыналы сөздері еді.Міне, Сүйінбай ақын осындай астарлы мағынамен Қатағанның сөзден тосылған күйін көз алдымызға әкеледі.Қатаған ақын да сөзден тосылып, жеңілісін іштей мойындайды.

Сүйінбай ақынның: «...Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген...»- деген сөзі елге деген ерекше құрметін көрсетеді.Кеудеңе мақтаныш сезімін сыйлайды.



Түйіндей келе, бұл айтыстың тәрбиелік мәні өте терең деп айтқым келеді.Сүйінбай ақын осы айтыс арқылы қазақ деген жұрттың намысты қолдан бермейтінін дәлелдеді.Сондықтан, оның айтыстары саф алтындай ғасырдан-ғасырға мұра болып қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет