Сабақтың тақырыбы Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілері Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша



Дата06.01.2022
өлшемі20,08 Kb.
#16277
түріСабақ

4 САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы Кажакпарова Айгерім Ермекқызы

Пән Қазіргі қазақ тілі

Мамандық Негізгі орта білім беру

ТопФБ-41, 42, 43 Күні_______________

Сабақтың тақырыбы Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілері Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі


1. Ұйым-дастыру кезеңі

2.Тірек білімдерін қайталау

3. Жаңа материал-ды баяндау

4. Жаңа матери-алдарды бекіту

5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру

6. Үй тапсырмасы

7. Са-бақтың қорытындысын шығару

8. Бар-лығы

3

20

20

15

20

5

7

90


Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Студенттер қазіргі қазақ тілі Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, тыныс белгілері Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша туралы мағлұмат бере отырып, практикамен ұштастырып, сөйлем мүшесіне, сөз тіркесіне талдау жасай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойлау шеңбері кеңейді, ақпараттық құзіреттілігі дамиды.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, сыйластыққа, шығармашылыққа тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыс: тарих , әдістеме

Материалдық-техникалық құралдар: Дәріс материалы, таймер, слайд, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.

Негізгі әдебиеттер: М. Балақаев, Т. Қордабаев. Қазiргi қазақ тiлi грамматикасы. Синтаксис. - Алматы : Мектеп, 1966.  .Әміров. Р.Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1983.Қордабаев Т., Құрмалас сөйлемдер  синтаксисі  ., Алматы., 1995.

Қосымша әдебиеттер: Қараев М.Ә Қазақ тілі – Алматы. Ана тілі 1993.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі.Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Айқындауыш мүшелер, түрлері. Сөйлемнің қай мүшесі болғанда да, тұлғалары бірдей, қызметі мен сұрақтары ортақ болып, бір ғана сөйлем мүшесімен байланысты болып келетін сөздердің тобын бірыңғай мүшелер деп атайды. Сондықтан, бірыңғай бастауыш, бірыңғай баяндауыш, бірыңғай толықтауыш, бірыңғай пысықтауыш, бірыңғай анықтауыш деген терминдер айтылады. Мысалы: Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз (бірыңғай бастауыштар). Ол хаты асықпай, баппен, жақсылап тағы бір оқып шықты (бірыңғай пысықтауыш).

Бірыңғай сөйлем мүшелері өзара бір-бірімен жалғаулықсыз да, жалғаулықтармен де байланысып келеді. Осыған байланысты олардың тыныс беліглері де әркелкі болып келеді.



  1. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз және ыңғайлас жалғаулықтар бір-ақ рет келгенде үтір қойылмайды. Мысалы: Ол өте көркем және байсалды жігіт. Әрі, да, та, біресе, кейде, не сияқты жалғаулықтар айталанып келсе, олардың алдынан үтір қойылады. М: Не Көкше, не оның балапан таулары Асқарды қызқтырған жоқ.

  2. Бірыңғай мүшелер жалпылауыш мүшелермен де келетін кездері болады. жалпылауыш мүшелер бірыңғай мүшелердің алдынан не соңынан келеді. Мұндайда олардың тыныс белгілері мынадай болады.

а) Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелердің адынан келсе, одан кейін қос нүкте қойылады да, бірыңғай мүшелердің әрқайсысынан кейін үтір қойылады: Мына ағаштар: қарағай, қайың, терек – біздің жерде көбірек кездеседі.

ә) Жалпылауыш мүше бірыңғай мүшелерден кейін келсе, бірыңғай мүшелерден соң сызықша қойылады: Қамар, Мәкен, Әлия – бәрі Шәкеннің сүйікті балалары.



ірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев)
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша.

Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады.
 
Сызықша койылатын жерлер:


1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер.

3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.

4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин).

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.

6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин).

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін.

8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай).

9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет