Сабақтың тақырыбы: Тірі организмдердегі тыныс алу жолдары Сабақтың мақсаты



Дата24.11.2023
өлшемі1,06 Mb.
#125342
түріСабақ
Байланысты:
сабаққа талдау


Сабаққа өзіндік талдау
Пән: Биология
Сынып: 7
Сабақтың өту күні: 22.12.2022
Мұғалім: Асылханқызы А.


Сабақтың тақырыбы: Тірі организмдердегі тыныс алу жолдары
Сабақтың мақсаты: Тірі ағзалардағы тыныс алу маңызын сипаттайды және анаэробты және аэробты тыныс алу типтерін ажыратады


Сабақтың міндеттері:

  1. Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылыс ерекшеліктерін танып біледі.

  2. Адамның тыныс алу мүшелерінің құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттайды.

  3. Тыныс алу мүшелерінің құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттап, ажырата алады.

Сабақ басталысы оқушылармен амандасып, түгендеп психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Жақсы сөз жарым ырыс…» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- біріне жақсы тілектер айтты. Үй тапсырмасын оқушылар Wordwall платформасы арқылы орындады. Оқушылар өзара бірігіп алдында жатқан пазлды құрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашылды. Оқушыларға жаңа сабақ презентация арқылы түсіндірілді, қосымша видеоматериал көрсетілді. Тақырыпты қорытындылау кезеңінде оқушылар сәйкестендіру тапсырмасын дәптерге оорындады. Тапсырамын орындап болғаннан кейін сергіту сәті «Кубик Рубик» әдісі арқылы өтті. Оқушылар бір-біріне көңіл күй сыйлады. Бекіту кезеңінде оқушыларға Wordwall платфорамасында тест тапсырмаларын орындатылды. Үйге тапсырма қосымша деректерді пайдаланып, ағзаның дұрыс тыныс алуын қамтамасыз ететін ережелер құрастыру. Оқушыларды «Баскетбол» әдісі арқылы бағаладым. Сабақ барысында белсене қатысқан оқушыларға әр тапсырма бойынша 2 балл беріліп отырды. «Еркін микрофон» әдісі арқылы қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдадым. Сабақ барысында дескрипторларға сүйеніп барлық тапсырмалар орындалды. Сабақ мақсатымен оқу мақсаты толықтай орындалды. Сабағымның мақсатына жеттім.


Биология пәнінің мұғалімі: Асылханқызы А.










Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет