Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат



бет1/2
Дата02.10.2023
өлшемі1,33 Mb.
#112469
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Таныст22


Таныстым: _____________

Білім беру ұйымының атауы

Ақын-тұма №11 жалпы орта мектебі

Пәні:

Физика

Бөлім:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Казиханов К

Күні:18.01.2023




Сынып: 8-А, 8-Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Өткiзгiштiң электр кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, реостат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.2.7– кедергінің физикалық мағынасын, оның өлшем бірлігін түсіндіру;
8.4.2.8 – есеп шығарғанда өткiзгiштiң меншiктi кедергiсiнің формуласын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштің кедергісі жайлы мағлұмат алады, оның өлшем бірлігін түсіндіреді
Көптеген оқушылар істей алады: Өткізгіштің меншiктi кедергісінің формуласын есептер шығаруда қолданады
Кейбір оқушылар істей алады: Формуланы түрлендіре алады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым қатынас жасау, көзқарастарына құрметпен қарау .Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау,іздену қабілеттерін арттыру.
Мәңгілік ел идеясын дамытуға тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру

Сабақтың басы


10 минут


Жаңа білім


10минут

Бекіту

15 минут

Кері байланыс


Сабақтың соңы.


10 мин

Бағалау

Үй тапсырмасы




Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
«Мінсіз шеңбер» әдісі

  1. Электр тогы дегеніміз не?

  2. Қандай құрылғыларды ток көздері деп атайды?

  3. ЭҚК дегеніміз не?

  4. Ток күші деп нені айтады?

  5. Электр кернеуі деп нені айтады?

  6. Кернеуді қандай құрылғымен өлшейді?

Ой қозғау. Кедергінің физикалық мағынасы қандай?Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оладың назарын бүгінгі сабақтың мақсатына қарай аударады.


I.Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту үшін жұпта тәжірибе жасайды. Ток көзі, амперметр, кілт, шамнан тұратын тізбекке әр түрлі материалдардан жасалған өткізгіштерді жалғаймыз.



1) Темірден жасалған өткізгішті қосамыз:

Бұл кезде тізбектегі ток күші 3 А ге теӊ болды.
2) Мыстан жасалған өткізгішті қосамыз:

Бұл кезде тізбектегі ток күші 1 А ге теӊ болды.
3) Никельден жасалған өткізгішті қосамыз:

Бұл кезде тізбектегі ток күші 0,5 А болды.
Бұл тәжірибе бойынша, тізбектегі кернеу тұрақты болған кезінде ток күші тізбекке қосылған өткізгіштіӊ қандай материалдан жасалғанына тәуелді екендігіне көз жеткіздік.
Оқушыларға сұрақ қойылады: Қайсы өткізгіштіӊ токқа көп кедергі жасады?

Жеке жұмыс (I) «Кім жылдам» әдісі


Жеке жұмыс (I) Есептер шығару

  1. Ұзындығы 50 м, кедергісі 0,5 Ом болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы неге тең?

  2. Көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 болатын никелин никелин өткізгішінен жасалған реостаттың кедергісі 21 Ом болатын болса, оның ұзындығы неге тең?

  3. Ұзындығы 5 км, көлденең қимасының ауданы 0,85 мм2 мыс өткізгішінің кедергісі неге тең?

  4. Суретте үш түрлі өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелді графиктері берілген. Әр өткізгіштің кедергісін тап.



  1. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 0,3 мм2 болатын қорғасын өткізгіштегі ток күші 2 А-ге тең болу үшін оған қандай мөлшердегі кернеу түсіру керек?

  2. Ұзындығы 400 м, ұштарындағы кернеуі 5 В, ток күші 0,05 А болатын мыс өткізгіштің көлденең қимасының ауданы қандай шамаға ие болуы керек?







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет