Сайын Назарбекҧлы



жүктеу 1.66 Mb.
Pdf просмотр
бет8/26
Дата15.03.2017
өлшемі1.66 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

Екінші бет
 
 
Шамхат қыз –
  
сайқал, таныңдар мына  би қызды...
 
Матаны жыртып еркекке киім кигізді...
 
Қалғанын
 
ӛзі
 
лыпы ғып алды, ал сосын,
 
Ел
-
жұртқа қарай, Елкелді ерді жүргізді. 
 
 
 
Ұғылды
 
сӛзі, ойы да кетпей босына,
 
Ақылды әйел –
 
данышпан деген осы ма?
 
Жетектеп қолдан, балаша ерке мәпелеп,
 
Жабайы жанды жеткізді малшы қосына.  
 
 
Ғажапқа
 
таң боп бақташы қауым қоршады,
 
Елкелді батыр толтырды сонда ортаны.
 
Жиналған елдің қышуы қанды тілінің, 
 
Суарып кӛзін, құмары
 
әбден
 
тарқады.
 
 
Айтады олар ұқсас қой мынау Кӛмешке, 
 
Сәл қысқа бойы,  ол тау да, мынау дӛңес пе!
 
Жабайы аңның уызын емген бұ шырақ,
 
Білегі шынар, тырнағы бүркіт емес пе!?
 
 
Қымсынып
 
отыр, ортаға келіп, білмеген,
 
Кӛпшілік кӛзі қыздырып оны, терлеген,
 
Алдына қойған нанның да білмей не екенін,
 
Бозадан шошып ешқашан ішіп кӛрмеген. 
 
 
Сайқалы айтып сырына ӛмір қаныпты,
 
Не айтса болды сеніпті оған, наныпты. 
 
 
...Нанды же батыр! Адамға азық бұ тамақ...
 
Шарап іш батыр! Кӛңілге азық бұ тамақ...
 
Нанға да тойды,
 
шарап та күшін танытты,
 
Жетеуін құты босатып барып тыныпты...
 
 
Жүректе сезім, болмыста жаны оянды,
 
Кӛңілі шат боп, балбырап отыр бой енді. 
 
Денесін жүн
-
жүн майымен күнжіт уқалап,
 
Жабайы қылық, әдетін ерсі жоя алды.
 
 
Киімді киді, ұқсады еркек кісіге, 
 
Қараңыз
 
мына тындырған сосын ісіне.
 
Қолында
 
қару, айқасты арыстандармен,
 

 
79 
 
Малшылар кӛріп сенеді оның күшіне.
 
 
Жеңілді бәрі, арыстан, қасқыр бағынды,
 
Халқы да шатты хабарды естіп жағымды.
 
Ғұлама
   
тыныш, шаруа жайлы, қауіпсіз,
 
Елкелді қамқар, ел үшін қару тағынды. 
 
 
Ұрыққа
 
хабар, дабыра, ӛсіп жетеді...
 
Күл Кӛмеш батыр қалыңдық ойнар кеш еді...
 
Тӛсекке бірақ жете алмай қалды сол түні,
 
Елкелді батыр басқаша оны шешеді...
 
 
Некелі тӛсек алдында олар айқасты,
 
Кӛшеге шығып, далаға кетіп шайқасты.
 
Қабырға
 
дір
-
дір, далада гүр
-
гүр, армансыз,
 
Бір
-
бірін сынап, батырлар әбден байқасты.
 
 
Шайқасты олар бәйгіге намыс тігіліп...
 
Тізесі Кӛмеш кетеді бір кез бүгіліп... 
 
 
Күл Кӛмеш сонда ауыздықтапты ашуын, 
 
Қызуын
 
қанның, шектепті батыр тасуын.
 
 
Елкелді сонда сӛйледі, сӛйлегенде бүй деді...
 
 
Жалғыз ғып сені жаратты десе нанамыз,
 
Патшайым Нинсун, Тәңірі текті анаңыз. 
 
Жоғары едің кіндікті жанның бәрінен,
 
Тәңірің Эллиль патша етті, біздің панамыз.
 
 
Күл Кӛмеш сонда сұрайды... 
 
 
«Кӛздерің неге мӛлдірей толып тұр жасқа, 
 
Ӛзіңді
 
неге қинайсың сонша құр босқа?»
 
 
Елкелді жауап қатады...
 
 
Қапамын
 
досым, жарасар қылық осы ма?
 
Күшімді жұмсар іс таппай жүрмін босына!
 
 
Күл Кӛмеш сонда сӛйлейді, сӛйлегенде бүй дейді... 
 
 
...Ливан атты, жырақта тау бар деседі,
 
Самырсын орман, сол тауды жапқан, ӛседі. 
 

 
80 
 
Орманды жауыз Сұмбаба мекен етеді.
 
Тимесін елге сұмдық пен қулық кеселі.
 
 
Екеулеп біздер құрталық кӛзін жауыздың...
 
 
Тазартам жерді –
 
ендігі осы әңгіме,
 
Ендігі ерлік, жырланар осы ән міне!
 
Пиғылын кісі, жүрегін адам ағартам!
 
Атымды солай қалдырмақ болдым мәңгіге!..
 
 
Елкелді сонда сӛйлейді, сӛйлегенде бүй дейді...
 
 
Орманды қорғар –
  
Тәңірі
-
Вэрі емес пе?
 
Кӛз ілмес күзет, Хумбаба күшті егесте.
 
Шамаштың ӛзі дем берген оған, ал Алда
 
Орманын қорғап, Хумбаба қамын жемес пе? 
 
 
Адамның оған сезімін қорқу басқартқан,
 
Қаһарлы
 

 
даусы, дауылға сұмдық астасқан. 
 
Сӛзі –
 
ӛрт
 
оның, ал демі –
 
ӛлім, жұт елге, 
 
Сумбаба сұмнан талай ер қорқып бас тартқан.
 
 
Жол да жоқ жетер, күтіп тұр ӛлім барғанға, 
 
Жоғалтар адам қасиет
-
еркін орманда, 
 
Сумбаба –
 
тажал, сезімді қорқу басқарған,
 
Самырсын орман айналған сұмдық қорғанға.
 
 
Күл Кӛмеш сонда сӛйлейді...
 
 
Ойлашы, досым, құдірет қандай Кӛктегі?
 
Тәңірлер Кӛкті мәңгілік мекен еткелі –
  
Ғұмыры
 
адам –
 
қамшының
 
ғана сабындай,
 
Ӛмірі
 

 
опа, еңбегі –
 
зая кеткені...
 
 
Ӛлім
 
не, досым, қорқасың содан несіне?
 
Жинашы қайрат, ерегес, қайта, ӛшіге!
 
Жол салып алда отырам ӛзім, сен болсаң: 
 
«Қорықпа дей бер!», түсірші соны есіме.
 
 
 
Ат қалсын артта: «Батылы барды бір іске,
 
Сұмбаба сұммен Күл Кӛмеш түскен күреске!»...
 
 
...Бір бала келсе ӛмірге ӛзім пішінді, 
 

 
81 
 
Сұраса сенен білгісі келіп, ішіңді:
 
«Тындырды нені әкешім менің десе ол?»
 
Айтарсың сонда тындырған менің ісімді...
 
 
 
1. Ишхара –
 
Богиня
 
2. Ограда  –
 
здесь то же, что Урук. 
 
3. Нинсун  –
 
царица храма, мать Гильгамеша.
 
4. Бог Вэр –
 
одна из ипостасей бога и дождя Адду.  
 
 
 
 
Ҥшінші
 
бет 
 
 
Батасын беріп ақсақал жолға шығарып, 
 
Айтуға ақыл, құмар ғой әсте бұ халық:
 
 
«Күшіңе сенбе, досыңа сенші, жігерге,
 
Сабырлы бол да, ұрымтал сәтті жіберме.
 
Жол басшы болса –
  
міндеті жолдас құтқару,
 
Бас дайын болсын, сақтауға досын, тігерге.
 
 
Елкелді алда жүретін болсын әрдайым,
 
Біледі батыр самырсын орман жайғдайын.
 
Ұрыста
 
болған, соғысты кӛрген жауынгер,
 
Патшасын сақтап, жасасын оның хал
-
жайын.
 
 
Болуды қорған, сақтауды жанын мойныңа ал!
 
Кездессе жыра патшаңды кӛтер, қолыңа ал! 
 
Елбасын саған тапсырдық батыр Елкелді,
 
Орал да аман, қымбаты елдің болып ал!»...
 
 
 
 
 
Тӛртінші бет
 
 
Күл Кӛмеш патша Елкелдіге...
 
 
Жалғыздық жаман, жұртыңның жаты боларсың,
 
Шыға алмай шыңға, ӛкініп жолда қаларсың.
 
Бріксе саусақ , бітірер талай ісі бар,
 
Күшіктің екі арыстан сынды пысы бар.
 
 

 
82 
 
Елкелдінің Күл Кӛмешке жауабы...
 
 
«Орманға барсақ денеден соңғы күш кетер,
 
Жансыз боп аяқ, қол ұйып, беттен түс кетер...
 
 
Күл Кӛмеш патша Елкелдіге... 
 
 
Досым
-
ай, біздер, ӛмірде әлі тіріміз,
 
Арқасы достық әрқашан біздер  іріміз!
 
Таулардан талай аспап па едік бірігіп,
 
Қорқамыз
 
неден орманға бастап жүріңіз!
 
 
Үйрендің
 
соғыс, ӛнерге биік жеткенсің,
 
Қалайша
 
ӛзің
 
қорқақ
 
боп кенет кеткенсің?
 
Ойлама ӛлім, күнжіттің майын жақпап па ең,
 
Жер жарып даусың, жауыңды басқа тепкенсің!
 
 
Айтқалы саған бір сӛзді кӛптен жүр едім,
 
Тартпасын жансыз, қауіптен қорқып білегің.
 
Жүректе шайқас тұтанса оты арман жоқ,
 
«Тәңірі соғыс»  –
 
сенен, мен соны, тіледім!
 
 
Ұмытсаң
 
қауіп, сүресің ӛмір әуелден,
 
Сескенбес сенсің, шығар деп кенет жау алдан.
 
Аттандық жолға, ел үшін жанды пида ғып,
 
Жүрерміз шалқып, құтқарсақ елді зауалдан!.. 
 
 
...Мыңдаған жылдар сақтар
-
ау бізді ардақтап...
 
 
«Втрое  скрученный  канат...»  Обычная  веревка  скручена  из  двух 
шнуров,  поэтому  втрое  скрученный  канат  (или  нить)  –
 
образ  дружбы 
двоих.
 
 
 
 
 
 
Бесінші бет
 
 
Соғылды дабыл, басталды соғыс жандасқан,
 
Күл Кӛмеш қолға алады сонда алдаспан. 
 
Суырды қыннан қылышын, нағыз, наркескен,
 
Соғады дәлдеп желкеден, әлсіз жер дескен.
 
 

 
83 
 
Елкелді досы кеудеден тосын ұрады,
 
Жауына тиді үш рет оның құралы.
 
Сұмбаба жаудың тигізді жерге жамбасын,
 
Денеден асау жан кетіп жауы сұлады.
 
 
Екі ӛлшем жерге самырсын шуы жетіпті,
 
Сұмбаба жауыз ӛмірден
 
солай ӛтіпті.
 
Екі дос сӛйтіп Ливан жерін тазартты,
 
Сирия елі бостандық алды, азатты.
 
 
Тыншыды басы таулардың биік мұз басқан,
 
Тыншыды орман, тыншыды тіпті күзгі аспан.  
 
Таудан да, орман Сұмбаба отын сӛндірді,
 
Жастантып жерді, қас жауын жеті кӛндірді.
 
 
Жеті еді талант қанжардың салмақ есебі,
 
Дәл сегіз талант болыпты жүгі деседі...
 
Ануннак сыры ашылды, солай табылды,
 
Самырсын орман кесілді, тамыр шабылды...
 
 
Энкиду сонда сӛйлейді...
 
 
Орманын отап, тәубеге жауды келтірдік,
 
Етеді енді бейбіт күн кешіп,
 
ел тірлік.
 
Шамешке арнап садақа шарап ішелік,
 
Тағынып қару қайтадан жолға түселік.
 
Елге де арнап еңбектің терін тӛгелік.
 
Евфратқа жетіп  самырсын ағаш егелік...
 
 
 
 
 
 
Алтыншы бет
 
 
Күл Кӛмеш алғаш алады сол күн тынысын...
 
 
Тазартты тәнін, тазарды қару
-
жарағы,
 
Шаштарын баптап, бұрымын ӛрді, тарады.
 
Сән шапан киіп, тағынып белбеу шығады,
 
Патшадай жайнап, жан
-
жаққа жарқын қарады.
 
 
Иштардың кӛзі сұлуға сұқты, қырағы,
 
Батырға Кӛмеш алтын
-
зер тұзақ құрады:
 

 
84 
 
 
«Толысқан тәннің жеңсігін маған сыйлашы,
 
Күйеуім бол! –
 
деп, кетіпті Иштар шыдамы.
 
 
Тартайын сыйға күмістеп кӛркем күймені,
 
Жегейін бұқа мүйізі маржан үйдегі.
 
Ордама кірсең самырсын исі аңқыған,
 
Бір ғана талап –
  
жаныңдай кӛріп сүй мені.
 
 
Ізіңді сүйер, табалдырығым да, тағым да,
 
Ниетті болшы, кӛкірек соғып қағынба.
 
Мансаптан –
 
Тәңір, байлықтан –
 
алтын қашпассың...
 
Тағдырың солай, сорың ба, әлде бағың ба!?..
 
 
Қажетін
 
білем дүие, мүлік, малдың да,
 
Атағын ердің шығарар солар ханның да. 
 
Далаң  мен қалаң сыйлығын саған жіберіп
 
Билер мен бектер тізесін бүгер алдыңда. 
 
 
Есегің озар, қалады жолда арғымақ,
 
Ат арбаң құс боп биіктен, жардан қарғымақ.
 
Егіздеп қойың, үш еннен ешкің лақтап,
 
Жатады естіп Күл Кӛмеш даңқын бар құлақ»...                         
 
 
Күл Кӛмеш сонда сӛйлейді, сӛйлегенде бүй дейді...
 
 
Тәңірі
 
Иштар –
 
қайтесің
 
мені  ер етіп, 
 
Ордасын  Тәңір, қайтесің маған тӛр етіп...
 
 
Үстіңе
 
кӛйлек, денеңе күнжіт берейін,
 
Аңның да етін, жемісін дала терейін.
 
Құмар
 
кӛп саған, жарылғап бәрін солардың,
 
Тәңірдей, патша құрмет етіп кӛрейін. 
 
 
Құйайын
 
арнап патшаға лайық шарапты,
 
Жинайын саған мүлікті қымбат, жарақты.
 
Әйел
 
ғып
 
бірақ мен сені, тіпті, алмаймын,
 
Сайқалдық атың кӛкке де жерге тарапты.
 
 
Есіксің кілтсіз, кез
-
келген кіріп тоқтайтын,
 
Сарайың –
 
қауіп, адамға адал жақпайтын.
 
Суыған пешсің, тамызық тілеп тұратын,
 
Дарақы пілсің, жабуын ӛзі таптайтын.
 
 

 
85 
 
Тәңірі емес аяқсың, ауру бақайсың,
 
Жауына жұртын құл етіп берер ноқайсың.
 
Есікте күңнің мойнына салған құндыздай,
 
Әдемі
 
тіккен, аяқты қысар шоқайсың...
 
 
Кӛп болған саған еркектер құмар, қырындар,
 
Күйеуді қандай бағалап едің бұрындар?
 
Сайқалдық құрдың, берейін санап, тыңдасаң,
 
Таусылмас сенің бір жылға жетер жырың бар...
 
 
Бұ сӛзді естіп долылық қысты Иштарды,
 
Ӛзегін
 
ӛртеп
 
барады тәнге құштарды.
 
Кӛгіне ұшты, әкеге жылап жалынды,
 
Ануға Тәңір, ағызып жасын тіс жарды.
 
 
 
Иштардың әкесіне шағынып жатқаны...
 
 
Күл Кӛмеш мені масқара етті, масқара!
 
Бұл сӛзді әке алмаймын айта басқаға!
 
Естіртіп айтты кінам мен күнәларымды,
 
Ӛзің
 
де мені кемітпе, сӛкпе, жасқама!
 
 
Тәңірі Ану қызына сонда айтады...
 
 
«Әуелі ӛзің батырды мазақ еткенсің,
 
Дӛрекі мінез шегіне шыдам жеткенсің.
 
Күл Кӛмеш сенің санаса қылықтарыңды,
 
Ұятсыз
 
едің, шамадан шығып кеткенсің!»...
 
 
 
Иштар әкесі Ануға Ӛгіз жасап бер деп жалынады...
 
 
Әкетай
 
маған жасап бер Ӛгіз, айбатты, 
 
Ӛлтірсін
 
оны, үйінде Ӛгіз қайратты. 
 
Кӛнбесең егер, мен ӛзім бәрін істеймін,
 
Ойлай бер онда тіріні Иштар жайратты!
 
 
Тамухтан бері, Ұрыққа дейін жол салам,
 
Қуанар
 
Кӛмеш жеріңде бір жан қалса аман!
 
 
Ұйқыдан
 
мәңгі оянар барлық мүрделер...
 
Түскенде жерге –
 
жалмауыз, жебір түрге енер...
 
 
Адамды жейді, таусады түгел тірісін,
 

 
86 
 
Қалады
 
есте бітірген менің бір ісім...
 
 
 
Тәңірі Ану сӛзінен қыздың шошынып, 
 
Сұрапыл Ӛгіз береді жасап қызына...
 
 
Сұмдықты естіп қыз ойын іске асырды...
 
Ӛгізді
 
кӛктен Иштар қыз жерге түсірді...
 
 
Ӛгіздің
 
Ұрық
 
жерін талқандап жатқаны...
 
 
Алмақшы Иштар Кӛмешке кеткен есесін...
 
Талқандап жатыр Ұрықтың Ӛгіз кӛшесін...
 
 
Евфрат суын жұтқанда жеті, құрғатты... 
 
Тұяғы тиген қалдырмас аман бір затты...
 
 
 
Бірінші демі қазыпты апан айлапат...
 
Ұрықтың
 
оған құлады бір жүз адамы...
 
 
Екінші дем де қазады апан айлапат...
 
Ұрықтың
 
оған құлады жүз, жүз адамы...
 
 
Үшінші
 
демін құсық қып шашты батырға...
 
Елкелді батыр Ӛгізге тура атылды... 
 
 
Елкелді батыр мүйізге бірден жармасты...
 
Сұрапыл Ӛгіз бұлқынып, сілкіп жандасты...
 
Құйрығы
 
дырау, соққылап жатыр батырды,
 
Ӛгіз
 
де емес перідей, нағыз, албасты...
 
 
Елкелді сонда сӛйлейді, сӛйлегенде бүй дейді...  
 
 
Жаратқан жоқ қой Тәңірі бізді қорлыққа,
 
Досым
-
ау қалай, бір Ӛгіз бізді қор ғып па?
 
Қауіпті
 
емес ӛзі де, күші Ӛгіздің,
 
Кӛнбелік мына жіберген Иштар зорлыққа!
 
 
Алалық жұлып жүрегін  Ӛгіз ӛлтіріп
 
Сәтіне істі ерлікпен тағы келтіріп.
 
Ӛгізге
 
шығып, жеңісті тойлап, тұрам мен,
 
Мүйізге құям күнжінің майын толтырып!
 
 
Жүрегін Ӛгіз қоярмыз Шамаш алдына,
 

 
87 
 
Екеуміз солай сәтіне істі келтіріп!
 
 
Сен ұста мықтап құйрықтың жуан түбінен, 
 
Қозғалып
 
кӛрсін, ол Ӛгіз сосын, қарасын.
 
 
Мүйізден ұстап, мен болсам дәлдеп қанжармен,
 
Соғармын осал желке мен мойын арасын.
 
 
Елкелді батыр Ӛгізді жетіп қайырды,
 
Құйрығын
 
бұрап кӛрсетті Кӛмеш зайырды.
 
 
Осал жер осы, деді де салды Елкелді

Қанжармен
 
басты мойыннан бӛліп, айырды. 
 
 
Ӛлтіріп
 
Ӛгіз
 
жүрегін жұлып алады,
 
Алдына Шамаш  апарып оны салады.
 
Құрмет
 
етіп Шамашқа олар кетеді,
 
Жеңіске тасып батырлар бағы, талабы.
 
 
Бауырлар отыр, оңаша енді дем алып...
 
 
Тәңірі Иштар қорғанға Ұрық шығады,
 
Мәнісін істің сол кезде барып ұғады.
 
«Ӛлтіріп Ӛгіз, масқара еттің мені сен,
 
Басыңа, Кӛмеш, қаралы күндер туады!».
 
 
 
Елкелді батыр Иштардың сӛзін естиді, 
 
Қысады
 
ашу, ал сосын барып ес жиды.
 
 
Суырып Ӛгіз «қамшысын» алып жіберді...
 
Сескенбей батыр Иштардың тура бетіне.
 
 
«Қолыма түссең Ӛгіздей сені  етер ем,
 
Қолыма
 
түссең басар ем таңба,  етіңе».
 
 
Жинады Иштар жезӛкше, сайқал қыздарын,  
 
«Қамшыға Ӛгіз» бәріне жылау айтқызып...
 
 
Күл Кӛмеш барлық шеберді жиып алдырды,
 
Мүйізі Ӛгіз шебердің бәрін таң қылды.
 
 
Отыздай мысқал, аспан түс кӛктас орнатты...
 
Екі елі мүйіз,  жиектеп, әсем торлатты...
 

 
88 
 
 
Алты ӛлшем маймен күнжіттің, зәру, толтырып,
 
Тәңірім сен деп Лугальбендеге сыйлапты.
 
 
Мүйізді баптап тӛріне үйдің іледі, 
 
Евфратқа барып жуады қолын, білегін... 
 
 
Кӛшеде келе
 
жатырған екеу солар ма?..
 
Қаланың
 
халқы сүйсініп қапты оларға...
 
 
 
Күл Кӛмеш сонда халқынан Ұрық сұрайды:
 
 
Кӛрікті батыр кім екен батыр ішінде?
 
Батырдың мәрті қайсысы батыр ішінде?
 
 
 
Қорғанды
 
Ұрақ
 
ерлері жауап қатады...
 
 
Кӛрікті батыр Күл Кӛмеш болар, ерекше!
 
Елкелді батыр батырлар мәрті, ерекше!
 
 
 
Бұл жауап бірақ қуанта алмай батырды...
 
 
Ӛгізін
 
Тәңір қатерлі сәтте қуған –
 
біз... 
 
Арманға бірақ жетпейтін болып туғанбыз...
 
 
Күл Кӛмеш елін шақырып мейрам ӛткізді... 
 
 
Тарады жұрты, тарқады қызық той енді...
 
Тіледі тыныс, шаршаған қажып бой енді...
 
Ұйқыға
 
кеттті батырлар аспан астында,
 
Елкелді ғажап түс кӛріп жатып оянды...
 
 
Елкелді батыр түсінен жаман шошынды...
 
 
 
 
 
Жетінші бет
 
 
 
Елкелді айтты, Күл Кӛмеш тыңда, түс кӛрдім...
 
 
Елкелді айтты, Күл Кӛмеш тыңда, түс
 
кӛрдім!
 
Түс кӛрдім бүгін, түсімде жаман іс кӛрдім!
 

 
89 
 
Эллил мен Ану, Шамаштар отыр кеңесіп,
 
Тағдырын шешіп алдағы болар істердің!
 
 
Эллилге айтты ойларын Ану негізгі:
 
Сұмбаба ӛлді... Мерт етті неге Ӛгізді?
 
Отады орман... Құрыды тауда самырсын...  
 
Ӛлімге
 
бұйыр Елкелді
-
Кӛмеш егізді!..
 
 
Эллилдің сонда Ануға мынау жауабы:
 
Елкелді ӛлсін, Күл Кӛмеш сүрсін ӛмірін.
 
 
 
Шамаш Тәңірдің араға түсіп жатқаны...
 
 
Сұмбаба менен Ӛгізді олар ӛлтірсе,
 
Жазығы неде, ӛзіңіз солай жазыпсыз?
 
Елкелді қалай тартады жаза жазықсыз?
 
 
 
Шамашқа Еллиль айтады сонда не дедің?: 
 
«Адамға жолдас, дос болып жүрген сен едің!» 
 
 
 
Елкелді солай  досына жатты шағынып...
 
Кӛзінен Кӛмеш ыстық жас жатты ағылып...
 
 
Бауырым, інім сүйіктім дейді Күл Кӛмеш! ...
 
 
Күл Кӛмеш жасы ағады жылжып тоқтамай...
 
Қалайша ӛмір сүре алам сені ақтамай?
 
Қонғанды
  
ерлік, ӛзіңмен ғана бақ маған!
 
Қалайша
 
олар сені емес мені ақтаған?
 
 
Жүріп ек біздер алмақ боп әлем түзетіп,
 
Сыбағам менің қалу ма мола күзетіп.
 
Жанымнан артық ініні жоқтап, ӛтем бе,
 
Сүрем бе ӛмір жүректі ыстық мұз
 
етіп?
 
 
Елкелді сонда Кӛмешке былай тіл қатты...
 
 
Дос едік біздер, Эллилге бірге баралық, 
 
«Жазығым не деп?» Тәңірден тура сұралық.
 
 
Аттанды олар Тәңірдің Эллиль үйіне...
 
 
Елкелді кӛріп есігін Тәңір сезеді,
 

 
90 
 
Эллилге оны сыйлаған бұрын ӛзі еді.
 
Сол есік ӛзі, қолымен шауып жасаған, 
 
Болғанды ұмыт, айтылмай қалған сӛз еді.
 
 
Елкелді тағы сӛйлейді...
 
 
Қырсықтың
 
бәрі есіктен осы басталған...
 
Болыпты кезім ескерту алған, жасқалған...
 
 
Елкелді батыр есікке кӛзін тастады,
 
Есікпен және сӛйлесе тағы бастады:
 
 
Жай ғана ағаш далада ӛскен сен едің,
 
Бұйрығы Тәңір ӛмірге келген мен едім!
 
Бойыңда сенің ой да жоқ, ақыл, сезім де,
 
Қалайша
 
ағаш адаммен мендей тең едің?
 
 
Эллилия Тәңір риза бізге болсын деп,
 
Кӛркі де, сәні ордасы Тәңір оңсын деп,
 
Он сегіз құлаш самырсын едің бір кезде,
 
Қайрадым
 
балта қинамай сені жонсын деп!
 
 
Ашу мен жабу, сиқырлы есік, бір ғалам,
 
Оюлап, сәндеп, Ниппурда сені сырлағам. 
 
 
Бар еді қандай кемшілік, қылмыс, не мінім?
 
Білсем ғой құның –
  
ӛзімнің
 
мына ӛмірім?
 
Ағызсам етті сал етіп суға, немесе, 
 
Жаңқалап ӛртеп күліңді шашып, кӛмірін.
 
 
Ану мен Иштар Эллилге соны қызғанып,
 
Ақиқат жолын, ӛздері Тәңір, бұзды анық.
 
Ӛзімнің
 
ӛнер, еңбегім құртып ӛзімді,
 
Жазықты болып отырмыз енді біз налып.
 
 
Болашақ патша жасаса сені қайтер
 
ед?
 
Тәңірлер оған не кінә тағып, айтар ед?
 
Атымды менің ӛшірсін, жазсын ӛз атын...
 
Самырсын емес дұрыс па ед кесу жай терек?
 
 
Елкелді зарын естіді сонда Күл Кӛмеш,
 
Жылайды сонда, сӛйлейді сонда Күл Кӛмеш: 
 
 
Тәңірің саған сыйлады ӛмір, ойды да,
 

 
91 
 
Сӛйлетіп сені ақылды сӛзбен қойды да.
 
Сен қалай досым, ойладың қауіп, кенеттен,
 
Сол түске бола, жан досым менің, мойыма.
 
 
Жақсы ғой түсің, қорқыныш кӛптеу болса да,
 
Кӛресің түсті басыңа бақыт қонса да.
 
 
Уайым ету еншісі ол бір тірліктің,
 
Бір түске бола батырым неге жүн жықтың.
 
Табынып алып, жалынып алып сұралық,
 
Тәңірден сұрап кешірім алам, жүр мықтым.
 
 
Еттік қой еңбек Тәңірлер бізді тастамас,
 
Шашайын алтын жолына оның жасқамас.
 
 
Бұлардың сӛзін естіді Шамаш кӛктегі...
 
Естіген сӛзін... Ал зары бірақ жетпеді...
 
 
Тек қана Шамаш Кӛмешке тоқтау айтады:
 
 
«Тәңірлер сӛзін ешқашан қайтып алмайды,
 
Шашылма босқа, ӛмірі адам ӛтпелі...
 
 
Тағдыры адам, әу баста солай, ӛледі...
 
Ӛлімнің
 
қаупі
 
кенеттен басқа тӛнеді...»
 
 
Елкелді батыр жатқанда жалғыз, бір түнде,
 
Ауру боп тәнге дерті де оның енеді.
 
 
Тағдыры адам –
 
күн сайын ғұмыр кемірген...
 
Басына түспей, сезе ме адам, не білген...
 
Елкелді жаны, тәні де сезді сұмдықты,
 
Жаралы жүрек, қайғыға еріп, егілген.
 
 
Жегідей жеген, ашады сырын, досына;
 
Тыңдашы досым ӛмірден ӛту осы ма?
 
Тағы да кӛрдім бір түсті тура ӛңімдей,
 
Қайғыға
 
тағы бастады қайғы қосыла.
 
 
Күркіреп аспан, жер жатыр қорқып, дірілдеп,
 
Дегендей қырам, қалмайсың тірі бірің деп.
 
Ортада тұрмын, аспан мен жердің арасы,
 
Секілді ем ӛлік, ӛлгендер қалай тірілмек?
 
 

 
92 
 
Түр
-
түсі суық бір кісі бүркіт секілді,
 
Тырнақпен бүрді басымды, терім, кекілді.
 
Тұяғы бүркіт, қанаты қыран –
 
самұрық,
 
Қан
 
жауып кетті аяулы менің бетімді.
 
 
Шашымнан сілкіп, барады қысып құшағы,
 
Еркімді алды, арқансыз мені тұсады.
 
Ұрып
 
ем менде, тұрғаны мұрты қисаймай,
 
Ӛгізідей қуат, қыл бұрау сала қысады.
 
 
Соғады мені, соғады тағы, қағынды,
 
Жалындым саған құтқар деп мені, жалындым.
 
Не болған саған, ақырын күтіп тұрдың тек,
 
Дүлейден қорқып, күреспей оған бағындың.
 
 
Тигізді қолын, айналдым кенет торғайға,
 
Батырды мендей о жерде солай қорлай ма?
 
Құс
 
етіп мені құрдымға қара кіргізді,
 
Мықтылар ӛлсе о жақта солай сорлай ма?
 
 
Ол жерге кірген із бар да, жол жоқ шығатын,
 
Ешкім жоқ кӛрген, ой керек бұны ұғатын.
 
Жарықсыз мекен, әлемді түгел сыйғызған,
 
Ас
-
сусыз мекен, денеге ас боп жұғатын.
 
 
Киім жоқ онда, шетінен бәрі қанатты,
 
Соңғы рет со күн ақырғы маған таң атты.
 
Мүрденің күлі, тозаңы күнә, құлыпты,
 
Кӛрімнен менің –
  
алмадым байқай жәннәтты.
 
 
Кіргізген жері –
 
жарықсыз, шаң мен күл кілең,
 
Тозаңға бәрі айналған мүрде мүлгіген.
 
Жұп
-
жуас бәрі, тірлікте алтын тақтылар,
 
Дейтіндер ӛзін ӛмірдің кӛркі, дүлдүлі ем.
 
 
Тәңірлер тӛрде –
 
ет пенен майды тартады,
 
Наны да керім,  бетінде оттың сар табы.
 
Әкеліп
 
жатыр: сусынды, балды, барлығын,
 
Тӛрт елі қазы,  жаяны, тағы қартаны.
 
 
Сыйқыршы жанның, сәуегей
 
жұрттың тұрағы,
 
Бұл үйде тағы отырды сыйқыр қырағы.
 
Эрешки Тәңір, Сумукан, Этан Тәңірлер,
 
Қыздар
 
жүр хатшы, орындап олар сұрағын.
 

 
93 
 
 
Саз кітап қолда, тағдыры сонда халықтың...
 
Кӛрді де мені деді ол жатпай налып тым:
 
 
«Жеңіпті ӛлім ғажап
-
ай, мына, алыпты»...
 
 
«Бӛлісіп едік тірлікте  арман, күшімді,
 
Есте ұста мені, ұмытпа менің ісімді. 
 
Сол түстер менің жоқ етті қайрат, еркімді,
 
Ғұмырым
 
менің келте боп міне пішілді.
 
 
Елкелді жатыр, дертті боп, аурып тӛсекте,
 
Бірінші күні, екінші күні... есепте.
 
Үшінші
 
және тӛртінші тағы бесінші,
 
Зулайды күндер, күн ұзақ, қанша, десек те.
 
Алты мен жеті, сегіз бен тоғыз, оныншы,
 
Елкелді әл жоқ, ұлғайды дерті, тӛсекте.
 
Он бір күн қиды Тәңірлер оған, он екі,
 
Мезгіл де жетті, ақыры, Кӛкте ӛлшенген,
 
Жан ашып оған уайым
-
қайғы
 
жесекте.
 
 
Соңғы рет батыр тӛсектен басын кӛтерді...
 
Соңғы сӛз болды жалғаннан мынау ӛтерде:
 
 
Қайырым
 
қылар
 
бәріне адам бірі едің,
 
Ұмытты
 
қалай
 
досыңды мендей жүрегің?
 
Ұрықта
 
досым, болып ең ӛзің тірегім,
 
Жабайы жаннан адам боп, солай түледім...
 
 
Сенімен Мен де, патша да бай да теңесер,
 
Депті ғой бабаң –
  
«ӛзекті жанға бір ӛлім»...
 
 
 
Поприще –
 
расстояние двух часов ходу по ровной дороге.
 
«Стер бы мое имя, свое написал бы...» Стерший надпись с чьим
-
либо 
именем навлекает на себя проклятье.
 
Иркалла –
 
одно из имен божества, царя переисполней.
 
Этана  –
 
герой  легенды  о  полете  на  небо  с  помощью  орла,  первый 
царь.
 
 
 
 
 
 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет