Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов


Досметова Ю. А., Жақсылықова г. С



Pdf көрінісі
бет29/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57

Досметова Ю. А., Жақсылықова г. С.– студенттер, «Менеджмент» мамандығы

АҚ «Қаржы Академия»

1701.86@mail.ru

Ғылыми жетекшісі: магистр, оқытушы Байтуова Л. Т.



КӘСІПОРЫННЫҢ МеНШІКТІК КАПИТАл еСеБІ ЖӘНе 

ОНЫ ПАЙДАлАНУ ТИІМДІлІгІН ТАлДАУ

Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты 

мақсаты – пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе 

– ол капиталдың жеткіліктілігі.

Ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақты-

лығына әсер ететін бірден-бір экономикалық категория ол-меншікті капитал.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айна-

лысу үшін міндетті түрде белгілі-бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің 

ақшалай  көрінісі  үйымның  меншікті  капиталы  болып  табылады.  Меншікті  капиталдың 

есебі бухгалтерлік есепте ең бір негізгі орын алады, өйткені ұйымның шаруашылық қы-

зметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржыландыру көзі ол – ұйымның меншікті ка-

питалы. Ал меншікті капиталдың талдауын жүргізу – меншікті капиталдағы өзгерістерді 

орынды бақылап, ұйымның қаржылық тұрақтылығын сақтап қалуға әсер етеді.

Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес  кәсіпорындар  өзінің  құрылуы  барысында, 

яғни  шаруашылық  қызметпен  айналысу  үшін  белгілі-бір  мөлшерде  мүліктерге  ие  болуы 

тиіс. Осы мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншік-

ті капиталы болып саналады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы 

яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың ак-

тивінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Кәсіпорын  мүлкінің  құрамы  айналыстан  тыс  және  айналыстағы  активтер  болып  екіге 

бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі активтер» және «айналымдағы 

активтер» деп екіге бөлінеді.

Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық инвести-

циялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпо-

рынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға не-

гізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша-қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық 



206

салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа активтер жа-

тады. Кәсіпорын мүліктерінің құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен 

айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері 

болып мыналар саналады:

– жарғылық капитал;

– резервтік капитал;

– бөлінбеген табыс;

Кәсіпорынның жарғылық капиталы – қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан 

құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толты-

руға  және  ағымдағы  табыс  жеткіліксіз  болған  жағдайда,  дивиденттерді  төлеуге  арналып 

кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі.

Бөлінбеген пайда (табыс) – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығын-

дарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағытарға пай-

даланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.

Жарғылық капиталдың есебі. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұй-

ымның шығарған акцияларының түрлері, акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның 

атаулы  (номиналдық)  құнына  сәйкес  акционерлік  қоғамның  серіктестіктердің,  өндірістік 

кооперативтердің  жалпы  жиналысында  бекітіледі.  Жалпы  кез-келген  ұйымның  жарғысы 

тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. 

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5020-шы «Жай ак- циялар», 5010-шы 

«Артықшылығы бар акциялар», 5030-шы «Салымдар мен жарналар» шоттары енетін 5000-

ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлім- шесінде жүргізіледі. 

5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» шот- тарының кре-

диті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салы- натын салымдары бой-

ынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 5110-ші «Төленбеген капитал» 

шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған  акциялардың  немесе  жарналардың  номиналдық  құны  төленсе,  онда  ол: 

1030;1010 дебеті бойынша және 5110 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Егер  де  шығарылған  акциялардың  номиналдық  құны  негізгі  құралдармен,  материал-

дық құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттеліп: 

2730;2410;1310;1320;1330;1350 және 5110 шоты кредиттеледі.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капиталда азаяды, де-

мек: 5030 шоты дебеттеледі де, 1030, 1010, 2730, 2410, 1310, 1320, 1330 шоттары кредиттелінеді.

Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5020, 5010 шотта-

ры дебеттеледі де, «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі. Капиталдың қозғалысы бой-

ынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып 

саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген  капиталдың  есебі.  Төленбеген  капиталдың  есебін  жүргізу  үшін  5110-шы 

«Төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шару-

ашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы 

туралы ақпарат жинақталады.

5110  «Төленбеген  капитал»  шоты  шоттардың  Бас  жоспарында,  «Меншік  капиталы» 

ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарын- да болса да, ол өзінің 

табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Жарияланған  (белгіленген  тәртіппен  тіркелген)  жарғылық  қор  сомасына  5110-шы 

«Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 5000-шы «Жарғылық капитал» бөлімшесінің 

шоттары – 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар» (акционер-

лік қоғамдарда) және 5030-шы «Қосқан үлестер және жарналар» (серіктестіктердің акцио-

нерлік қоғамдардан басқа түрлерінде) шоттары кредиттеледі.



207

Қайтарылып  алынған  капиталдың  есебі.  Акционерлік  қоғам  акцио-  нерлердің  жалпы 

жиналысында акциялардың номиналдық құнын, не жалпы акцияның шығарылуы көлемін 

қысқарту жөнінде шешім қабылдауына құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бой-

ынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Қосымша төленген капиталдың есебі. Қосымша төленген капитал дегеніміз – акционерлік 

қоғам өз акцияларын олардың атаулы бағасынан жоғары бағаға сату нәтижесінде түскен со-

масы. Мұндай капиталдың есебі 5030-ші «Қосымша төленген капитал» шотында жүргізіледі.

Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 5030 шоты кредиттеліп, мына шоттар дебеттеледі: 

1010, 1030.

Сатылған  акциялар  бойынша  шоттарды  төлеуге  ұсынған  кезде  сатылған  акциялардың 

тұрақты құны 1280-шоттың дебеті мен 6210-шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.

Қосымша  төленбеген  капиталдың  есебі.  Капиталдың  бұл  түрініңесебі  үшін  5400-шы 

«Қосымша төленбеген капитал» бөлімшесінің шоттары арнал- ған. Бұл бөлімшенің қатары-

на мынандай синтетикалық шоттар кіреді:

5420-шот «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған қосымша төленбеген капитал»; 

5430-шот  «Инвестицияларды  қайта  бағалаудан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»; 

5460-шот «Басқа да қосымша төленбеген капи- тал» . 5400-ші «Қосымша төленбеген капи-

тал» бөлімшесінің шоттарында құн- сыздануға байланысты негізгі құралдарды, инвести-

цияларды және басқа актив- терді қайта бағалаудан алынған капиталдың қалдықтары мен 

қозғалысы туралы ақпарат жинақталады.

Резервтік капиталдың есебі. Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да 

тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Ре-

зервтік капитал субъектінің негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы 

табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді жабуға пайдаланылады. 

Резервтік капиталды құру және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолда-

ныстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қа-

ражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорын-

ның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті 

шоттарында жүргізіледі: 5410-шы «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 5460-

шы «Басқа да резервтік капитал».

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі. Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюд-

жетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төле-

геннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы» болып табылады. Ұйымдарда 

«бөлінбеген табыстың» есебі бухгалтерлік есептің  Бас есеп-жоспарындағы 5500 бөлімше-

сіндегі шоттарында жүргізіледі.

5510-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы»

5520-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы»

Жиынтық табыстың (зиянның) есебі. Есепті кезеңнің жиынтық табысын немесе зиянын 

есепке алу үшін 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотын пайдаланады. Егер де кәсіпорын та-

бысты болса, онда шот пассивті, ал кәсіп- орынның келтірілген пайдасынан гөрі залалы көп 

болса, онда шот активті бо- луы мүмкін.

Жыл  ішіндегі  әртүрлі  қызмет  түрлерінен  түскен  табыстар  6000-шы  «Не-  гізгі  қызметтен 

түскен табыстар» бөлімшесінің 6010 шотында, 6200-шы «Негізгі емес қызметтен түскен табыс» 

бөлімшесінің 6210-6280 шоттарында, 7000-шы «Сатылған тауарлардың өзіндік құны» бөлім-

шесінің шоттарында, оған 7010 шоты кіреді, сондай-ақ 7110, 7210, 7410, 7470, 7710, 7510, 7610 

шоттарында жыл бойы жалпы алынған табыстан алынатын шығыстар жинақталады.       

Талдау  жүргізгенде  баланс  активінің  құралу  көздерін  талдау  керек.  Бұл  кезде  кәсіпорын 

мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға 

алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті ка-

питал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 



208

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі 

қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капи-

тал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған 

капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. 

Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылукөздерін шек-

теу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір 

кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, 

ол банктердің қысқа мерзімді активтерімен және коммерциялық несиелермен жабылады.

Кез-келген ұйымда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің не-

гізгі және басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді 

есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты 

етіп  бөліп  жұмсауға,  яғни  кәсіп-  орындардағы  шаруашылық  үдерістердің  барлығын  ба-

сынан соңына дейін есептеуге болады. 

Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, 

сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығының да есепке алынуы экономикалық 

талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Әдебиеттер тізімі:

1. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Кеулімжаев Қ.К, Алматы 2004ж.

2. «Аудит негіздері» Абленов Д.О, Алматы 2005ж. 

3. «Қаржылық есеп» Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева Ж.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева 

А.А., Алматы 2001ж.

4. «Бухгалтерлік есеп» Радостовец В.К., Габдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., 

Алматы 2003ж.

5. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп принциптері» Әбдіманапов Ә. Алматы 2006ж.



ерназарова Д. Қ. – магистрант, специальность «Учет и аудит»

АО «Финансовая академия», г.Астана

Di.lady@inbox.ru

Научный руководитель: к.э.н. Акимова Б.Ж.



СУЩНОСТЬ И ФОРМЫ РАСЧеТНЫХ ОПеРАцИЙ В СООТВеТСТВИИ С МСФО

Одним из важнейших моментов расчетных операций между покупателями и поставщика-

ми, между заказчиками и подрядчиками является нормативно – правовая база. Все действия 

руководящего  персонала  предприятия,  связанные  с  финансово-хозяйственной  деятельно-

стью должны опираться на Кодексы, Законы, стандарты, приказы, инструкции, норматив-

ные акты РК. Бухгалтерский учет в республике организуется в соответствии с Междуна-

родными стандартами учета и отчетности. В перечне МСФО нет конкретного стандарта, 

регламентирующего учет расчетных операций с покупателями и заказчиками, дебиторской 

и кредиторской задолженностей как таковых. Положения учета расчетных операций выте-

кают из ряда отдельных МСФО (IAS) 18, МСФО (IAS) 11, МСФО (IAS) 32 и МСФО (IAS) 

39 и т.д., вопросы учета, так или иначе, затрагиваются практически во всех стандартах. 

МСФО(IAS)  18  «Выручка»  регламентирует  порядок  учета  выручки,  возникающей  от 

определенных видов сделок и событий, как то: продажа товаров;  предоставление услуг; и 

использование другими сторонами активов компании, приносящих проценты, лицензион-

ные платежи и дивиденды. В соответствии с данным стандартом, выручка от продажи то-

варов должна признаваться тогда, когда удовлетворяются все перечисленные ниже условия:

– компания перевела на покупателя значительные риски и вознаграждения, связанные с 

собственностью на товары; 



209

– компания больше не участвует в управлении в той степени, которая обычно ассоцииру-

ется с правом собственности, и не контролирует проданные товары;

– сумма выручки может быть надежно оценена;

– существует вероятность того, что экономические выгоды, связанные со сделкой, посту-

пят в компанию; и

– понесенные или ожидаемые затраты, связанные со сделкой, могут быть надежно оце-

нены [1, стр.188].

МСФО (IAS) 39 «Финансовые инструменты – признание и оценка» применяется к товар-

ным контрактам (договорам), которые предоставляют право сторонам произвести расчеты в 

денежной форме или с помощью какого-либо другого финансового инструмента, за исклю-

чением товарных контрактов, заключенных с целью удовлетворения ожидаемых потребно-

стей компании в закупках, продажах или потреблении,  предназначенных для этой цели с 

самого начала и исполняемых путем поставки товара.

Порядок раскрытия информации в финансовой отчетности по дебиторской задолженно-

сти излагается в МСФО (IAS) 32 «Финансовые инструменты – раскрытия и представление 

информации» (Financial Instruments: Disclosureand Presentation) [2, стр.24].

Чтобы актив или обязательство были признаны таковыми, необходимо одновременное 

соответствие следующим критериям:

– существует высокая вероятность получения или оттока экономических выгод, связан-

ных с данным активом или обязательством; 

– стоимость актива или обязательства может быть надежно оценена.

Кредиторская задолженность и дебиторская задолженность оцениваются одним из сле-

дующих методов: исторической стоимости; справедливой стоимости; чистой стоимости ре-

ализации; амортизированной стоимости. 

При первоначальном признании задолженность оценивается по справедливой стоимо-

сти, включая затраты по совершению сделки, которые напрямую связаны с приобретением 

или выпуском финансового актива или финансового обязательства. После первоначального 

признания – оцениваются по амортизируемой стоимости с применением метода эффектив-

ной ставки процента. При этом, под амортизируемой понимается стоимость финансового 

актива или обязательства, которая была определена при его первоначальном признании, за 

вычетом стоимости его погашения, суммы накопленной амортизации, начисленной с разни-

цы между первоначальной стоимостью и стоимостью на момент погашения.

Согласно гражданскому законодательству права и обязанности могут возникнуть из до-

говоров и иных сделок в результате создания или приобретения имущества и по иным об-

стоятельствам, предусмотренным ст. 7 Гражданского кодекса РК.

Нурсеитов Э.О. дает следующие определения дебиторской и кредиторской задолженно-

сти – дебиторская и кредиторская задолженности представляют собой права и обязанности 

организации соответственно, т.е. право истребовать или обязанность погасить долг[4, c.95]. 

Лебедев К.Ю. с точки зрения экономической сущности рассматривает кредиторскую за-

долженность как часть имущества организации (денежные средства, товарно-материальные 

ценности) [5, с. 30]. С точки зрения правой категории  –  особая часть имущества органи-

зации, являющаяся предметом обязательственных правоотношений между организацией и 

ее креС финансовой точки зрения кредиторская задолженность является формой заемного 

капитала, используемого предприятием в процессе своей хозяйственной деятельности. Рас-

смотрим особенности данной формы:

1.Пользование  заемными  средствами  в  форме  кредиторской  задолженности  является 

беспроцентным, т.е. бесплатным, что влияет на стоимость капитала организации. 

2.Между величиной кредиторской задолженности и продолжительностью финансового 

цикла существует тесная взаимосвязь. Чем выше относительный размер кредиторской за-

долженности, тем меньше объем средств предприятию необходимо привлекать для текуще-

го финансирования своей хозяйственной деятельности.



210

3.Величина кредиторской задолженности и объемы деятельности организации находятся 

в прямой взаимосвязи, т. е. рост объемов производства и  реализации продукции увеличива-

ет расходы предприятия, учитываемые  в составе кредиторской задолженности.

Кредиторская задолженность возникает вследствие несовпадения времени оплаты за то-

вар или услуги с моментом перехода права собственности на них либо незаконченных рас-

четов по взаимным обязательствам. Согласно требований МСФО (IAS) 1 «Представление 

финансовой отчетности» (Presentation of Financial Statements) в балансе должны раскры-

ваться статьи: торговая и прочая дебиторская задолженности; торговая и прочая кредитор-

ская задолженности; оценочные обязательства; финансовые обязательства (лизинг); обяза-

тельства по текущему налогу.

Экономическая сущность кредиторской задолженности состоит в том, что это не только часть 

имущества организации, как правило, денежные средства, но и запасы. Организация владеет и 

пользуется кредиторской задолженностью, но она обязана вернуть или выплатить данную часть 

имущества кредиторам, которые имеют права требования на нее. Кредиторская задолженность 

имеет двойственную природу: как часть имущества она принадлежит организации на праве вла-

дения или даже праве собственности относительно полученных денег или вещей; как объект 

правоотношений – это долги организации перед кредиторами, лицами, управомоченными на 

истребование или взыскание от организации указанной части имущества.

Таким образом, дебиторская и кредиторская задолженность – это следствие системы де-

нежных расчетов между организациями, при которой всегда имеется разрыв времени пла-

тежа с момента перехода права собственности на товар, между предъявлением платежных 

документов к оплате и временем их фактической оплаты.

Список литературы:

1. Жуматов М.К., Толеутаева З.К., Гребенщикова Е.С., Садиева А.С., Акимова Б.Ж., Тлеуова 

Э.М. Бухгалтерский учет в соответствии с международными стандартами финансовой отчетно-

сти. Учебное пособие (четвертое издание). АО «Центр подготовки, переподготовки и повыше-

ния квалификации специалистов органов финансовой системы» – Астана, 2012.- 318 с.

2. Куприянова Т.А. Учет и контроль расчетов предприятия. Автореферат диссертации на 

соискание ученой степени кандидата экономических наук. Санкт-Петербург, 2008

4.  Нурсеитов  Э.О.  Бухгалтерский  учет  в  организациях  /  Учебное  пособие.  –  Алматы, 

TОО «Издательство LEM», 2009. – 444 с.

5. Лебедев К.Ю. Понятие, состав и правовой режим кредиторской задолженности // Хо-

зяйство и право.  –  2009.  –  № 11.  –  С. 30 – 36.

ескен А. Қ. – студент, мамандығы «Есеп және аудит»

«Қаржы академиясы» АҚ, Астана қ.

ainur_eskenova@mail.ru

Ғылыми жетекші – э.ғ.к. Садуакасова К.Ж.



КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАлЫҚ ТАлДАУДЫ АҚПАРАТПеН 

ҚАМТАМАСЫЗ еТУ ЖӘНе ҰЙЫМДАСТЫРУ еРеКШелІКТеРІ

Табиғат  және  қоғамдық  өмірдің  құбылыстарын  зерттеп  білу  талдау  жүргізбей  мүмкін 

емес. «Талдау» деген атаудың өзі грек сөзінің «analyzis» деген сөзінен пайда болған, ау-

дарғанда «бөлемін», «бөлшектеймін» деген мағынаны білдіреді. Яғни, зерттеліп отырған 

заттың, құбылыстың, процесстің ішкі мәні мен мазмұнына қарауға және оның әрбір бөлше-

гінің рөлін анықтауға мүмкіндік береді. Экономикалық талдау ақпарат жинақтау мен шешім 

қабылдау арасындағы орынды алады. Ақпарат мұқтаждығы мен талдау арасында өзара бай-

ланыстылық бар. Ақпарат мазмұны мен көлемі талдаудың міндеттері мен көлемін анықтай-

ды, талдау барысында алынған мәліметтер жаңа ақпараттарға мұқтаждықты пайда етеді. 


211

Талдау нәтижелері бойынша қызметке баға беріледі, оның кемшіліктері, резервтері анықта-

лады, оларды жою жолдары көрсетіледі. Осы істің сәттілігі басқарушылық шешімдердің 

дұрыстығы мен уақыттылығына байланысты болады. Өндіріс дамуының себептік-фактор-

лық байланыстары туралы ақпарат неғұрлым сапалы және пайдалануы неғұрлым дер кезін-

де болған сайын талдау ықпалы соғұрлым жоғары болады. Кәсіпорынның өндірістік-ша-

руашылық қызметінің бүкіл кешенін қамти отырып, шаруашылық қызметті экономикалық 

талдау жаңа идеялар мен мақсаттардың қойылуына әкеп соғуы керек, оларға жету жолдары 

мен құралдарын көрсетуге тиіс. Жақсы жүргізілген талдау тіпті жоғары қарқынмен дамып 

келе жатқан кәсіпорын басқармасын иллюзияларынан арылуға көмектесіп, дамудың жаңа 

бағыттарын көруге мүмкіндік береді.

Экономикалық  талдау  нормативтік,  статистикалық,  бухгалтерлік  және  жедел  мәлімет-

тердің,  алғашқы  құжаттардың,  сонымен  қатар  мамандандырылған  фирмалардың  жүйесі 

ретінде қарауға болатын түрлі ақпаратқа негізделген. Шаруашылық қызметті экономикалық 

талдаудың мазмұны – бұл сәйкес ақпарат көздерін пайдалана отырып кәсіпорын қызметінің 

бүкіл тараптарын кешенді зерттеу, ішкі өндірістік резервтерді анықтау және оларды кәсіпо-

рынның тиімді қызмет етуі үшін шоғырландыру. Талдауға қолданылатын ақпараттың құра-

мы, мазмұны және сапасы экономикалық талдау шынайылығын қамтамасыз етуде маңызды 

орын  алады.  Талдау  тек  экономикалық  деректермен  шектелмейді,  сонымен  қатар  техно-

логиялық,  техникалық  және  басқа  ақпараттардан  да  тұрады.  Экономикалық  талдау  үшін 

ақпараттар көзі нормативтік-жоспарлы, есептен тыс және есептік болып бөлінеді. Норма-

тивтік-жоспарлы көздерге өндірісте құрылатын барлық типтік жоспарлар жатады, сонымен 

қатар  нормативтік  матреиалдар,  қаржы  есебі,  баға  көрсеткіштері  кіреді.  Ал  есептен  тыс 

ақпарат көздеріне шаруашылық қызметін басқаратын, сонымен қатар алдында айтылған-

дарға жатпайтын құжаттар жатады. Нақтырақ айтсақ:

– Өзінің қызметтік шаруасында қолдануға міндетті ресми құжаттар: мемлекеттің заңдары, 

президент жарлығы, үкіметтің және жергілікті басқару органдарының қаулылары, жоғарғы 

басқару органының бұйрықтары, шаруашылық басшысының бұйрықтары мен өкімдері;

– Шаруашылық-құқықтық құжаттар: шарт, келісім, сот органдарының шешімі;

– Ұжым жиналысының шешімдері;

– Техникалық және технологиялық құжаттамалар;

Жекелеген жұмыс орындарындағы өндірістің жағдайын арнайы зерттеу материалдары.

Сонымен қатар, ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне ведомство ішілік және тыс тек-

серулердің, сыртқы және ішкі аудиттің, салық органдарының тексерулерінің, тұрақты өн-

дірістік мәжілістердің, баспасөз беттерінде жарияланған, түсіндірме және баяндау жазбала-

рының материалдары, контрагенттермен хаттар, жарнама және кәсіпорынның техникалық 

және технологиялық құжаттары жатады.

Экономикалық  талау  жүргізудің  есептік  дереккөздеріне  шаруашылық  құбылыстарды, 

үрдістер және олардың қорытындыларын неғұрлым толық баяндайтын бугалтерлік есеп және 

есеп  берулер;  жаппай  құбылыстар  мен  үрдістердің  сандық  мәліметтерінен  тұратын  және 

экономикалық заңдылықтарды анықтайтын статистикалық есеп және есеп берулер; қажетті 

мәліметтермен қамтамасыз ететін және талдаудың тиімділігіне жағдай жасайтын жедел есеп 

және есеп берулер; кәсіпорынның салықтық міндеттемелерінің түрлі бюджет деңгейлерінде 

толықтығын талдауға және уақытылы орындалуына мүмкіндік беретін салықтық есеп беру-

лер және таңдаулы есеп мәліметтері жатады. Талдауды ақпаратпен қаматамасыз етуде бухгал-

терлік есеп маңызды орын алады, өйткені онда шаруашылық құбылыстары, процесстері және 

олардың нәтижелері көрсетілген. Есеп құжаттарындағы деректерді уақытында және дұрыс 

талдау экономикалық талдау нәтижесінің қорытындысына оң ықпалын тигізеді. 

Талдауды  ақпаратпен  қамтамасыз  етуді  ұйымдастыруға  бірнеше  талаптар  қойылады. 

Олар ақпараттың аналитикалығы, объективтілігі, бірлігі, жеделдігі, рационалдығы. Талда-

уға жиналған ақпарат ең алдымен дұрыстыққа тексерілуі қажет. Ол екі жақтан тексеріледі. 


212

Біріншіден, ақпарат толықтығы, жоспарға сайлығы, дұрыс рәсімделуі тексерілсе, екінші-

ден, талдауға қолданылатын барлық деректердің мәні, яғни олардың шындыққа жақындығы 

тексеріледі.  Деректерді аналитикалық өңдеу – бұл тікелей талдау. Сондықтан да ол ана-

литик жұмысының ең жауапты кезеңі болып есептеледі. Нарықтық қатынасқа көшкеннен 

кейін аналитикалық ақпаратқа сұраныс анағұрлым өсе түсті. Бұл биснес-жоспарлар, қысқа 

мерзімді және ұзақ мерзімді басқару шешімдерін құруға байланысты. Осыған байланысты 

аналитикалық есептерді автоматтандыру объективті қажеттілікке айналды. Қазіргі уақыт-

тағы қолданыстағы барлық есептеу машиналары, кәсіпорын және ұйымдардағы барлық эко-

номикалық ақпараттарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Аналитикалық есептерді ав-

томаттандырудың мәні мынада: біріншіден, экономист-аналитиктің жұмысының өнімділігі 

артады, олар техникалық жұмыстардан босайды және көбірек шығармашылық жұмыстар-

мен айналысады, яғни тереңірек зерттеу жұмыстарын жүргізу және күрделі экономикалық 

міндеттерді шешуге уақыт бөлу мүмкін болады. Екіншіден, тереңірек зерттелетін экономи-

калық құбылыс және процесстердің факторлары толығырақ зерттеліп, өндірістің тиімділігін 

арттыру қорларын анықтауға болады. Үшіншіден, талдаудың жеделдігі және сапасы жоға-

рылайды, сонымен қатар оның деңгейі және анықтығы жақсарады. Экономикалық талдау 

өнеркәсіптің өндіріс – шаруашылық қызметін кешенді қамти отырып, нәтижесінде жаңа ой-

лар мен мақсаттарды ұсынуды, оларға қол жеткізудің тәсілдерін дайындап және баға беруді, 

оларды дамытудың сәйкес стратегиялық бағыттарын жүзеге асыруда басшылардың дұрыс 

шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Дюсембаев К.Ш. Кәсіпорын қаржылық жағдайының анализі Алматы, 1998

2. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой 

отчетности. – Алматы, 1998

3. Савицкая Г.В.  Анализ хозяйственной деятельности  предприятия 1998

4. Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализа, Финансы и статистика 2000 

5. www.rmeb.kz

6. www.wikipedia.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет